Біліп жүр

Кеңсені ыңғайлы етудің тәсілдері

Кеңсені ыңғайлы етудің тәсілдері өте қарапайым.

Кеңсені ыңғайлы етудің тәсілдері өте көп. Дегенмен назарларыңызға кеңсені жабдықтаудың негізгі 7 тәсілін ұсынамыз.

Таза жұмыс үстелі. Жұмыс орнындағы жинақылық мидың жұмыс істеу тиімділігін арттырып, көп шаруаны тындыруға әсер етеді.

Жарықтың дұрыс түсуі. Егер сіз оң қолыңызбен жазатын болсаңыз жарық сол жағыңыздан, ал егер солақай болсаңыз оң жағыңыздан түсуі тиіс.⠀Өйткені көлеңке дұрыс түскені жөн. Кеңсе үшін әрдайым ақ түсті жарықдиодты шамдарды таңдаңыз.

Ыңғайлы аяқ киім. Кеңсеге ыңғайлы аяқ киім киюді үйреніңіз. Егер кеңсеңізде жұмысқа киетін киім үлгісі қатаң бақылауда болса да солай етіңіз.

Бөлме өсімдіктері. Кеңседе жасыл түстің болуы жайлылық пен жақсы көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар өсімдіктер жұмыс өнімділігін 15%-ға арттырады.

Демалуға арналған орын. Жұмыс арасында 10 минут тынығу денсаулық үшін пайдалы. Сол себепті кеңседе арнайы демалуға арналған орын болғаны маңызды.

Ас ішуге арналған бөлме. Кеңседе шай, кофе дайындауға арналған бөлме болуы керек. Өйткені маңызды келіссөздер жүргізуге келген қонақтарыңызға қонақжайлылық таныту сіздің компанияңызға деген сенімділікті арттырады.

Жағымды музыка. Классикалық музыкадан бастап заманауи әуендердің жинағынан тұратын музыкаларды іріктеп алыңыз. Жұмыс уақытында баяу ырғақпен қосып қойсаңыз, көңіл-күйіңізді көтереді. Егер музыка кедергі келтіреді десеңіз, оның да шешімі бар.

Кеңсені ыңғайлы етудің тәсілдері осылайша өте қарапайым қадамдардан тұрады. Сіз де кеңсеңізді осы әдістермен жабдықтап көріңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!