Біліп жүр

Стивен Кинг: «Өмірімдегі қорқынышты оқиғалар маған шабыт берді»

Стивен Кингтің өмірі мен шығармашылық жолы

Стивен Кинг – «Хоррор патшасы» атанған америкалық жазушы. Бірнеше бестселлер авторы. Шытырман оқиғаларды жазатын жанның өмірі де сан түрлі оқиғаға толы. Balbal.kz мотивациялық сайты Стивен Кингтің өмірі туралы материал дайындады.

                                                     Балалық шағы

Стивен Эдвин Кинг 1947 жылы Портленде дүниеге келген. Оның дүниеге келуі отбасы үшін күтпеген жағдай еді. Себебі оның анасы Рут бедеу болған. Сол үшін Стивен туылардан екі жыл бұрын Дэвид есімді баланы асырап алады. Әкесі Дональд сауда флотында капитан болады. Ол жиі әлемді шарлап жүретін. Анасы балалармен үйде қалады.

Әкесі флоттан шығып, Electrolux шаңсорғыштарын сататын саяхатшы-саудагер болуға бел буады. Дональдқа отбасылық өмір ауыр тиді. Стивен екі жаста болғанда, үйден кетіп қалады. Рут балалары өскенше шейін «әкелеріңді Марстықтар алып кетті» деп алдап келді. Ал шынында әкесі басқа отбасын құрды.

                                                      Қиын кезеңдер

Әкесі тастап кеткеннен кейін нағашылардың тәрбиесін көрді. Анасы пианист болса да, наубайханада қызметші немесе сатушы сияқты жалақысы аз жепде жұмыс істеген. Ол екі баласымен бірнеше жерге көшіп жүрді. Ақырында Батыс Даремде қоныстанды. Стивеннің айтуынша, олар өте кедей тұрған. Анасы бірнеше жерде жұмыс істеген.

Жиі қоныс аудару және төмен иммунитеттің кесірінен Стивен қызамықпен, кейін жедел фарингитпен ауырды. Нәтижесінде антибиотиктермен емделмейтін құлақ инфекциясына айналды. Сол үшін оның құлағын стерильді инемен үш рет тескен. Ауруына байланысты екі жыл қатарынан бірінші сыныпта қалған.

                                               Қорқыныштан алған шабыт

Стивен кішкентай кезінде өз құрдасының жүк пойызының астына түсіп, қайтыс болғанына куә болды. Оның қорқып қалғаны сонша, сол мезетте есінен айырылған. Кейін бірнеше жылдан кейін осы оқиғаны есіне түсіре алған. Бұл жазушының кейбір шығармаларын психологиялық тұрғыдан шабыттандырған дейді.

                                                   Жазушылыққа бет бұруы

Жеті жасында ол капитан Кейсидің оқиғалары туралы әңгіме жазды. Мәтіннің көп бөлігі комистен қайталанған. Сол кезде анасы оған «Өзіңдікін жаз, сенікі одан да күшті» деп мотивация берген. Осыдан кейін Стивен «Қу қоян мырза» әңгімесін жазды. Онда ақ қоян және оның үш досы қала ішінде көмекке мұқтаж балаларды іздеп саяхаттап жүрген. Анасы оны ұнатып, тағы төрт әңгіме жазғызды. Ол осы әңгімелерді 25 центтен сатты.

                                                            Газет шығаруы

1959 жылы ағасы Дэвидпен бірге жергілікті қалалық газетін шығаруға шешім қабылдады. Ол «Дэйвтің өрнегі» деп аталды.  Олар оны ескі мимографта шығарып, 5 центке сатты. Дэйв жергілікті жаңалықтар туралы жазса, Стив сүйікті телешоу мен фильмдеріне, қысқа әңгімелерге шолу жазды.

14 жасында ол «Құдық және маятник» фильміне өзгерту жасап, жазып шықты. Кейін соларды мектебінде сатты. Сол үшін оны мектептен шығарды. Директордың айтуынша, жас бала қорқынышты жанрға әуестенбеу керек. 1960 жылы Кинг Дарем орта мектебіне ауысты.

                                                        Шығармашылық өмірі

1960 жылы ол өзінің досы Крис Чеслимен бірге «Адамдар, жерлер және заттар» бірнеше қысқа әңгімелер жинағын жариялады. Бір жылдан кейін «Жұлдызды басып алушылар» атты екінші кітап жарық көрді.

1962 жылдың көктемінде Стивен сегізінші сыныпты жақсы бағамен бітіріп, Лиссабон мектебіне оқуға түсті. Comics Review «Мен қабірді тонаған жасөспірім едім» әңгімесін жариялайды. Осыдан кейін ол «Драм» мектеп газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ол жақ ұнамағасын «Жиіркенішті жазба» деп аталатын төрт беттен тұратын парақшаны шығарды.

                                                             «Кэрри» романы

Кейін «Кэрри» деп аталатын романды жазады. Оны басқа шығармалардан артық көрді. Бірақ оны 30 басылым да шығарудан бас тартады. Ол күйініп оны қоқыстан лақтырып жібереді.

Он жылдан соң оны әйелі тауып алады. Оқып, өзгертуін сұрайды. 1974 жылы романды Doubleday баспасы шығаруға келіседі. Бұл оның танылуына мүмкіндік берді.

Кинг барлығы 56 роман және 5 ғылыми кітап шығарды. Жеті романын Ричард Бахман лақап атымен шығарған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!