Психология

Психологиялық тест: Өзіңізді жақынырақ танудың жолы

Психологиялық тестер түрлері

Психологиялық тестің түрі көп. Өзіңізді жаңа қырынан тануға бағытталған тесттер де бар. Оларды өту арқылы өзіңіз жайлы көбірек біле алыңыз. Balbal.kz сайты тиімді психологиялық тестердің топтамасын назарларыңызға ұсынады.

Темперамент

Айзенктің темпераментті анықтауға арналған тесті қай темпераментке жататыныңызды анықтайды. Холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик секілді темпераменттер негізіндегі тест сіздің эмоционалдық төзімділігіңізді көрсетеді. Тесті өту барысында шынайы жауап беріңіз. Сұрақтарға барынша тезірек жауап беруге тырысыңыз.

«Сондидің портреттік тесті» сіздің ерекшеліктеріңіз бен аурулардың сізге әсер етуін анықтауға көмектеседі. Тест барысында сізге әр кезеңде 8 портрет беріледі. Олардың ішінен алдымен ұнаған екі портретті таңдайсыз. Бұдан соң екі ұнамсыз портретті белгілеңіз.

«Жеке типологиялық сауалнама» мінезіңіздегі ерекшеліктер мен ойлау қабілетіңіздің деңгейін, өзіңізді бағалауыңызды анықтайды. Сұрақтарға барынша тез жауап берген жөн. Жауаптардың «жаман-жақсысы» жоқ.

Тұлға типі

«Өзіндік «Мен»: ата-ана – ересек адам – Бала» сіздің топ арасындағы, ата-ана ретіндегі, жеке қарым-қатынас барысындағы ерекшеліктеріңізді көрсетеді. Тек өзіңізге қай нұсқаның сәйкес келетінін белгілесеңіз жеткілікті.

«Мінезіңіздің ерекшелігі» тесті мінезіңіздің басым бөліктерін анықтайды. Сонымен қатар бұл қасиеттердің пайда болуына әсер ететін екінші деңгейлі қасиеттерді көрсетеді. Сұраққа жауап беру барысында өзіңіздің әдеттегі тәртібіңізді үлгі етіп алыңыз.

«Р.Кеттелдің тұлғаны зерттеу тесті» қызығушылықтарыңыз, мінезіңіздің ерекшеліктерін көрсетеді. Сұраққа дәл, тез, шынайы жауап берген дұрыс.

Мамандық таңдау

«Холландтың мамандық таңдау тесті» сіздің қабілеттеріңіздің қай мамандыққа сәйкес келетінін анықтайды. Берілген екі нұсқаның ішінен өзіңізге жақын бір нұсқаны таңдайсыз.

«Мамандықтың ұсынылатын түрі» тесті тұлғалық ерекшіліктеріңіздің қай мамандықпен үйлесетінін көрсетеді. Сізге «келісемін», «келіспеймін», «жауап беру қиын» деп аталатын үш нұсқа беріледі.Сұраққа байланысты бір нұсқаны таңдауыңыз керек.

IQ

Айзенктің IQ тесті сіздің IQ деңгейіңізді анықтайды. Ойындар арқылы өзіңіздің есептеріңіз бен түйсігіңіз арқылы сұрақтарға жауап бересіз.

«Қысқа интеллектуалды тест» сараптама жасаудағы қабілеттеріңізді, жылдамдығыңыз бен баға беруіңізді анықтайды. Сұраққа жауап беру барысында қиын сұрақта ұзақ ойланып қалудың қажеті жоқ. Мұнда жылдамдық маңызды.

Д.Векслердің тесті сіздің вербалды және вербалды емес ойлау қабілетіңіздің деңгейін көрсетеді. Тестті орындауға 15 минут уақыт беріледі. Тапсырмалар бірте-бірте қиындай түседі. Барлығын орындауға тырысыңыз.

Қабылдау

«Аудиал, визуал, кинестетик?» тесті сіздің қабылдауыңыздың бағытын анықтауға көмектеседі. Тестте сіз үшін дұрыс болып табылатын нұсқаны таңдайсыз.

Денсаулық

«Шаршау-Жалығу-Күйзеліс» тесті жүйкеңіздің жағдайын анықтайды. Тесті шешу барысында қазіргі күйіңізге сәйкес келетін нұсқаны таңдайсыз.

«Дауншифтингті анықтау тесті» сіздегі дауншифтинг ауруының деңгейін көрсетеді. Тесті шешу кезінде өзіңізге жақын нұсқаны таңдасаңыз жеткілікті.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close