Миллионер

Спорт комментаторы: табысы, денсаулығы, дикциясы

Спорт комментаторы қанша ақша табады?

Спорт комментаторы қаншалықты табыс табады? Оған қойылар талаптар қандай? Отандық 5 үздік спорт комментаторы Balbal.kz сайтының сұрақтарына жауап береді.

Комментатор жалақысы?

Спорт журналистерінің бәрі бірдей көлемде айлық алмайды. Бәрі жұмысына, тәжерибесіне,  шеберлігіне байланысты. Комментаторларға  90 минут футбол жүргізгеніне 16 000 теңге төленеді. Бұл қазіргі стастистика бойынша, бұрын сома 8000 теңге көлемінде болатын. Орташа есеппен айлығы 200 000 теңге. Ал егер аптасына бір рет ойын жүргізсе, кемінде 265 000 теңге таба алады.

Құлаққа жағымды дикция

Көрермен журналистін ақпаратынан бұрын дауыс ырғағына мән береді. Комментатордың жүзінен гөрі дауыс тембрі танымал болп жататындығы осыдан. Егер ондай дауыс ерекшелігі болмаса, арнайы ораторлық курстарға қатысып, даусын қойып алса болады. Тіл тазалығы, аяқасты сөз тауып кету, арасында мақалдап сөйлеу, болып жатқан оқиғаны жанкүйерге түсінікті тілде жеткізу шеберлігі болуы тиіс.

 Жан-жақты болу     

Комментаторлық Қазақстанда салаларға әлі де бөлінбеді. Бұл деген сөз жан-жақты болуға тура келеді.Мысалы, баскетбол жүргізушісі келесі репортажда футбол, карате, одан қалды жеңіл атлетика туралы сөйлеуге мәжбүр. Сондықтан да бұл қызметке келмес бұрын спорттың бірін таңдап бағытын айқындауы міндетті.

Денсаулыққа әсері        

Кез келген жұмысты жетер жеріне жеткізетін шыдаммен бірге денсаулықтың болуы аса маңызды.Комментаторлықтың да зиянды тұстары жетерлік.Түнімен матч жүргізу, үнемі монитормен жұмыс тиісінше зардабын әкеледі. Құлаққаптан да ми да, құлақ та шаргайды.

GОAL.KZ қорытындысы

Жанкүйерлерге  қоңыр үнімен танымал отандық спорт журналистері жетерлік. Осыған орай  көрермендер көзімен үздік коментаторды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. GOAL.KZ қорытындысы бойынша 5 үздік комментаторлар анықталды: олар Амангелді Сейітхан, Ермұхамед Мәулен, Ерік Ерсін, Сергей Райлян, Дидар Қадыров.

 Дайындаған: Нұрғали Қабдығалиев

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!