Психология
Кәсіпкерлік қасиетті баланың бойына сіңіру жолдары
Кәсіпкерлік қасиет жүре де пайда болады
Кәсіпкерлік қасиеттер кейбірінде туыла салғаннан, екіншісінде жүре пайда болады. Кәсіпкерлік қасиеттер өмірлік қиындықтарды қабылдап, жеңуге көмектеседі. Неғұрлым ертеден бастап үйретсе, пайда да көбірек болары сөзсіз.
«Соққыны қабылдау»
Өмір қатыгездікке толы. Балаңызды түрлі «соққыларды» қабылдауға үйретіңіз. Бұл қасиет барлық болашақ кәсіпкерлерге қажетті. Сәтсіз істен кейін ол өз саласына қай орала алуы керек. Ол үшін балаңызға өз эмоциясын білдіруге кедергі келтірмеңіз. Егер көңіл күйі болмаса, сөйлесіп, кеңес беруді ұмытпаңыз.
Инновация мен шығармашылық
Кәсіпкердің ойлау қабілеті ерекше болуы шарт. Кез келген мәселені асқан ақылмен шешу қажет. Креативті ойлау – империяның негізін салушы құрал.
Балаңызға ойнауға мүмкіндік беріңіз. Ойын барысында ол бар қиялын сыртқа шығарады. Бірақ ойындардың түрлі болуын қадағалаңыз. Тек компьютерлік және мобильді ойындармен шектеліп қалмауы маңызды.
Еңбекқорлық
Үздік кәсіпкерлер ешқашан еріншектікке берілмейді. Балаңызды еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін еңбектенудің маңызы мен пайдасын түсіндіріңіз. Балаңыздың бойында тәуелсіздік пен жауапкершілікті тәрбиелеңіз. Үйде түрлі тапсырмалар беріңіз. Оны орындау барысын қадағалап отырыңыз. Оларға ауыр жұмыстың пайдасын түсіндіріңіз.
Әуесқойлық
Баланың әуесқой болып өсуі маңызды. Себебі кәсіпкерлер жаңа нәрсені зерттеуден жалықпайды. Балаңыздың жаңа хоббиі пайда болуын бақылаңыз. Өз қызығушылықтарын зерттеп үйренсін. Жаңа дүниелерді игеруі де маңызды. Гаджетсіз уақыт өткізуін қадағалаңыз.
Сенімділік
Өз күшіне сену – жетістіктің бір сыры. Бұл өзіне жауапкершілікті қабылдауға, тәуекелге баруға көмектеседі. Кәсіпкер болуы өз күші мен идеясына сенуді білдіреді. Балаңызға өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Өз қателіктерінен сабақ алуға үйретіңіз. Сіздің түзетулеріңіз барлық уақытта сабақ болмайды.
Қайырымдылық
Көмек пен қайырымдылық жасау көшбасшының бойындағы ең қажетті қасиет. Өз балаңыздың ойы мен қалауын құрметтеңіз. Үлкендерге көмек көрсетіп, барлық іске қайырымды болуын үйретіңіз.
Оптимизм
Кәсіпкерлер өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын жандар. Олар өмірді өзгертуге жұмыс істейді. Көңілді ойлар мен оптимизм белсенділікті арттырады. Жақсы тәрбие беріңіз. Балаңызбен жақсы, оптимистік оқиғалармен бөлісіп отырыңыз.
Жақсылықты қайтару
Кәсіпкерлер кез келген жақсылықтың қайтарымы боларына сенеді. Өз балаңызға да осыны түсіндіріңіз. Өмірде өзгертуге бағытталған әр әрекеттің өз қайтарымы болады. Балаңыздың өзін қоршаған ортаға көмек көрсетуін бақылаңыз. Үй жинастыру немесе көршінің ауласын тазалау секілді әрекеттер оны жақсылыққа үйретеді.
Дайындаған: Назархан Уән