Көшбасшылық қабілет тума бітті пайда болмайды. Адам үздіксіз дамып, өзін тәрбиелеу керек. Balbal.kz мотивациялық сайты болашақ көшбасшыларға арналған кітаптар тізімі мен қысқаша мазмұнын ұсынады.
1. Питер Друкер: «ХХІ ғасырдағы менеджмент мәселелері»
Бұл кітап — қазіргі заманғы менеджменттің классикасы. Жаһандық экономика мен ХХІ ғасырда кездесетін жаһандық мәселелерді қамтиды. Бүкіл адамзат тағдырына көз жүгіртеді.
2. Роджер Ловенштейн: «Данышпан жеңілгенде: Long-Term Capital Management компаниясының өсуі мен құлдырауы немесе кішкентай банктың триллион долларға татитын қателігі»
Бір топ ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары облигациялар нарығында ұтымды қағиданы қолданып көргісі келген. Кітапта олардың талпынысы суреттеледі.Сонымен бірге адамзаттың көрсеқызар құмарлығы мен жамандықтары туралы астарлы сыр шертеді.
3. Малколм Гладуэлл: «Данышпандар мен аутсайдерлер: неге біріншісіне бәрі беріледі, ал басқасында ештеңе жоқ?»
Өмір әділетсіз. Ақша, билік, атақ пен жетістік адамдар арасында біркелкі емес. Неліктен біреуіне бәрі беріледі, ал екіншісінде ештеңе жоқ? Табысқа жетудің себебі тек тума бітті жеке қасиеттерге байланысты ма? Малколм Гладуэлл алғаш тек кездейсоқ болып көрінетін заттардың артындағы жасырын заңдылықтарды ашты.
4. Джим Коллинз: «Жақсылықтан ұлылыққа: неліктен кейбір компаниялар серпіліс жасай алады, ал кейбіреулері жоқ…»
Джим Коллинз өзінің алты жылдық зерттеуінің нәтижелері туралы жазды.Ол серпіліс жасап, дами алған компаниялар мен орнында қалып қойған кәсіпкерлерді салыстырды.Табысты үлкен компанияларда ұқсас мынадай элементтер кездесті: тәртіпті адамдар, тәртіпті ойлар, тәртіпті іс-әрекеттер және маховик әдісі.
5. Брайан Бурроу, Джон Хельяр: «Қақпадағы варварлар: RJR Nabisco-ның құлдырау тарихы»
Бұл 1988 жылдың қазан-қараша айларында Уолл-стритте басталған RJR Nabisco-ны басқару үшін күрес. Автор сол оқиғаны баяндайды. Кітап Брайан Бурроу мен Джон Хельярдың RJR президенті Набиско Росс Джонсонмен, Генри Кравис, Джордж Робертс, Тед Форстманн, Джим Махермен және қаржы әлемінің басқа да танымал кәсіпкерлерімен өткізген 100-ден астам сұхбаттарына негізделген.
6. Том Вулф: «Амбиция алауы»
Уолл-стриттің сәтті брокері туралы кітап. Интригалы оқиғалар және қазіргі Нью-Йорктің өмірі айқын бейнеленген. Біреулер менмендіктің жалынында өледі, ал біреу күлден қайта туады.
7. Стивен Кови: «Мықты адамдардың жеті дағдысы»
Бұл кітап — әлемдегі ең көп сатылған танымал бестселлер. Жеке даму тақырыбындағы №1 жұмыс. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың, соның ішінде Билл Клинтон, Ларри Кинг және Стивен Форбестің өміріне қатты әсер етті.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова