Психология

Пет-терапия: жануарлар адамды қалай емдейді?

Жануарлар арқылы адам жанын емдеу

Пет-терапия — жануар арқылы адамды емдейтін әдіс. Ғалымдардың пікірінше, жануарлар балаларды оқуға және қоршаған ортамен байланыс жасауға үйретеді. Ересектерге қолдау көрсетіп, өзін түсінуіне мүмкіндік береді.

Пет-терапия қалай пайда болды?

1976 жылы британдық филантроп Уильям Тук ақыл-есі кем адамдарды ит терапевтермен емдеуді ойлап тапты. Иттер науқастарға жағымды әсер етті. Пациенттердің бойындағы агрессия азая бастаған. Алайда пет-терапия тек 20-ғасырда дамыды. Бұл идеяны ұсынушы — Нью-Йорктегі психотерапевт Борис Левинсон.

Джонни және Джингл әдісінің дүниеге келуі

Левинсон емдеген науқастардың арасында Джонни есімді 9 жастағы аутист бала болған. Онымен қарым-қатынасқа түсу қиын еді. Бір күні бөлмеге Левинсонның күшігі Джингл кіріп кетеді. Бала оның жанына барып, басынан сипалады. Джоннидің атасы күшіктің келесі сеансқа  қатысуын өтінеді. Сол кезде сеанс сәтті өтеді.

Левинсон тұжырымдамасы

Осыдан кейін Левинсон балалар психотерапиясына иттер мен мысықтарды пайдаланып көреді. Әуеліде  әріптестері оның бұл әрекетін құптамады. Кейін Фрейдтің де үй жануары чау-чау Иофиді сеанстарға кіргізгенін білді. 10 жылдан кейін Левинсон әріптестерінің арасында сауалнама жүргізеді. 319 психологтың 16%-ы ассистент ретінде жануарларды қолданатынын білді.

Жануарлардың ерекшелігі неде?

Зерттеу барысында 1-1,5 жасар сәбилерге жануарларды және басқа заттарды көрсетеді. Сонда балалар тек күшіктің суретіне күлген. Басты себеп ит адамды бар болмысымен қабылдай алады. Ит өзімізді жоғалтып алмауға көмектеседі. Осылайша жақсы қасиеттеріміздің жарыққа шыға бастайды.

Терапияға иттер қалай таңдалады?

Терапевт ретінде белгілі бір психотиптегі иттер ғана іріктеліп алынады. Яғни төзімді, адамдар арасында өздерін жайлы сезінетін жануарлар. Терапия кезінде иттер де уайымдайды, шаршайды. Сондықтан емнен кейін оларға міндетті түрде реабилитация қажет.

Қай пациентке қандай ит?

Иттерді науқастың ауруына қарай таңдайды. ДЦП-мен ауыратындар үшін флегматикалық иттер қажет. Олардың үстіне науқастар аяқтарын қойып, үстіне жата алады.

Егер бала иттен қорқатын болса, кішкентай және сабырлы иттер таңдалады.

Гиперактивті науқастар үшін көңілді жануар алынады. Олармен жүгіру, секіру, энергия шығару өте қолайлы. Ал кішкентай күшіктер балалы бола алмай жүрген әйелдерге көмектеседі.

Ит те психолог

Науқас баланың сеансында  психолог пен канистерапевт (ит қожайыны) отырады. Ал ересек адамдармен психолог сеансты жалғыз өткізеді.

Иттер барлығын сезе алады. Бір күні клиент жұмысқа қатысты мәселелермен психологтың алдына келеді. Бөлмеде болған жануар дереу айнаның алдына барып, үреді. Сонда клиент ішінде қаншама агрессияның жиналып қалғанын түсінеді. Психолог осы кезде иттің де психологиясын, оның әрекетін түсіну керек. Иттер – науқас пен дәрігер арасындағы көпір.

Терапияға тек иттер ғана емес, мысық, қоян, жылқы және дельфиндерді де пайдаланады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!