Психология

Ашушаңдық: Табиғи реакциядан құтылудың жолдары

Ашушаңдықтан арылуға көмектесетін кеңестер

Ашушаңдық сыртқы ортадан қауіп төнгенде жауап қайтаратын табиғи реакция. Оның белгілері: адамның жүрек соғысы жиілеп, көзі қарауытып, тыныс алуы қиындап кетеді. Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға ашушаңдықтан арылу жолдарын ұсынады.

Ашушаңдықтың себептері

Ашушаңдықтың пайда болу себебін ғалымдар үлкен 4 топқа бөледі:

  • Басқа адамдардың сөзі мен әрекеті. Осы арқылы намысыңызды таптап, жанды жеріңізге тиіп, шымшып сөйлеуі мүмкін;
  • Адамдар жақын болуға тырысып, қамқорлық көрсеткісі келеді. Алайда сіз оны қаламайсыз. Бұл жағдайда ашу – өзіңізді қорғайтын басты тәсіл;
  • Өзгелердің іс-әрекеті сіздің ұстанымдарыңызға қарама-қарсы болуы;
  • Болып жатқан жағдайлар алға ұмтылуға кедергі келтіреді.

Егер біз күресуден бас тартсақ, ашушаңдық мұң мен үрейге айналады. Ал бұл екі құбылыс сізді ауруға душар етеді.

Ашушаңдықпен күресу жолдары

  1. Медитациямен айналысыңыз. Өзіңізді қандай жағдайда ашуға булығатыңызды анықтаңыз. Бұл қиындықтан шығудың жолын іздеңіз.
  2. Бойыңыздан ашудың белгілерін байқаған сәтте өзіңізді қолға алыңыз. Себебі оны бақылауда ұстамасаңыз, соңы жақсылыққа әкелмейді.
  3. Мүмкіндігінше сабырлы адамдармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Қызуқандылардан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Көңіл-күй жұқпалы екенін естен шығармаңыз.
  4. Музыкалық аспаптарда ойнаңыз. Жүрегіңіз қалаған іспен шұғылданыңыз. Олар ашудың алдын алады.
  5. Сізді қоршаған ортадан жағымды түстерді тауып алыңыз. Ашық түстер көңіл-күйге оң әсер етеді.
  6. Дискуссияға түспеңіз. Егер шаршап, әлсіресеңіз, ашуға жылдам берілесіз.
  7. Талқылау процесі кезінде аштықты сезінгенде де тез ашуланасыз.
  8. Орынды әзіл мен қалжың – ашуға қарсы тұратын басты қару.
  9. Кенет көңіл-күйіңіз бұзылып, ашулана бастасаңыз, серуенге шығыңыз, йогамен айналысыңыз. Тіпті дәретханаға барыңыз. Бастысы ойыңыз бөлінсін.
  10. Өз ойыңызды өзгерту үшін өз бойыңызды өзгертеңіз. Қадамдарыңызды кішірейтіңіз, дауыс ырғағыңызды бәсеңдетіп, сабырлы кейіпке енуге тырысыңыз.
  11. Диафрагмамен терең және баяу тыныс алыңыз. Бұл ашудың жылдам таралуына көмектеседі. Дем шығару тыныс алуға қарағанда ұзақ болғаны жөн.
  12. Кейде іштегі ашу мен ызаны шығаруды дұрыс деп санайды. Бірақ ол – үлкен қателік. Осы әрекетке бару арқылы сіз басқалардың мінез-құлқына, көңіл-күйіне әсер етесіз. Ол адамның сіз жайлы ойы өзгеруі ықтимал.
  13. Сізді жақсы білетін, жан дүниеңізді түсінетін жақыныңызбен немесе досыңызбен сырласыңыз.
  14. Түймедейді түйедей етпеңіз. «Басқалар маған жамандық тілейді» деген арам ойдан аулақ болыңыз.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!