Біліп жүр
Усэйн Болт: Ең жылдам адамның өмірлік қағидалары
Усэйн Болттың өмірлік қағидалары мен кеңестері
Усэйн Болт (Усэйн Сент-Лео Болт ) – «найзағай», «әлемінің ең жылдам адамы» атақтарына ие ямайкалық спринтерші, 8 дүркін олимпиада және 11 дүркін әлем чемпионы. Спорттық мансабында жүгіруден әлемнің 8 рекордын орнатқан. Balbal.kz сайты әлемнің ең жылдам адамының үздік мотивациялық сөздері мен өмірлік қағидаларын ұсынады.
Спорт және мотивация
Ямайканың үздік жеңіл атлеттерімен жарысу барысында, оларды жеңу үшін баспен ойналу керектігін түсіндім. Сондықтан жарыстарда қарсыласымның мықты және әлсіз тұстарына ерекше мән беремін.
Мен 400 метрге жүгірістің финалында Джермени Гонсалеспен жарысатын болдым. Джермени ол кезде ұлттық чемпион болатын. Ол өте жылдам еді. Бір рет ол итпен жарысып, озып кеткен. Сондықтан мен оны таза жылдамдықпен емес ақылмен жеңу керектігін түсіндім.
Жарысқа 1 апта қалғанда досым Энджей екеуміз Джерменидің жүгіру тактикасын зерттеп, айла-тәсілдерді ойластыра бастадық. Энджей маған алғашқы шеңберді бар күшіммен жылдам бастауға кеңес берді. Оның ойынша егер мен басынан бастап Джермениді артқа қалдырсам, ол уайымдай бастайды да, өз ритімін жоғалтады. Мен досымның ақылын тыңдадым. Паф! Бәрі Энджей айтқандай болды. Мен бірінші келдім. Біз өзімізді әлемдегі ең ақылды адамдар ретінде сезіндік.
Маған мықты қарсылас, үлкен алаң, қиын сынақ бер. Сонда мен өзгеремін. Сонда нағыз өзімді табамын.
Бақытыма орай жаттықтырушым маған ауырлықты қабылдауды үйретті. Оның айтуынша бұлшық еттерің қақсап, денең ауырлықты көтере алмай тоқтауды талап етіп тұрса да, ештеңеге қарамай тағы 2-3 шеңбер жүгіруің керек. Сонда ғана күшейесің.
Менің жеңіл атлетикадағы жеңістерімді оза алатын бір ғана адам бар. Ол – мен. Мен бәрі үшін ең қиын қарсыласпын, мен өз заманымның аңыз адамымын.
Спринтер үшін шешу рөлді өзіңе деген сенімділік ойнайды.
Ол кезде түсінбесем де, жаттығуға немқұрайлы қарауым жарыстарда жеңілуіме тікелей әсер ететін.
Усэйн Болт және рухани күш
Ережелер мен нұсқаулықтар спортшыға жүгіру кезінде жарақат алса, қалай қалыпқа келу керектігін көрсетеді. Бірақ жеңіліс тапқаннан кейін қалай рухани емделу керектігі жайлы ешқандай сөз жоқ. Жан дүниеңді түсіну – тәніңді дамыту секілді маңызды. Шыдамдылық, рухани күш – міне осы туралы еш жерден оқи алмайсың. Спринтерші мұндай заттарды тек жеке тәжірбиесі арқылы біледі.
Мен ойыңды жаман заттарға билетуге болмайтынын түсіндім. Себебі жақсы старт, дұрыс ақыл-кеңес сияқты менің рухани мықтылығым да маңызды.
Миымдағы шектеулерді жеңген күннен бастап, менің ойым нағыз чемпионның ойына айналды.
Әкем үшін сыйластық маңызды болатын. Ол өз үлгісі арқылы маған барлық адамдарға сыйластықпен қарауды үйретті.
Не істесең де, бәрі өзің үшін екенін түсінуің керек. Мемлекет екінші орында. Отырып алып, адамдар мен туралы не ойлады деп уайымдауға болмайды.
Мен мақсатымды күнде есіме түсіріп отырдым. Бойымды жалқаулық басқан кезде өзіме сұрақ қоятынмын: «Сен өзі не қалайсың? Саған бәрінен артық не керек?» Одан кейін ойыммен әдемі үйдің, қымбат көліктің суретін саламын. Дәл осылай күнде өзіме мотивация бердім.
Өзіңе бәрінен артық жаттығу жасауға құлшынысың болатындай мақсат қой. Жеңістің кілтін тап.