Илон Маск — Space X және Tesla компаниясының негізін қалаушы. Оны көпшілігі заманынан асып туған данышпаны деп есептейді. Ол адамның ойына келмейтін идеяларды дүниеге әкеледі. Және оны өте тез жүзеге асырады. Канадалық-америкалық инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор, миллиардер.
Өзге ғаламшардан қала тұрғызуды армандайтын Илон Масктың жасампаздық, жетістік туралы ойларын назарларыңызға ұсынамыз.
Ұлылық — қарапайымдылықта!
1. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні өзіміз белгілеген шекарадан шығуға тура келеді. Немесе қоршаған, тар, көкжиек шеңберімізді кеңейтеміз, немесе өзгеріссіз өлуге мәжбүр боламыз.
2. Осы күні көптеген ірі баспасөз құралдары бір ғана сұраққа жиі жауап іздеуге тырысады: «Бүгін жер бетінде қандай жаман жағдай орын алды?».
«Қандай жақсылық болды?» — деген сұрақ бірінші орында емес. Өкінішті…
3. Зымыраннан қымбат ештеңе жоқ. Негізі адамдар оны бұрын өте әлсіз, арзан дүниелерден жасаған еді. Бірақ тиімсіз жолмен жасаған соң өте күрделі, қымбат болып көрінді және солай бағаланды.
4. Егер сіз миллион доллардың иесі болсаңыз, онда бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Өзгелер сізге жағыну үшін өрескел өтірік айтады. Бірақ маған олай ұнамайды. Қарапайым өмір сүрсем деймін. Сол үшін де, мен күн сайын және демалыс күндері жұмыс істеймін, бірнеше жылдан бері демалысқа шыққан емеспін.
Жаңалық аш! Жеңіске жет!
5. Біз өзіміз жақсы көретін дүниеге қалай қол жеткізуге болатынын ойлауымыз керек. Сол арқылы әлемді жаңартамыз.
6. Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді.
7. Өзіңді ақылды етіп көрсету, яғни, «Жасанды ақыл» — бүкіл адамзат үшін негізгі қауіптің бірі.
8. Егер бірнеше жүз жыл артқа шегінсек, бүгінде біз қарапайым нәрселер деп санайтынның бәрі — сиқырлы болып көрінер еді. Мысалы, қашықтықтан сөйлесу, ұшу, үлкен көлемді ақпаратты өңдеу, бүкіл әлемді алақандай телефоннан тамашалау, т,б. Шынында да, бұрын бұл сиқырға ұқсайтын еді. Енді, бүгінгі күні сиқыр боп көрінетін болашақтағы қарапайым «ғажайыпты» сізде ойлап таба аласыз ғой.
9. Мен сүйікті ісімнің «ауруына шалдыққан» америкалық тұрғынмын. Мұндай аурумен ауыратындар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
10. Шындығында, мен уақытты басқару туралы бірде-бір кітаптан оқыған емеспін. Мақсатың болса, уақытты оқусыз-ақ басқарасың.
Жаңа идеяны жаңғырту
11. Менің ойымша, саясаткерлердің көбісі электромобильдерге қарсы емес. Әрине, қарсы шығатындары бар. Бірақ, олар өмірдегі орын алуы мүмкін кейбір жағдайларға сенбейді. Олар ешқашан мұнай бітпейді деп ойлайды.
12. Мен 20 жыл ішінде көптеген жаңа көліктер толықтай электр қуатына ие болады деп сенімді түрде болжаймын. Тіпті, 20-да емес, 10 жылдан кейін де орын алуы мүмкін.
13. Мен ұшатын автокөліктерді де жасаймын. Ол түк те қиын емес. Тек артық дыбыссыз, әрі қауіпсіз етіп жасау қиынырақ.
14. «Жеңілу қалыпты жағдай» деп айтпаңыз. Жеңілу қалыпты емес. Тек, ойыңыз, идеяңыз шикі. Нақты идея – ешқашан сәтсіздікке ұшырамайды.
15. Адамдар үшін ғаламшарға оңай бара алатын жол ашқым келеді.
Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы