Біліп жүр

Бизнес саласында кеңінен пайдаланылатын 8 платформа

Бизнес саласында графикасыз алға жылжымайсыз

Бизнес саласында көп сөз қажет емес. Ол сұраныс, маркетинг, кіріс, қаржы және бақылау сияқты негізгі компоненттерден құралады. Сандармен жұмыс істеп, есеп-қисаппен айналысып, кіріс-шығыстың жағдайын басқаларға түсіндіру оңай жұмыс емесі анық. Бірақ ол үшін сөзбен сағаттап түсіндірмей көзбен көрсеткен артық. Ауызша айтылған дүниені дәлелдеу, түсіндіру үшін бизнес аумағында кеңінен қолданылатын бағдарламалар тізімін ұсынамыз.

Медицина саласындағы ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, егер дәрі туралы жазылған нұсқаулық құр мәтіннен тұратын болса, адамдар ондағы деректің 70% ғана ұғынады. Ал нұсқаулыққа суреттер енгізілсе, 95% ақпаратты меңгере алады.

Canva және Pictochart

Canva және Pictochart – инфографика, презентация, жарнамалық постерлер яғни бизнестегі «визуализация» ұғымымен тығыз байланысты элементтерді жылдам жасауға мүмкіндік беретін қызмет түрлері. Бизнестегі визуализация – ақпаратпен жұмыс.

Түпнұсқадағы ppt шаблондары, бір слайдтан екіншісіне өту барысындағы оқиғалар желісі және жаңа көрнекі элементтердің қосылып отыратыны – бұл бағдарламалардың басты ерекшелігі.

Стартап Datahero

Стартап Datahero-ның негізгі миссиясы – визуализацияны (ақпаратты) барлығына қолжетімді ету, сондықтан функциясы да өте қарапайым. Мәселен, сіз енді өзіңіздің компьютеріңіздегі файлдардан ғана емес, сонымен бірге Facebook, Microsoft OneDrive, Google Analitycs сияқты қосымшалардың кез келгенінен ақпарат аласыз.

SmartDraw

SmartDraw – әртүрлі схема мен диаграммаларды құруға арналған қосымша. Бағдарламада «Infographics» дейтін арнайы бөлім бар. Мұнда күнделікті қолданыста жүрген PowerPoint-тағы SmartArt-тың орнын баса алатын жеткілікті графикалық элементтер орналасқан.

Easel.ly

Easel.ly – инфографика жасауға арналған платформа. Алайда екі үлкен кемшілігі бар: тегін нұсқада қолжетімді белгішелер, фондар, басқа элементтер өте аз және Internet Explorer-мен үйлесе алмайды. Сол себепті көпшілікке таныс браузер болып қала береді. Қалай болғанда да, жылына 36 доллар төлем жасау арқылы 821,000 белгішеге қол жеткізе аласыз.  Ал оны аз деп тапсаңыз, 2 миллионға жуық белгішелер  жинақталған Iconfinder қызметін пайдалануға болады.

Infogram

Infogram  – қарапайым және күрделі есептерді бірнеше сағат ішінде дайындауға болатын қосымша. PowerPoint-те осы тапсырманы орындау үшін сізге кем дегенде 2 күн қажет болады. Infogram көмегімен Фейсбук желісіндегі парақшаңызға жариялайтын ақпаратқа сәйкес иллюстрация да жасай аласыз.

Envato Elements

Envato Elements – бұл кез келген жерде, кез келген уақытта веб-парақшаңыздың дизайнын, PowerPoint презентацияларын, жарнама қағаздарын жасауға шабыттандыратын немесе дайын мысалды алып, оны өз қалауыңыз бойынша өзгерте алатын орын. 10 мыңнан астам белгішелер және 3D суреттер сіздің ойыңызды жүзеге асырады.

Datawrapper

Datawrapper – сіз бұл бағдарлама арқылы аз уақыт ішінде графика сыза аласыз. Тағы бір нұсқа: картамен де жұмыс істеуге болады. Мәселен, «Әлем бойынша табысты кәсіпкерлер шоғырланған аумақ» деп іздесеңіз, сұрағыңызға жауап табылады. Бастысы-тегін.

Шымшық сойса да, қасапшы сойсын. Бизнеспен де техника тілін жетік меңгергендер, бағдарламалармен жұмыс істеуге  бейім адамдар айналысқаны дұрыс. Сонда олар мына артықшылықтарға қол жеткізеді:

  1. Жұмысын аудиторияға қиындықсыз нақты түсіндіреді;
  2. Қателесу, сөгіс алу, жүйке жүйесінің жұқаруы сияқты мәселе мен процестерден алшақ болады;
  3. Уақыт үнемдейді, жақындарының, отбасының жанында көбірек болуға мүмкіндік алады.

Дайындаған:  Айжан Сыланова

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!