Дағдарыс әлем мемлекеттерімен қоса жекелей кәсіпті де айналып өтпейді. Экономикалық тұрақсыздық салдарынан өнеркәсіп қиын-қыстау кезеңді басынан кешіреді. Дағдарыс кезінде іс жүргізу қиын істердің бірі. Мұндай жағдайда сізге аса ұқыпты және үнемшіл болу қажет.
Дағдарыста кәсіпті сақтау жолдары
Дағдарыс кез келген кәсіпорын үшін аласапыран кезең болады. Есепшотыңыздағы әрбір теңге санаулы болады. Ақшаны аз төлеу немесе мүлде төлемеу секілді ойлар болуы мүмкін. Серіктестеріңіз бен жалға берушілеріңізді, инвесторларыңызды алдау жайлы ойды ойламаңыз. Мысалы, келіссөздер жүргізу. Қаржының жетіспеушілігі байқалатын болса немесе ақша үнемдеу қажеттілігі туындаса, серіктестеріңізбен жаңа келісімшарт жасаңыз. Бұл компанияны қиындықтан алып шығатын ең тиімді жол.
Келісімшартың қауіпті тұстарын анықтаңыз
Кез келген келісімшартта екі жақтың міндеттері мен құқықтары жазылады. Келісімшартты жасау кезінде екі жақтың бірі үшін тиімсіз бөлімдер пайда болуы мүмкін. Кәсіпқой маман келісімшартты сіз үшін тиімсіз етіп құруы да ықтимал. Мысалы, сіз келісілген қаржыдан көп төлеуіңіз керек болады. Бұл аса ұқыптылықты қажет ететін жұмыс.
Сенімді заңгер арқылы өзіңіздегі барлық келісімшарттарды қайта қарап шығыңыз. Олардың ішінде дағдарыс кезінде сізге қауіп төндіретін бөлім болмауы тиіс. Серіктесіңіз оларды сізге қарсы қолдануы ықтимал. Жаңа келісімшартты жасау барысында да абай болыңыз.
Несиеден бас тартыңыз
Егер несиеңіз бар болса, тезірек құтылуға асығыңыз. Дағдарыс кезінде бұл сіздің мүлкіңізге де әсерін тигізуі мүмкін. Несие алу туралы ойламаңыз. Дағдарысты басынан өткеріп жатқан кәсіп үшін жаңа сынаққа ілігесіз. Қаржылық тапшылық туындайтын жағдайда қолда бар ақшаны қолданыңыз. Біраз уақыт қиындық көргеніңізбен кәсіп жұмысы аяқтанады.
Бәсекелестердің жұмысын саралаңыз
Бәсекелестердің мықты және осал тұстарын анықтаңыз. Ісі оңға басып келе жатқан кәсіптерді бақылаңыз. Олардың әлсіздіктерін пайдаңызға қолданыңыз. Мықты тұстарынан сабақ алыңыз.
Сонымен қатар артық шығыннан бас тартыңыз. Сізге пайдасы шамалы дүниелерге ақшаны жұмсамаңыз.
Жұмыс күшін реттеңіз
Дағдарыс кәсіптің барлық саласына әсер етеді. Еңбек күшін реттеу жұмысшылар санын азайту дегенді білдірмейді. Сіз жұмысшыларды толық емес жұмыс уақытына алмастыра аласыз. Осылайша шығынды реттестіресіз. Әрине, кейбір жағдайда жұмысшы санын қысқартуға тура келеді.
Дағдарыс уақытында елдегі заң өзгерістерін бақылауда ұстаңыз. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, жаңа заң актілеріне сәйкес кәсіпті қандай жағдайда жауапқа тартатынын білесіз. Екіншіден, дағдарысты алдын алу үшін мемлекет шағын және орта кәсіп иелеріне бірнеше жеңілдік жасауы мүмкін. Бұл хабарларды уақытылы білу жұмыс бағытыңызды өзгертуі ықтимал.
Дайындаған: Назархан Уән