Біліп жүр

«Асан» фильмі Ташкенттен жүлдемен оралды

Фестивальге 280-нен астам өтінім түскен

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Асан» фильмі Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында қарашаның 27-і мен 30-ы аралығында өткен 4-ші Халықаралық PROlogue кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Режиссері – Берік Жаханов.

«Асан» фильмі фестивальдің қысқаметражды фильмдерге арналған конкурстық бағдарламасы шеңберінде көрсетілді. Кинотуынды әкесін ақтық сапарға шығарып салуға жолға шыққан бозбала туралы баяндайды.

— Мен өте қуаныштымын. Маған сеніп, қолдау білдіргендері үшін «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына алғысымды айтамын. Бұл жүлде мен үшін үлкен мотивация, — деді марапаттау салтанатында жас режиссер Берік Жаханов.

Кино тарихындағы ең қымбат фильмдер

Жалпы фестивальдің халықаралық байқауына қатысуға 60 елден 280-нен астам өтінімдер келіп түскен екен. Нәтижесінде конкурстық бағдарламаға 13 елден келген (АҚШ, Польша, Франция, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және т.б.) 31 кинотуынды іріктеліп алынды.

Халықаралық қысқаметражды фильмдер конкурсының қазылар алқасын танымал өзбек режиссері Аюб Шахобиддинов басқарды. Бұл қазылар алқасының құрамына продюсер Фабио Канепа (Италия), актер Филипп Рейнхардт (Швейцария), қоюшы оператор Макс Тцуи (Германия), киносыншы Гульбара Толомушова (Кыргызстан) кірді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!