Біліп жүр

Доллар белгісі қалай пайда болды?

Доллардың пайда болу тарихы

Доллар – АҚШ-тың ақша бірлігі, әлемдегі басты резервті валюта. Доллардың $ белгісін кім және қашан ойлап тапқаны сізді де қызықтырған болар. Balbal.kz мотивациялық сайты доллар белгісінің қайдан пайда болғанын дәлелдейтін бірнеше нұсқаны назарларыңызға ұсынады.

Оливер Поллок кім?

1778 жылы 1 сәуір — алғашқы доллардың жарыққа шыққан күні. Оның белгісін ойлап тапқан Оливер Поллок болатын.

Поллок Ирландияда дүниеге келді. 23 жасында отбасымен бірге Американың Пенсильвания штатына қоныс аударды. Ал 15 жылдан кейін АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыс басталған еді.

Долларды ойлап тапқан Оливер алғашында испандардан қару алып, оны америкалық патриоттарға сатып отырды. Оның жеке есеп дәптері де бар болатын. Осында қанша табыс тапқанын, шығындарын тізіп жазуды әдетке айналдырған. Тіпті қағазға түскен ақша мөлшерінің жанына доллардың қазіргі белгісін қоятын. Бұл ақпараттардың барлығын конгрессмен Роберт Мориске хабарлап отыратын. Қысқасы, Поллок құжаттарда доллар белгісін қолдана бастаған алғашқы америкалық болып саналады.

Доллар белгісі қалай пайда болды?

1-нұсқа

Ең танымал нұсқалардың бірі – АҚШ аббревиатурасы, яғни АҚШ сөзінің ағылшынша аудармасы Uniated States. Оның айтуынша, U бас әрпі S-ке ауыстырылды, ал уақыт өте келе U-ны екі көлденең сызыққа айналдырып, қосымша бөліктер жоғалып кеткен. Жазушы Айн Рэнд өз шығармасында  доллардың бұл белгісін «ұлттың, еркін экономика мен еркін ойлаудың символы» деп атайды. Алайда бұл теорияға ешқандай құжат түрінде дәлелдер жоқ.

2-нұсқа

Тағы бір нұсқада доллардың бұл белгісін испандық «әріптесі» – песомен байланыстырады. Көпше түрде бұл сөз «pesos». Уақытты үнемдеу үшін қағазға небәрі 2 әріп қысқартылып жазылған – Ps. Осы деректерге сүйенген Оливер Ps аббревиатурасын $ символына айналдырған.

3-нұсқа

Бірақ S әрпін қиып өтетін екі жолақ қайдан пайда болды? Жұмбақ. Кейбіреулер бұл Гибралтардың екі бағанасы — испан елтаңбасында бейнеленгендердің схемалық көшірмесі деп санайды. Оны 1492 жылы испан королі Фердинанд 2 бекіткен.

4-нұсқа

Сондай-ақ, массондық нұсқа бойынша, доллардағы символ Соломон шіркеуіндегі орталық  белгіні білдіреді. Яғни S әрпі Solomon есімінен алынған. Ал оны қиып өтетін екі сызық ғибадатханадағы бағандарды белгілейді.

5-нұсқa

Валюта белгісінің қалай пайда болғаны туралы тағы бір түсінік бар. Em Letterpress қызметкерлері доллар символы «sheet» сөзінен, яғни ағылшын тілінен аударғанда парақ сөзінен алынған деп санайды. Бұл сөздің алғашқы екі әрпі SH парақтарды қолмен санау кезінде қолданылған. Ал бұл процесс ақша шығаратын зауыттарда қолданыста болған деседі.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!