Таным

Танымал тұлғалардың жігерлендіретін сөздері

Рухыңызды көтеріп, өзіңізді қайрау үшін танымал тұлғалардың жігерлендіретін сөздерін оқып тұрған пайдалы. Balbal дайындаған топтамаға назар салыңыз.

Егер сен не қалайтыныңды білмесең, нәтижесінде өзің қаламайтын нәрсеге тап боласың. Чак Паланик

Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды… Уинстон Черчилль

Мақсатқа жету үшін — жүру керек! Оноре де Бальзак

Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді? Майкл Джексон

Мүмкін емес нәрсені істеп көрудің өзі бір ермек. Уолт Дисней

Айналаңа сені өрге жетелейтін адамдарды жинауға тырыс. Себебі, сені төменге тартатындар қашанда табылады. Джордж Клуни

Егер адамдар сіздің мақсаттарыңызға күлмесе, демек мақсаттарыңыз өте кішкентай. Азим Премжи

Білімді жинау — жеткіліксіз, оны іс жүзінде пайдалану керек. Армандау — жеткіліксіз, әрекет ету керек. Брюс Ли

Әрекет етіп, сәтсіздікке ұшыраңыз, бірақ талпыныстарыңызды тоқтатпаңыз. Стивен Каггва

Рекордтар оларды жаңарту үшін жаралған. Майкл Фелпс

Кедергілер — ол, мақсаттан көзіңіз тайғанда көрінетін заттар. Генри Форд

Таңертең оянғанда өзіңе «Мен не істеуім керек?» деген, ал, жатарда «Мен не істедім?» деген сұрақ қой. Пифагор

Арманды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам — мақсат қою. Тони Роббинс

Барлық арман саған оларды жүзеге асыруға қажетті күшпен бірге келеді. Ричард Бах

Зираттағы ең бай адам болу мен үшін маңызды емес. Маңыздысы — ұйқыға жатар кезде өзімнің расымен ғажап нәрсе істегеніме қанағаттану. Стив Джобс

Егер жағадан алыстауға қорықсаң, мұхитты жүзіп өте алмайсың. Христофор Колумб

Үлкен мақсаттарды орындау жолында адам өзінің бойында басқаларға шамшырақ болатындай мінез барын сезінеді. Георг Гегель

Сыннан қашудың бір ғана жолы бар: ештеңе айтпаңыз, ештеңе істемеңіз, ешкім болып қалыңыз. Аристотель

Шабытты күтіп жатпай, оны шақыра білуіміз керек. Әрекет қай кезде де шабыт тудырады. Ал, шабыт үнемі әрекетке әкеле бермейді. Фрэнк Тиболт

Мен жағдайдың құрбаны емеспін! Мен өз шешімдерімнің нәтижесімін! Стивен Кови

Егер сіз өзіңізге не қажет екенін білсеңіз және сол нәрсені қатты қаласаңыз, сіз оған жетудің жолын міндетті түрде табасыз. Джим Рон

Егер бұл басқалардың қолынан келсе, сіздің де қолыңыздан келеді.

 

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close