КітапПсихология

Масару Ибука: «Балабақшаға тым кеш» кітабының қысқа мазмұны

Масару Ибуканың бала тәрбиесі туралы ойы

Масару Ибука – жапониялық кәсіпкер, менеджер, «Sony» корпорациясын құрушылардың бірі. Ол ерте жастан бастап балаларды тәрбиелеу мен оқытудың концепциясын жасап шыққан. Balbal.kz сайты «Балабақшаға тым кеш» (Kindergarten Is Too Late) кітабының қысқа нұсқасы ұсынады.

Бірінші тарау. Баланың потенциалды қабілеттері

Масару Ибука бала психологиясын зерттеу арқылы баланың қабілеттерінің дамуына үш жасқа дейінгі танымдық тәжірибесі әсер ететінін анықтады. Бұл кезге дейін оның ми жасушалары қалыптасады. Бала еш уақытта данышпан не ақымақ болып туылмайды. Оның ерте жаста миының жетілуі ғана маңызға ие. Сондықтан балабақшада баланың тәрбиесімен шұғылдану кеш болады.

Үш жасқа дейін баланы ақылды әрі мейірімді, зерек ететіндей білім берілуі керек. Көптеген мамандар мен ата-аналар баланы кішкентай кезінде артық ақпаратпен шаршатуға болмайды деп есептейді. Алайда өздері баланы балабақшаға жіберіп, бірнәрсе үйренуін талап етеді.

Екінші тарау. Ерте жастағы тәжірибені әсері

Балаға ген емес, оны қоршаған орта әсер етеді. Мысалы, егіздерді екі бөлек отбасы тәрбиелесе, олар екі түрлі адам болып шығады.

Егер адамның қалыптасуына оның шыққан тегі әсер етсе, балалар өсе келе ата-бабасының ісін жалғастырар еді. Бірақ өмір сондай қызық. Бала өзінің ата-анасынан бөлек мамандықты таңдауы мүмкін.

Балаларға біз аса мән бере бермейтін нәрселер әсер етеді. Үлкендер мағынасыз деп санайтын затты бала мүлде басқаша қабылдайды. Демек адамның бала күнінде алған әсері оның болашақтағы іс-әрекетін қалыптастырады.

Үшінші тарау. Балаға не пайдалы

Нәрестені туыла сала тәрбиелейтін арнайы жүйе жоқ. Кітапта айтылатын нәрселер ата-анаға берілген идея ғана. Анасы қаласа, оны өмірінде қолданады.

Баланы барынша жиі қолда ұстау керек. Бұл балаға жағымды әсерлер алып келеді. Түнде балаңызбен бірге ұйықтаудан қорықпаңыз. Өйткені мұның өзі балаңыздың ақыл-ой және психологиялық дамуына оң әсер етеді.

Баламен күніне бір сағат болсын бірге шұғылдану керек. Сонда оның интеллектуалды және сөйлеу қабілетінің қаншалықты жетілгенін байқайсыз. Балаға еш уақытта «бала тілінде» сөйлемеңіз. Бұлай сөйлеу оның дамуын кешеуілдетеді.

Ерте кезден бастап баланың бойында талқылау, бағалау, қабылдау қабілеттерін дамытқан дұрыс. Бұл сіздің балаға деген қарым-қатынасыңыздың есебінен іске асады.

Баламен әкесі жиі сөйлесуі керек. Өйткені әке баланың өмірінде достың әрі көмекшінің рөлін атқарады.

Төртінші тарау. Тәрбиелеу прициптері

  • Сіз балаңызды бағыттап, жігерлендіріп отыруыңыз керек. Бала әрекет етуі үшін қызығуы керек. Әр уақытта балаға қызық болған нәрсе оған дұрыс болып көрінеді. Ал қызық емесі – дұрыс емес. Қайталау арқылы балада қызығушылықты оятасыз. Баланың қиялы оның бойында шығармашылық қабілеттерді дамытады;
  • Балада нәресте кезінде мінез қалыптастыруыңыз керек. Бұған скрипкада ойнау ды үйретіп, өлең жаттатқызып, баланы тек жақсы нәрсемен қоршау арқылы қол жеткізуге болады. Баланың ерте жетілуі оның бойында көшбасшылық қабілеттерді дамытады. Бір саладағы жеңісі келесі нәрсені істеуге жігерлендіре түседі.
  • Баланың бойында шығармашылық ойлауды жетілдіруіңіз керек. Балаға түрлі-түсті қаламдарды жиі беріңіз. Балаңызға қауіпті емес заттарды қолжетімді етіп қойыңыз. Түрлі рөлдік ойындар ойнаңыз. Осылайша оны шығармашылық қабілетін қалыптастырасыз.

Бесінші тарау. Неден қашқақтаудың қажеті жоқ

  • Ерте жастағы даму балабақшаға дайындық емес;
  • Баланың тәрбиесінен маңызды ештеңе жоқ;
  • Балаңыздың қалауына қарсы шығып, бір нәрсені мәжбүрлеп жасатпаңыз;

Бала ата-ананың меншігі емес.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!