Біліп жүр

Әлемдегі танымал кітапханалар

Ең атақты кітапханалар

Мұрағатында 50 миллион кітабы бар кітапхана жайлы естіп пе едіңіз? Әуесқойлықпен кітап жинауды бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі кітапханалардың бірі. Назарыңызға әлемдегі кітап қоры жағынан ең бай, ауқымды кітапханалардың тізімін ұсынамыз. 

Конгресс кітапханасы, Вашингтон


Үш ғимараттан тұратын әлемдегі ең үлкен кітапхана. Тек конгресс мүшелері және үкіметтің басқа да маңызды тұлғалары ондағы кітаптарға қол жеткізе алады. 32 миллион кітап, 61 миллион қолжазба, Тәуелсіздік Декларацияның алғашқы нұсқасы, Гутенберг кітабының пергаменттік нұсқасы, соңғы 3 ғасырда жарық көрген 1 миллион газет, 5 миллионнан астам карта, 6 миллион музыкалық шығарма және 14 миллионнан астам фотосурет жинақталған.

Бодлейн кітапханасы, Ұлыбритания


1602 жылы құрылған Еуропаның ең көне кітапханасы. Онда 11 миллионнан астам тарихи құжаттар жинақталған. Гутенбергтің кітабы, Шекспирдің 1623 жылы шыққан алғашқы фолианты бар.
Кітапхана бірнеше ғимараттан тұрады. Ішіндегі ең қызықтысы – Радклифф кітапханасы. Ұлыбританиядағы алғашқы дөңгелек формадағы кітапхана. «Шерлок Холмс», «Красная скрипка», «Золотой компас» фильмдерінен кітапхананы кездестіре аласыз.

Бостон кітапханасы, АҚШ


Бостон кітапханасы АҚШ халқының қаражатымен ашылған. 1848 жылы іргетасы қаланған кітапханада 22 миллион кітап қоры жиналған. Ортағасырлық қолжазбалар, Шекспирдің алғашқы туындылары, Даниэль Дефоның негізгі жинағы және Джон Адамс, Уильям Ллойд Гаррисон, Мэтью Бовдитч сияқты көптеген танымал тарихи тұлғалардың кітаптары сақталған.

Нью-Йорк кітапханасы, Нью-Йорк


Нью-Йорк кітапханасының коллекциясында 50 миллионнан астам кітап бар. Оқу залы архитектурасымен ерекшеленеді. Голливудтық «The day after tomorrow» (Арғыкүні), «Ghostbusters» (Елес қуғандар) фильмдерінде көрсетілуіне байланысты әлемдегі ең танымал кітапханалардың бірі болып табылады.

Джей Уокердің жеке кітапханасы


Джей Уокер – қаражатын кітапхананы дамытуға жұмсаған америкалық өнертапқыш, кәсіпкер. Кітапхана Коннектикут штатындағы орналасқан. 50 мыңнан астам кітапты қамтиды. Ғимаратты Маурицио Корнелис Эшердің қылқаламынан шыққан сурет туындылары толықтырып тұр. «Wired» журналында «әлемдегі ең таңғажайып кітапхана» деген атпен мақала шықты.

Александрия кітапханасы, Мысыр


Ежелгі дәуірдің ең үлкен кітапханасы. Кітапханаға жөндеу жұмыстары 2002 жылы жүргізілді. Қолжазбаларды қалпына келтіру зертханасы, көркем галерея мен көрме залдары, мұражай, конференция орындары, балаларға, жастарға, ересектерге және зағип жандарға арналған кітапхана бар. Бүгінгі таңда шамамен 500 000-ға жуық кітап жинағы сақталған.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!