Біліп жүр

Ақша туралы 15 факт

Ақша туралы қызықты 15 деректі назарларыңызға ұсынамыз

Ақша — мың жылдан астам уақыт бүкіләлемдік экономиканың негізі болды. Өзінің ұзақ тарихында ақша көптеген маңызды және таңғажайып өзгерістерге ұшырады. Сол өзгерістердің бір қатарын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. 

1. Бәрімізге өте жақсы таныс «банк» сөзінің бастапқыда «үстел» деп аударылғанын білесіз бе? Мұның себебі мынада: бұл термин Италияда пайда болған. Осы елдің тілінде «банко» сөзі дүкен немесе үстел деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, қарапайым ағаш үстелдерде әлемнің алғашқы банк қызметкерлері өздерінің қаржылық операцияларын жасаған.

2. Әлемдегі ең көне банк 1472 жылы дәл сол Италияда ашылды. Оның атауы — Banca Monte dei Paschi di Siena. Тарихы терең бұл ғимаратта әлі күнге дейін банк қызметкерлері белсенді жұмыс істеп келе жатыр.

3. 1179 жылы Рим Папасы Александр III, өзінің банкирлеріне өте көп қарыз береді. Қызметкерлер қарызды қайтара алмағандықтан Рим Папасы қатты ашуланып, банк секторындағы барлық жұмысшыларға христиандық дәстүр бойынша жерлеу құқығынан айыру туралы ресми қаулы шығарған. Содан бері бұл жарлықты ешкім жойған жоқ.

4. Монета өз атауын римдік құдай «Джуно» сөзінен алынған. Яғни, «Монета» сөзі латын тілінен «сақтаушы» деген мағынаны білдіреді.

5. Бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша қанша банкомат жұмыс істейтінін білесіз бе? Әлемдік санақ бойынша 2 миллионнан сәл асатын банкомат құралдары жұмыс істеп тұрған көрінеді. Және құрылғы Солтүстік полюсте де бар екен. Ал тарихта ең алғашқы банкомат 1967 жылы Лондонда орнатылыпты.

6. Әйгілі доллар белгісі — $ — АҚШ-тан бұрын пайда болды. Әуел баста мексикалықтар ең бірінші песолорды тағайындады. Кейіннен бұл песо АҚШ-та тарала бастады. Кейіннен штаттар өз ақшаларын шығаруды қолға алды. Доллар белгісі песо яғни, P және S әріптерінің бірігуінен пайда болған.

7. Барлық елдің банкноты 4 000 рет бүктеледі. Төзімді құнды қағаздар осыдан кейін ғана жыртылады. Сонымен қатар, құнды қағаздар материалы әлемдегі ешбір қағазға ұқсамайды.

8. Монеталар тек дөңгелек болып келеді. Бірақ 18 ғасырдың басында олар шаршы тәріздес пішінмен құйылған.Ұзындығы 20 сантиметрге жуық, салмағы 1,5 келіден асқан.

9. Егер сіз алғашқы қағаз ақша Еуропада пайда болды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Осылайша, бастапқыда қағаз ноталар Қытайда ойлап табылған және олардың ақшалай құны болған. Бір таңқаларлық жайт, бұл қаражат жерлеу рәсімінде мейітті өртеу үшін жұмсалған. Бұл ерекше әдет-ғұрып «о дүниелік болған адам ол жақта да әлемдегі бай адам болады» деген сенімнен туған.

10. Бір қызығы, 1964 жылға дейін Африканың көптеген елдерінде ақшаның орнына, ежелгі ғасырлардағыдай мал, жылтыр, бағалы тастар және раковиналар айырбасқа берілген.

11. Әлемдегі ең қымбат монета АҚШ-та 1794 жылы шығарылған. Мұның атауы да өте қызық, «Босс шаш» деп аталатын коллекциялық доллар болып табылады. Оның аукциондағы құны 7 850 000 долларды құрайды.

12. Ең үлкен банкноттың номиналы 100 мың доллардан тұрады. Ол 1934 пайда болды. Бұл банкнот қалыпты өмірде қолдануға келмейтіндіктен, ол тек банктер арасындағы өзара есеп айырысулар үшін қолданылады.

13. 1835 жылдың 8 қаңтары АҚШ-тың ешбір елге қарыз болмаған күні. Сол уақыт, АҚШ үшін ұлттық валютасы әлемдегі ең тұрақты және танымал валюта болды. Сонымен қатар ешбір жерге қарызданбаған тарихи күн саналады.

14. Ең ауыр ақша — Австралияда жасалған. Сынамасы 999-шы алтын монета. Оның салмағы 1 тоннаны құрайды. Диаметрі 80 см-ге жетеді, ал қалыңдығы 12 шамасында. Алып монетаның номиналы 1 миллион доллар тұрады.

15. Сіз Тынық мұхитының ортасында орналасқан Яп аралы туралы естіп пе едіңіз? Айта кететін жайт, жергілікті аралдықтар қазіргі заманғы банкноттарды өте аз қолданады. Ақшаның орнына ортасында тесіктері бар, үлкен дөңгелек тастарды, басқа да тауарларды алмастырады.

Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!