Біліп жүрКітап

Джош Кауфман «Өз-өзіңе ІБМ. 100% өздігінен білім алу»

Джош Кауфманның даму жолындағы қағидалары

Джош Кауфман – атақты менеджер, «Өз-өзіңе іскерлік басқару магистрі бол» жобасының негізін салушы. Ол ешқандай оқу орнына түспесе де, айтарлықтай нәтижелерге жете алды. Енді басқа жандарға да өзіндік оқудың жолдарын ұсынады.

Джош Кауфман туралы

Джош Кауфман классикалық бизнес ілімін үйренуге емес, өзін-өзі дамытумен айналысуға шешім қабылдайды. Ол өз мансабын Procter & Gamble компаниясынан бастады. Бизнес-мектептерде беретін білімдерді өз бетімен қалай алуға болатындығын іздестірді.

«Өз-өзіңе МВА. 100% өздігінен білім алу» кітабы 10 үздік бизнес кітабына кіреді және MBA дипломын алмастыра алады.

Кітаптың қысқаша мазмұны

Кітапта қосымша әдебиеттер бойынша автордың ұсыныстары, алғы сөз, үш үлкен тарау бар. Біз кітаптың негізгі идеясын қарастырамыз.

Кіріспе

Егер сіз кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болсаңыз, сізден МВА (Іскери басқару магистрі) дәрежеңіз бар ма деп сұрайды. Бірақ сіз Джефф Безос, Тони Шей де, Стив Джобс пен Билл Гейтс де бизнес мектептерін бітірмеген.

Мәселе мынада: бизнесте жетістікке жету үшін сізге бәрін білудің қажеті жоқ. Сіз таңдаған саладағы негізгі қағидаларды түсінуіңіз керек. Оларды игере отырып, сіз кез келген шешімді қабылдай аласыз.

Бизнес деген не?

Кез келген бизнес екі негізгі фактормен анықталады — адамдар мен жүйелер. Жетістіктің кілті — ойлау және адамның мінез-құлықтарын анықтай алу қабілеті. Сонымен қатар кез келген бизнестің негізін құрайтын процестердің әрекетін түсіну.

Идея бар ма?

Бизнестің негізі — тұтынушы құндылығын құру, яғни адамға шынымен қажет нәрсені ұсыну. Идея негізі өнім, қызмет, ресурстар, жалдау, қайта сату, делдалдық, сақтандыру және т.б. сияқты құндылықтар болу мүмкін. Ұсынысыңыздың өзектілігі нарықтыққа ерекше назар аудару керек.

Тәуекел: сіздің бизнес идеяңыз қаншалықты жақсы

Стратегиялық болжамдар — бұл нақты әлемді сипаттайтын және оларсыз сіздің бизнесіңіз сәтті болмайтын фактілер. Көптеген кәсіпкерлер стратегиялық болжамдарда қателіктер жібереді. Олардың алдын алу үшін көлеңкелі тестілеу қажет. Жоба басталғанға дейін тестілеуден өту керек.

Қалай назар аудартуға болады?

Өнімді сату үшін әлеуетті тұтынушылардың назарын аударту керек. Ол үшін арнайы құралдарды пайдаланыңыз: ақысыз ұсыныстар, ұрандар, компанияның әңгімелері және т.б.

Бизнесіңіздің кірісі

Егер пайда болмаса, бизнес болмайды. Бизнестің дамуы үшін табыс шығындардан көп болуы керек. Сізге қолайлы пайданың мөлшерін сіз өзіңіз анықтайсыз. Егер сіздің кірісіңіз жұмысшыларыңызды, уақытыңыз мен жігеріңізді өтей алатын болса, сіз нәтижеге қол жеткіздіңіз — сіздің бизнесіңіз жұмыс істейді.

Үшінші тараптың қаржыландыруы немесе өзін-өзі жылжыту: қайсысын таңдау керек?

Ол үшін өзіңіздің бизнес моделіңізге назар аударыңыз. Шағын компания құрған кезде, үшінші тарапқа жүгінбеген жөн. Сол кезде сіз өзіңізге өзіңіз қожа боласыз. Бірақ ол кезде даму қарқыны мықты болмайды. Мұндай бизнесті үшінші тарап қаржыландыратын бизнеспен салыстыруға болмайтынын түсінуіңіз керек.

Мақсат қоюдың маңыздылығы

Жақсы анықталған мақсат түпкілікті нәтижені елестетуге мүмкіндік береді. Мақсаттарды дәл айтуға қорықпаңыз. Оны позитивті, жедел және нақты түрде ойлау керек. Дәл сол жағдайда, егер сіздің мақсатыңыздың мүмкін еместігін түсінсеңіз, құлазымаңыз. Жағдайды қайта бағалауға, жаңа мақсат қойып, соны бастауға тырысыңыз.

Тәжірибе

Кейде біз жаңа оқиғаларды есімізде қалған оқиғалармен салыстырамыз. Сондықтан тәжірибе неғұрлым көп болса, дұрыс шешім қабылдау ықтималдығы да жоғары болады. Әрдайым жеке тәжірибеге негізделудің қажеті жоқ, кейде дұрыс бағытты көрсететін «мәліметтер базасына» жүгінуіңізге болады.

Бәрін қалай үлгеруге болады: әр нәрсенің өз уақыты бар

Бизнесіңізді тиімді жүргізу үшін, сіз әрдайым тыныштықта болуыңыз керек. Эмоцияңызды тізгіндеп үйреніңіз. Сіз бір тапсырмаға зейін қойып, алаңдататын бүкіл нәрседен уақытша бас тарта аласыз. Егер тапсырмалар көп болса, оларды топтастырып, әр топқа уақыт бөлу керек. Есіңізде болсын, адамның энергетикалық ырғағы уақытқа байланысты әрдайым өзгеріп отырады. Әр адамдардың өзіндік белсенділік уақыты болады. Біреуі таңғы леппен жұмыс істесе, біреуіне түн жарымда отқан ұнайды.

«Егер іске аспаса ше?»

Жас кәсіпкерлерді осы сұрақ жиі мазалайды. Егер сіздің бастамаңыз сәтсіздікке ұшыраса, сіз екі жолмен әрекет ете аласыз: тоқтап, бәрі сол қалпында екенін қабылдаңыз немесе тағы үміттеніп, қайталап көріңіз. Екінші нұсқа әрдаым сәттілікке жетелейді. Табандылықтың арқасында тәжірибе жинап, өзіңізді тағы да сынап көруге мүмкіндік береді.

Қарым-қатынастың маңыздылығы

Сіздің бизнесіңіздің ерекшелігі маңызды емес, бірақ адамдармен — әріптестермен, серіктестермен, клиенттермен және т.б. қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Бұл процесте жетістікке жету үшін адамдардың салыстырмалы артықшылығын айқындау, қызметкерлерді ынталандыру, маңыздылығын атап өту сияқты бірнеше қағидаларды қолдану керек.

Жеке білім алу туралы

Көптеген адамдар МВА дәрежесін алу адамның кәсіпкер бола алатындығына кепілдік деп санайды. Бірақ кез келген бизнес мектебінің кемшіліктері бар: олар қымбат, өмірмен байланысты емес және сіздің болашағыңызға кепілдік бермейді. Сізге үйіп-төгіп мотивация ғана береді. Диплом алу үшін өміріңіздің көптеген жылдарын және көп ақша жұмсағыңыз келе ме? Мүмкін бәрін өзіңіз үйреніп, сол арқылы өзіңіздің жетістікке жеткеніңіз тиімдірек.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!