Психология

Жан тыныштығына арналған 5 кеңес

Жан дүниеміздің сырқырап, жанымызға батқан күні әлемнің құшағында жалғыз қалғандай сезінеміз. Бәрінен түңіліп, біреумен сөйлесуге құлқымыз болмай, жанның тыныштығын қалаймыз. Жан-жағыңыздағылар мазаңызды алып, сізді шаршатып жіберді ме? Еш уайымдамаңыз. Balbal.kz порталы адам өзін жайлы сезініп, миды демалдыруға арналған психолог Құралай Қалиеваның 5 кеңесін оқырманға ұсынады.
⠀⠀
✅Сағыз шайнау немесе ауызды сағыз шайнағандай қимылдату. Адамдар тамақ ішкенде кезде бірқалыпты, сабырлы күйге енеді екен. Ал бұл іс-әрекетті де миыңыз ас ішкендегідей қабылдайды.

✅Бір нүктеге қарап ішіңізден 45-ке дейін санау. Бұл әдіс арқылы сіз өз эмоцияңызды басқарып, шектен шығып кетпейсіз.

✅Дауыстап кез келген өлеңді оқу. Мұндай кезде сізде сөйлеу, есте сақтау қабілеті, ойды басқаға бұру процесстері жүреді. Жаңа ғана боп жатқан ұрыс-керістен немесе негативтен бірден басқа керемет әлемге ене қаласыз.

✅Сұқ саусақ пен бас бармақты бірге қысып ұстау. Ойға сыймайтын, пайдасыз іс сияқты көрінгенімен ең көп таралған тәсіл. Жасап көріңіз.

✅Көзді жұмып, 45-ке дейін санау. Көз жұмулы кезде ми жақсы жұмыс жасап, басқа эмоциялар оянады. Соның арқасында ашулануға мұршаңыз болмай қалады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close