Пәтер сатып алу оңай емес. Ол сіздің болашақ баспанаңыз болғандықтан, мән беретін жайттар бар. Оған да қаржылық сауаттылық керек. Назарларыңызға пәтер сатып алу кезінде қателеспеу үшін не нәрсеге мән беру керегін ұсынамыз.
Әзірлеушіні тексеру
Үй мен ауланың түріне қызыға салмаңыз. Оны салған құрылыс компаниясын тексеріңіз. Оны Бірыңғай құрылысшылар реестрінен тексеруге болады. Құрылысқа рұқсат пен жоба декларациясын табыңыз. Барлығы жоба сайтында болады. Олардың бұрынғы жұмыстарын көрсеңіз болады.
Риэлтор
Егер пәтерді өзіңіз іздей алмасаңыз, риэлтор көмегіне жүгінуге болады. Бірақ жарнамадан көрген кез келген маманға сенудің қажеті жоқ. Ірі жылжымайтын мүлік агенттігіне барған дұрыс. Алдымен компания туралы пікірлерді оқып шығыңыз, таныстарыңыздан сұраңыз. Риэлторлар реестірін тексеріңіз.
Құжаттар
Пәтерді ұнатқан бойда құжаттарға қол қоюға асықпаңыз. Егер сіз барлық заңды нюанстарды білмейтін болсаңыз, маманға барыңыз. Пәтер мүмкін несие төленбегені үшін тартып алынған болу мүмкін.
Ең жақсы нұсқа — банктің кез-келген филиалында немесе онлайн режимінде аккредитив шығару. Сіз сатушымен келісімшартқа отырасыз. Банктен аккредитив ашып, ақша саласыз. Сатушы келісімшарттың барлық талаптарын орындайды. Содан кейін тексеру үшін банк сатушыдан құжаттар алдырады. Егер оларда бәрі жақсы болса, сатушыға ақша аударылады.
Бағасы неге төмен екенін анықтаңыз
Егер заң жүзінде пәтерде ешқандай гәп болмаса, басқа нәрседен болу мүмкін. Үйдің айналасын тексеріңіз. Көршілермен сөйлесіңіз. Олар сізге баспана мәселесі туралы ашып айтады.
Пәтердің жағдайы⠀
Жаңа макеттер ерекше көрінеді, бірақ олар қолайсыз болу мүмкін. Тікбұрышты немесе шаршы пішінді пәтерді іздеңіз. Олар сіздің қажеттіліктеріңізге оңай бейімделеді. Пәтерді қарағанда мына критерийлерді ескеру керек:
Пәтердің нешінші қабатта екеніне мән беріңіз. Төрт қабаттан көп үйлерге қоныстанбағаныңыз абзал. Көп адам болған сайын мәселе де көбейеді.
Бірінші қабатта тұрсаңыз, жертөледен ылғалдылық келеді, жағымсыз иістер мен дауыстар маза бермейді. Ұрылардан қосымша қауіпсіздік шаралары қажет.
Орналасқан жеріңіз таза ма, көршілеріңіз жақсы ма. Соны білу керек. Ауланы, жертөлені жинау мәселесі қалай екенін бақылаңыз.
Ал жоғарғы қабатта тұрсаңыз, шатырдан су кету қаупі көп. Төбесі соңғы рет қашан жөнделгенін білу керек. Қабырғаларды қараңыз. Егер шатырдан су ақса, қабырға ылғалды немесе судың іздері болады.
Су қысымы жоғарғы қабаттарда әлсіз болып келеді. Көбіне ыстық су бармайды. Судыңжағдайын тексеріңіз.
Терезенің қай бағытта орналасқаны.
Оңтүстік. Жылы жағы, күн түседі. Егер аквариум, өсімдіктер көп болса, онда ыңғайлы.
Солтүстік. Ымырт. Күн көзі түспей, қараңғылау болғаны ұнаса, онда осыны таңдаңыз.
Үйдің ішкі орналасуы
Ол сіздің қалауыңызға байланысты Бірақ біз жоспарға сәйкес пәтерді қалай таңдауға болатынын ұсынамыз:
Егер бұл екі бөлмелі пәтер болса, онда бөлмелер оқшаулану керек.
Бір бөлмелі пәтер жарық болу керек.
Жуынатын бөлме бөлек болғаны ыңғайлы. Бірақ бірге болса, үнемді болады. Сізге қайсысы маңызды екенін таңдаңыз.
Пәтердің инфрақұрылымын бағалаңыз
Техникалық инфрақұрылым — бұл жөндеудің ең қымбат бөлігі. Төбелердің биіктігін қараңыз, сымдардың қалай салынғандығын біліңіз. Сантехникалық және жылыту жағдайларын зерттеңіз. Желдетуді, дыбыстық оқшаулауды да қараңыз.
Бұрыштардағы және терезелердегі қабырғаларға қараңыз. Егер бөлме салқын болса, онда сол жерде зең пайда болады. Егер пәтер бұрын жалға берілсе, сатып алғаннан кейін құлыптарды өзгерту керек болады.
Пәтерде су мен электр есептегіштердің болғаны жақсы. Соңғы рет тексерілген күнді қараңыз.