Копирайтинг

E-mail хатты оқылатындай етіп жазудың әдістері

E-mail хатты жазу тәсілдері

E-mail хатты тарату – клиенттермен қарым-қатынас орнатудың тиімді тәсілі. Бұл әдіс тұтынушының өнімге деген қызығушылығын арттырады. Кері байланыс алуға, акциялар мен жеңілдіктер туралы ақпараттандыруға көмектеседі. Balbal.kz мотивациялық сайты назар аудартатын e-mail хатты жазу әдістерімен бөліседі.

Тақырып қою

E-mail маркетинг тақырыптан басталады. Бұл кезең маңызды, өйткені адресаттың хатты ашатын-ашпайтындығы тақырыпқа байланысты. Оқырман назарын бірден аудару керек.

Смайлик таңбаларын қосыңыз

Бұл сіздің хатыңызды ерекше етеді. Көзге бірден түсетіні хақ.

Бір сөзден тұратын қысқа тақырып жасаңыз

Шұғыл хабар

Науқанның аяқталу күнін көрсетіңіз немесе жарамдылық мерзімін айтыңыз. Мысалы, «ҮЛГЕРІҢІЗ, АЗ ҚАЛДЫ!»

Интрига

Тақырып қызығушылық ояту керек. Оқырман мұндай тақырыпқа қызығушылық танытып, хатта не бар екенін білгісі келеді.

Мысалы, «Ғашықтар күніне арналған Топ-10 үздік сыйлық»

Мына қателіктерді жібермеңіз:

Өтірік айту

Егер хат «әйел гамбургердің көмегімен салмағын қалай жоғалтты» деп аталса, онда хат тиісті ақпаратты қамту керек. Бұл хат назар аудартады. Бірақ келесіде адамдар хатыңызды ашпайды.

Стоп-сөздерді қолдану

Жүйе спам деп таныған сөздер. Олардың саны жетерлік. Интернеттен қарап шығыңыз. Мысалы: «несие», «Виагра», «казино», «доллар», «табыс».

Re префиксін қосу

Оқырман бұл жеке хабарлама деп ойлау мүмкін. Бұлай емес екенін түсінгесін спамға жібереді.

E-mai тарату мәтінін қалай жазу керек?

Оқырман сіздің хатыңызды ашқаннан кейін оның жіберіп алмаңыз. Жалығып кетпеу керек.

Стандартты шаблон сөздерден аулақ болыңыз

Мәтінді бәрі білетін және ешкімді қызықтырмайтын бірсарынды етіп жазуға болмайды. Ол оқырманды жалықтырады. Хаттағы ең маңызды ақпаратты ғана қалдырыңыз.

Веб-нұсқаға сілтеме қосыңыз

Хат сіз ойлағандай көрінбеуі мүмкін: анимация жұмыс істемейді, суреттер жүктелмейді. Ал веб-нұсқа әрдайым дұрыс және анық көрінеді. Оған сілтеме суреттің жоғарғы жағында келтіріледі.

Қолтаңба

Бұл хатты логикалық түрде аяқтауға, байланыс ақпаратын бөлісуге көмектеседі. Оқырман мәтінді ботпен емес, тірі адам жібергенін көреді. Бұл сенімділікті арттырады. Фотосуретпен субтитрге кішкентай аватар қосыңыз;

маңызды ақпаратты жазыңыз: телефон, электрондық пошта, пайдаланылған жедел хабарлар;

Жағымды элемент қосу: әзіл, кішкентай тілек.

Мәтін көлемі бойынша жұмыс істеңіз

Мәтін көлемі туралы нақты анықтама жоқ. Ең бастысы, хаттың мәнін көрсету және оқырманды қызықтыру. Кейде жеңілдік, дүкеннің ашылуы және т.б. ақпаратты сурет арқылы жіберу жеткілікті.

Хаттың жіберген себебін жазыңыз

Бұл қосымша ақпарат, мәліметтеріңізді нақтылау немесе басқа себептер болуы мүмкін. Олар мәтіннің соңында жазылады.

Пошта хаттарының түрлері

Құттықтау хаттар

Оны мүмкіндігінше қызықты, пайдалы және тиімді ету маңызды. Бұл мазмұн сіздің компанияңызды таныстырады, сатып алушымен байланыс орнатуға, сенімділікті арттыруға көмектеседі. Бірінші хат мейірімді және назар аударатын нәрсе болу керек.

Мысалы, интернеттегі копирайтинг курстарының студенттеріне арналған хаттар құттықтаудан басталады және оқу үшін тіркелуге бірден кіруді ұсынады. Одан кейін оқыту техникасын көрсетеді.

Ақпараттық бюллетеньдер

Қызмет тәртібі, жұмыс уақыты өзгеруі және т.б. Ақпараттық бюллетендерде басты мақсат – ескерту. Мұны нақты және қисынды ету керек.

Бірінші абзац – басты жаңалықтар. Бұл оқырманды ұстап, мәтінді әрі қарай оқуға мәжбүр етуі керек.

Келесі тармақтар егжей-тегжейлі жалпы ақпарат береді. Хатта «не болды?», «Қайда?», «Қашан?», «Қандай себеппен?» деген сұрақтарға жауап болу керек. Қысқа әрі нұсқа. 4 абзацтан аспайды.

Етістіктерді көбірек қолданыңыз.

Жарнамалық хаттар

Акциялар, лотереялар, жеңілдіктер және т.б. Осы хаттарда компания алдағы жеңілдіктер немесе акциялар туралы жаңалықтар ұсынады. Мәтін қысқа, бірақ жарқын және тартымды сурет болу қажет. Мұндай хаттарды алушылар үшін қызықты ақпарат:

Акцияның мәні және қандай сыйлықтар бар;

Шарттары;

Компания туралы ақпарат;

Науқан мерзімі;

Тіркеуге сілтеме.

Хатқа тақырыпша қосыңыз. Таңбаланған тізімдер жасаңыз. Мың жарым таңбадан аспайтын көлемде сақтауға тырысыңыз.

Шақырту хаттар

Оқырманды тренингтерге, көрмелерге және басқа іс-шараларға шақыра аласыз. Автордың басты міндеті – оқырманға не болатынын және қайда болатынын жеткізу.

Кіріспе параграфта біз оқиға тақырыбы туралы қысқаша ақпарат жазамыз. 1-3 сөйлем.

Күні, өтетін орны және қанша уақытқа созылатыны көрсетіледі. Іс-шарада не болатынын сипаттау. Іс-шара бағдарламасына шолу жасау. Спикерлерге (баяндамашыларға) қысқаша сипаттама беріңіз. Қатысу шарттары. Соңында тіркеуге сілтеме қосу керек. Мәтін 1000 таңбаға сыйғаны абзал.

Дайджест

Шолудан тұрады.  Арнайы ұсыныс, ең жақсы курстар тізімі, аптаның басты жаңалығы, т.б. Құрылымы қарапайым: тақырып, қысқаша кіріспе, қызықты сипаттамалары бар сілтемелер тізімі.

Хат дайын болғаннан кейін оқып, өзіңізге сұрақтар қойыңыз: Поштаңыздан осы хатты көргенде не істер едіңіз? Бұл электрондық поштаны достарыңызға жібергенде олар оның қандай бренд немесе тұлға екенін түсіне ме? Егер кем дегенде бір теріс жауап болса, хатты қайта жазу керек.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!