Біліп жүр
Мәтінмен жұмыс істейтіндерге арналған пайдалы сервистер
Мықты мәтін жазу үшін сервистерді қолданыңыз
Мәтінмен жұмыс істейтін жандар көбіне «Word» программасын қолданады. Мұнда жүйе қатені бірден анықтайды. Синонимдерді табуға жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта қызметі жазумен байланысты маманның жұмысын жеңілдететін тегін сервистер жетерлік. Кітап немесе мақала жазуды қолға алсаңыз, мына сервистер көмегін тигізбей қоймайды.
Istio
Сервис мәтіннің орфографиясын тексереді. Символдар, тыныс белгілер саны мен кілт сөзді анықтауға көмектеседі. «Istio» арқылы өзге SEO-көрсеткіштерді білуге болады.
Reasability
Бұл сервис мәтіннің оқылу деңгейін анықтайды. «Reasability»-дің көмегімен мәтініңіздің оқырман үшін қаншалықты түсінікті екенін білесіз.
8nog
Сервис тыныс белгілерді санап, бос орынды өшіріп отырады.
Typograf
Тырнақшаны сәнге келтіріп, дефисті сызықшаға айналдыратын қарапайым және ыңғайлы типограф.
Glvrd
Мәтініңізді ақпараттық стильде өңдейді. Жарнама, жаңалық, нұсқаулық, хат және коммерциялық ұсыныстарға арналған. Әдеби стильде жазылған мәтінмен жұмыс істемейді.
Test-the-text
Мәтінді ақпараттық стильде өңдеуге арналған тағы бір сервис.
Zenpen
«Google Docs» және «Word»-ты алмастыра алатын онлайн-редактор.
Спеллер
Ағылшын, орыс және ураин тілдеріндегі мәтіннің орфографиясын тексереді.
Вебмастер
«Яндекске» сіздің жаңа мәтініңіз жайлы ақпаратты жөнелтіп отырады.
Вордстат
Кілт сөзді анықтауға көмектеседі.
Translit
Мәтінді өзге тілге аударады.
Topwriter
Екі мәтінді өзара салыстырады. Рерайтерлер үшін пайдалы сервис.
Sneechpad
Аудиоматериалды мәтінге айналдырады. Сервис жұмыс кезінде қателіктер жіберуі мүмкін. Алайда сұхбатты мәтінге айналдыруға болады.
Findcopy
Мәтіннің бірегейлігін тексереді. Нәтижені сілтеме түрінде алуға да болады.
Synonymizer
Сөздің синонимін табуға көмектеседі.
Text.ru
Мәтінді антиплагиат жүйесі арқылы тексереді.
Orfogrammka
Мәтіннің дұрыс жазылуын тексеретін веб-сервис.
Quittance
Мәтіннің ішінен жиі кездесетін стилистикалық қателерді іздейді. Бір сөйлемде бір сөздің қайталануын, жақын орналасқан морфологиялық ұқсас сөздерді анықтайды.
BAAЛ
Ақын және жазушыларға арналған. Мәтіннің оқырманға қалай әсер ететінін білуге көмектеседі. Кез келген жанрдағы мәтінді бірнеше параметрлер бойынша бағалайды.
Poem Parser
Бұл сервистің көмегімен өлеңдегі бунақ санын тексере аласыз.
TextReferent
Ағылшын тіліндегі мәтінді сараптап, негізгі мәнін ұсынады. Сервис ағылшын тілінде ғана жұмыс істейді. Демонұсқасын қолдану тегін.
NeogrankaStihi
Өлеңді мөлшеріне қарай қысқартады. Ұйқас түрін таңдауға көмектеседі.
Stihi
Ұйқас түрін таңдауға арналған сервис. Сервис күн сайын жаңартылып, толықтырылып отырады. Алайда ұйқас негізі болатын сөздерді өзге сайт қолданушыларының шығармасынан алады.
Дайындаған: Назархан Уән