Таным

Өзін өзі жетілдірудің жолдары мен түрлері

Өзін өзі жетілдірудің сан түрлі тәсілдері

Өзін өзі жетілдіру адамды биікке жетелейді. Кәсіпқойлар өздерін жетілдіруді бір күнге де тоқтатпайды. Күнделікті жаттығулар мен әдеттер оларды жақсарта түседі. Өзін өзі жетілдірудің бірнеше түрі бар. Оларды ұстану арқылы сіз де жетістікке жақындайсыз.

Физикалық

Қарапайым тамаққа бет бұрыңыз. Фаст фудтан бас тартыңыз. Уақытылы тамақтанып, ұйықтаңыз. Үстел басынан сәл қарын ашқан сезіммен тұрыңыз. Тойып тамақтану асқазанға ауыр. Жаттығуларды күніне үш рет қайталаңыз. Оның ұзақтығы маңызды емес. Таза ауамен тыныстауды ұмытпаңыз. Серуендеу қан айналымын жақсартады. Күн сәулесі адам денсаулығына пайдалы. Суды көп ішіңіз. Өзіңізді еркін сезінетін киімдерді таңдаған дұрыс. Ерте ұйықтап, ерте ояныңыз. Бұл уақытыңыздың көп болуының кепілі.

Ақыл-ой

Ойлау жүйеңізді қалыпқа келтіріңіз. Артық ақпарат миыңызға артық күш түсіреді. Өзіңізден ақылды адамдардан білім алыңыз. Назар аударып тыңдай білу жақсы қасиет. Бойыңыздағы осы қасиетті шыңдаңыз. Газет пен кітап оқудан жалықпаңыз. Олардан маңызды ақпарат аласыз. Жадыңызды жаттықтырыңыз. Есте сақтау қабілетінің жақсаруы ақпаратты жақсы қабылдауға көмектеседі. Ешқандай себепсіз уайымдауды қойыңыз. Бұл жүйке жүйеңізге зиян. Мәселені екі жақты қарастырыңыз. Жақсы мен жаман жағын салыстырыңыз. Сырттан келетін көмектен аулақ болыңыз. Өз ақылыңыз бен интуицияға сенім артқан жөн.

Мораль

Шындыққа әрқашан тура қараңыз. Әділетсіздікке назар аудармауға тырысыңыз. Көп демалуға ұмтылыңыз. Физикалық шаршау сізге барлық жағынан әсер етеді. Демалыс – дұрыс шешім қабылдаудың кепілдігі. «Жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Өзіңізге қажетсіз дүниелерден бас тартқан жөн. Өз ережелеріңізбен өмір сүргеніңіз абзал. Жақсы әдеттерді үйреніп, жаманнан жиреніңіз.

Қаржы

Өз табысыңызды ұлғайтуға әрекет жасаңыз. Шығындарды азайтуды қолға алыңыз. Ақшаны барынша банкте сақтаған жөн. Қолдағы ақшаның қайда кеткенін есептей алмайсыз. Ақша ақшаны жасайтынын ұмытпаңыз. Өз салаңызды зерттеп, кәсібіңізді жүргізіңіз. Барлық есепті қолма-қол ақшамен жүргізген дұрыс.

Әлеуметтік

Жаныңызға тек жақсы жандарды жинаңыз. Олардан үйренеріміз көп. Өзіңіз сенбейтін адамдармен серіктестік орнатпаңыз. Олар сізді алдап кетуі мүмкін. Жалғыз болып-ақ бақытты болуға үйреніңіз. Кейде мұның да пайдасы тиеді. Өз мәселеңізді ешкімге сеніп тапсырмаңыз. Барлық шешімді өзіңіз қабылдаған дұрыс. Көп қаражат жұмсамай демалыңыз (серуендеу, кітап оқу, фильм тамашалау). Қайырымдылық жасаңыз. Көршілеріңізбен тату болу да сізге пайдалы болуы мүмкін.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!