Психология

Адам психологиясы туралы қызықты деректер

Адам психологиясы туралы төмендегі фактілермен келісер ме едіңіз?

Адам психологиясы әлі де зерттеуді қажет етеді. Өйткені жаратылысы әртүрлі пенденің ішкі түйсігін түсініп-тану бір күндік жұмыс емес. Ол үшін ғалымдар қаншама жылын сарп етті. Дегенмен, психологияны ең қызықты ғылымдардың біріне жатқызуға болады.
Ғалымдар адамның жан дүниесін зерттей келе мынадай қызықты деректерді анықтаған екен. 
1. Адам ұйықтап жатса да, миы қызмет етуін тоқтатпайды. Дәл осы уақытта ми жадымызда сақтауға болатын және болмайтын ақпараттарды реттейді. Таңертең ұйқыдан тұрғанда шын мәнінде маңыздыны ешқашан ұмытпайтыныңыз, ал маңызы жоқ ақпаратты есіңізге де алмайтыныңыз осыдан.

2. Адам бір нәрсеге үйрену үшін 2 ай уақыт керек, дәлірек айтқанда 66 күн жеткілікті. Кез келген әрекетті қалыптастырып, шегіне жеткізу үшін адамға осы кезеңнің аралығы керек. Мысалы, дұрыс тамақтануға көшуді ойлап жүрсеңіз, оған 55 күніңізді арнап көріңіз. Ары қарай күнделікті дағдыңызға айналғанын өзіңіз де аңғармай қаласыз.

3. Сүйіктіңізге сыйлық сыйлауды ойлап жүрсіз. Бірақ не сыйлайтыныңызды білмейсіз. Уайымдамаңыз, оның да шешімі бар! Оған алдын ала сыйлық сатып алғаныңызды айтып, қандай сыйлық екенін сұрап көріңіз. Сүйіктіңіз өзіне не қалайтынын сөзсіз тізіп шығады.

4. Түнімен мазасыз түстер көретін болсаңыз, демек сіз тоңып жатырсыз. Ғылыми фактілерге сүйенсек, жатын бөлме салқын болған сайын біз қорқынышты түстер көруге бейім келеміз.

5. Егер жаныңыз жабырқап, күйзеліске түссеңіз — кітап оқыңыз. Оқу — ағзамызға жақсы әсер етеді. Таңқаларлығы, бұл әдіс ішімдік ішуден, серуендеуден, шай ішуден, тіпті музыка тыңдаудан да әлдеқайда тиімді.

6. Белгілі фактілердің бірі, әйелдер киім дүкендерін аралағанда шашылып жатқан сөрелер мен киім ілгіштерге бірден назар аударады. Өйткені бейсаналы түрде, ең жақсы киімдер сол жерде деп ойлайды.

7. Адамдар сабырлы, байсалды адамға қарсы келмейді. Керісінше, біреу өз пікірін дәлелдеп, барынша қорғаған кезде, қарсылық танытады және онымен дауласуға дайын.

8. Адам үшін ең маңызды сөз — оның есімі. Танысқан кезде ең алдымен адамның атын есіңізде сақтаңыз. Қызметі де, мансабы да, мамандығы да маңызды емес. Бұл жақсы қарым-қатынас орнатудың алтын қағидасы.

9. Психологтардың айтуынша, әйел адамдар бейтаныс ер-азаматқа баға беруі үшін бар-жоғы 45 секунд қажет. Оның 10 секундында дене бітімін қарап шығады, 8 секунд көздеріне баға береді, 10 секунд еріні мен иегіне қарайды, 5 секунд иықтарына көз тастайды. Ал қалған 5 секундын ер адамның саусақтарында неке жүзігінің бар-жоғын анықтауға жұмсайды.

10. Тәжірибесіз адамдар өздерінің білікті әріптестеріне қарағанда көп есе жетістікке жетеді. Даннинг-Крюгердің айтуынша, тәжірибесі төмен адамдар әрдайым өз мүмкіндіктерін көтермелеуге бейім. Тіпті сан рет қателессе де, өздерінің тәжірибесі жоқтығын мойындамайды. Ал тәжірибесі мол, біліктілігі артық адамдар жағдайға байсалдылықпен қарайтындықтан, керісінше өз қабілеттерін төмендетіп жүреді. Сонымен қатар, айналасындағы адамдар оларды төмен бағалайды деп есептейді. Бұл фактілерді 1999 жылы Корнель университетінің психологтары Даннинг пен Крюгер дәлелдеп шыққан.

11. Кейде жауапсыз махаббат адамды психологиялық ауытқуларға шалдықтырады. Оны ғылымда — «Адели Синдромы» деп атайды. Адели Синдромы — бұл ұзақ уақыт бойы біреуге ессіз ғашық болу.

12. Спорттық жарыстардың алдында твиттер әлеуметтік желісінде жазылған барлық жазбаларды сараптай келе, ғалымдар мынадай пікірге келген. Жеңіске жетемін деген мәлімдеме алдын ала көп болған сайын, пікірталаста жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Нақтырақ айтқанда, әрқашан дұрыс айтпасаңыз да, өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

13. Егер адам бірнәрсені есіне түсіре алмаса және осы уақытта сіздің көзіңізге тура қарап тұра берсе, ол сізді алдап тұрғанына сенімді болыңыз.

14. Қылмыс кезінде куәгер болған ер адам мен әйел адам оқиғаның желісін әртүрлі есте сақтайды. Егер қылмыскер сөмкені ұрлап кетсе, әйел-куәгерлер жәбірленушінің бет-әлпетіне мән береді. Ал, куәгер ер адам, керісінше, ұрлықшыны есінде сақтайды.

15. Біз барлығымыз армандап, қиялымызға ерік беруді жақсы көреміз. Зерттеушілердің пікірінше, армандауды ұнататын адамдар көбінесе тапқыр және әр түрлі мәселелерді жақсы шешуге бейім келетін көрінеді.

16. Аурудың 90%-ы психикалық сипатқа ие. Адам психикалық жағдайын қалыпқа келтіріп, жанын тыныштандырғанда ғана ауруынан құлан-таза айығады.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!