Біліп жүр

Минто пирамидасы – Барбара Минтоның тәсілі

Минто пирамидасы не үшін керек?

Минто пирамидасы – Барбара Минтоның ойлап тапқан ақпаратты ұсыну тәсілі. Минто арқылы кез келген келіссөз, пікірталас, өзгелермен қарым-қатынас кезінде оң нәтижеге жетуге болады. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты Минто пирамидасының қағидасын пайымдайды.

Өмірбаяны

Барбара Минто Огайо штатының Кливленд қаласында дүниеге келді. Ол мансабын ядролық Пагуош қозғалысының негізін салған Кир Итонның қол астында жұмыс істеуден бастады. Пагуош қозғалысына араласа жүріп Барбара күрделі техникалық тәжірибе жинады.

Минто пирамидасы
Барбара Минто @McKinsey.com

1961 жылы ол Итоннан бөлініп Гарвард бизнес мектебінің студенті атанды. 1963 жылы Кливлендке оралып, әйгілі McKinsey & Company компаниясының алғашқы әйел-консультанты болып жұмыс істеді. Оның іскерлік хат алмасу қабілеті бірден байқалды. 1966 жылы компания оның қызметін көтеру үшін Лондондағы филиалға ауыстырды.

1973 жылдан бастап өзінің Minto International компаниясымен айналысады.  Америка мен Еуропаның жетекші консалтингтік компанияларында және халықаралық компанияларда дәріс оқиды. Ол Гарвард, Стэнфорд, Чикаго, Лондон бизнес мектебінде және Нью-Йорк мемлекеттік университетінде сабақ береді.

Пирамида идеясы

Барбара Лондонда жұмыс істей бастағанда қиындықтар басталды. Ол кезде барлық құжаттар ағылшын тілінде болатын. Штаб-пәтер басшыларының пікірінше, еуропалық консультанттардың өзге тілде іскери хат алмасуы қателіктерге әкелуі мүмкін еді.

Алайда Дюссельдорф пен Париждің іскерлік хат алмасу қиындығы Нью-Йорк пен Кливлендте де бар болып шықты. Барбара мәселе тіл ережелеріне сәйкес жаза алмау емес, ойлау техникасында екенін түсінді. Бұл жаңалықтан кейін ол нақты ойлау құрылымын зерттеуге бел буды. Нәтижесінде Минто пирамидасын ойлап тауып 1973 жылы кітап шығарды.

Минто пирамидасы кітабы

Кітап төрт бөлімнен тұрады:

  1. Хат логикасы

Бірінші бөлімде пирамиданың қалай іске асатыны туралы шолып шығады. Пирамида қағидасында идеяны ұсынудың екі тәсілі бар: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары. Тиімді әдісі — жоғарыдан төмен. Пирамида шеңберіндегі идеялар үш «алтын ережеге» сәйкес келуі керек:

  1. Пайымдау логикасы

Бұл бөлімде өз ойларыңызға сыни тұрғыдан қарау және жалпылаудың дұрыстығына көз жеткізу туралы айтылады.

  1. Мәселені шешу логикасы

Бұл кітаптың ең маңызды бөлімі. Ол консалтингті құжаттармен жұмыс істеп, күрделі мәселелермен жұмыс істейтін жандар үшін арналған. Онда анализдеу қағидатымен таныс боласыз.

  1. Презентация логикасы

Бұл бөлімде көпшілік алдында сөйлеу кезінде пирамида принциптерін қолдану әдістері көрсетеді. Осы әдістерді қолдана отырып:

Қорытынды құжатты дайындауға аз уақыт жұмсайсыз;

Мәтін нақтырақ жазылады;

Қысқа да нұсқа жазасыз.

Минто пирамидасын қолдану

Минто пирамидасын мәтін жазғанда 3 бөліммен қарастырамыз.

1-бөлім. Кіріспе. Дәл осы жерде сіз оқырманды жағдаймен таныстырасыз. Оқырманға айтатын негізгі сұрақты көтеріп, белгілеңіз.

Жағдайды пайымдаңыз. Бұл өте қарапайым және оқырманға қосымша сұрақтар туғызбауы керек.

Мысал: WelcomeWorld шет тілдер мектебі ересектерге арналған ағылшын тілі кешкілік курстарын ашты.

Енді жағдайды қиындатыңыз. Одан туындайтын мәселені көрсетіңіз. Мәселе нақты тұжырымдалуы керек.

Мысалы: Қазақстандықтардың 11% -ы ғана ағылшын тілінде сөйлейді. Қалғандары шетелге сапар шыққанда, беделді жұмыс іздеуде және кәсіби кітаптарды оқуда қиындық көреді.

Мәселені түсінгеннен кейін пайда болатын сұрақ қойыңыз.

Мысалы: Көптеген курс, мүмкіндіктер бар бола тұра ересектер неге ағылшын тілін үйренбейді?

Сұраққа жауап беріңіз, мәселені шешуді ұсыныңыз. Бұл сіздің мәтініңіздің негізгі идеясы болады.

Мысалы: Бұл мәселенің себебі — бос уақыттың болмауы және бастауға деген қорқыныш (мен жетістікке жете алмаймын, барлығы маған күледі және т.б.). Ересектерге арналған шет тілін оқыту бағдарламасы балалар, жасөспірімдер немесе студенттердікіндей жасалмауы керек.

2-бөлім. Негізгі тұжырым.

Мәселенің шешімін көрсетіңіз.

Мысалы: Welcome World шет тілдер мектебі арнайы бағдарлама жасап, сабақтарды кешке өткізілетін болады.

3-бөлім. Қосымша мәлімдемелер

Олар негізгі тұжырымды дәлелдеу үшін қажет.

Тақырыпшаларды қосыңыз. Оқырман мәтінді алғаш көргенде алдымен тақырыпшаға көз жүгіртеді. Тақырыпшалар қысқа да нұсқа, қарапайым болғаны жөн.

Мысалы: Көптеген адам сабақ уақытының қолайсыздығынан (18: 00-19: 00-ге дейін) ағылшын курсына бармайтындықтан Welcome World сабақтары 19:30-дан басталады. Сіз жұмыстан сұранып, асығып келуге мәжбүр болмайсыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!