Біліп жүр

Ақшаны фэн-шуй ілімі бойынша магниттей тартқыңыз келсе

Әмиянның ішінде не болмауы керек

Ақшаны өзіңізге тарту үшін оған ерекше ілтипат көрсетілуі керек. Бұл дегеніңіз теріс энергияны тартатын немесе шығаратын заттардың қасында ұстамау. Қытайлық фэн-шуй мектебінің өкілдері кез келген заттың энергиясы болатынын айтады. Осы тұста ақша тұратын әмиянға салынатын басқа заттарға ерекше мән беру керек.

Олар:

  1. Бос әмиян. Ақшаны өзінен алыстатын бос әмиян. Бұлай болмауы керек. Ақшаны ақша шақыратынын жадыңызда сақтаңыз.
  2. Түбіртектер. Әртүрлі төлем жасалған түбіртектердің ең көп тұратын жері – қолымыздағы әмиян. Олар сізге келетін ақшалардың жолын кеседі деген түсінік бар. Себебі түбіртектегі ақша – сізден кеткен қаражат.
  3. Ескі әмиян. Әяминнің ескі не сізге дейін қолданылған болуы теріс энергия шақырады. Сол себепті, ең әуелі, ішіне емес әмияннің өзінің сапасына мән берген жөн.
  4. Мерзімі өткен карталар. Оларды әмиянда сақтаудан аулақ болыңыз. Фэн-шуй түсінігі бойынша кез келген мерзімі өткен карталар ақшаны алыстады. Не болмаса, сізден шығынның көп шығуына себепкер болады.
  5. Дәрі-дәрмек. Әсіресе әйел кісілердің әмиянында көп кездеседі. Алайда бұл әрекет те қате. Ол ақша энергиясы мен денсаулық психикасының нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін.
  6. Бүлінген банкноттар. Біз ақшаны өзімізге тарту үшін түрлі банкноттарды әмиянымызда сақтап жатамыз. Дұрыс. Дегенмен оның түр-сипатына мән берген жөн. Егер ол бүлінген не нашар сақталған болса, теріс энергия шақыруы мүмкін деген түсінік бар.

«Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады»

Роберт Кийосаки

Сонымен жоғарыда фэн-шуй түсінігі бойынша ақша шақырудың маңызды тәсілдерін көрсеттік. Бастысы әмияныңызда артық заттарды сақтамай, жинақылық энергиясын сақтасаңыз болғаны.

Дайындаған: Қуантай Жолдасбеков 

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!