Біліп жүр

Маркетингтегі тренд жайлы не білеміз?

Маркетингтік тренд және олардың түрлері

Маркетингтегі тренд – маркетинг саласындағы негізгі әдістер мен тиімділігі жоғары тәсілдер. Бизнес пен сату саласының жыл сайын жоғары қарқынмен дамуы жаңа шешімдерді қажет етеді. Маркетинг қаншалықты жақсы дамыса, кіріс пен тұрақты тұтынушылар саны да арта түседі. Мұндай трендтер тізімін мамандар нарықты бақылай отырып жасап шыққан. Назарыңызға маркетингтің болашақтағы трендтерін ұсынамыз.

         Жарнама пайдалы болуы керек

Тұтынушыны қажетсіз кеңестермен шаршатудың керегі жоқ. Мұның орнына өмірін жеңілдетуге көмектескен дұрыс. Мәселен, білім беріп, оқытатын, үйрететін сайттар мен қосымшалар, билетті сатып алу, қаржыны басқаруға көмектесетін сайттар тек маркетинг нәтижесі ғана емес, қажеттіліктен туындаған сервистер. Сол себепті жарнама да брендті қалыптастыруға көмектесуі тиіс.

         Жалпы мобилизация

Смартфондардың сатылуы жыл сайын өсіп келеді.  Бұрындары «ғаламторсыз бизнес болмайды» десе, енді «смартфонсыз бизнес жойылады» деп айтады. Мобильді ортаға бейімделу – табыс көзі.

         Әдемілік пен ыңғалылық

Маркетингтегі тренд әдемілікпен де тығыз байланысты. Кез келген өнімді тұтынушыға ұсынбас бұрын, оның ыңғайлылығына да назар аударыңыз. Әдемілігіне қарап сатып алған адамға сіздің өніміңіз пайдасын да тигізу керек. Бұл кәсібіңіздің нарықта жылдам сұранысқа ие болуына көмегін тигізеді.

         Икемділік және динамика

Уақытпен бірге бизнес те жылдам өзгеріске ұшырайды. Егер үлкен жетістікке жеткіңіз келсе, үлкен өзгерістерге де дайын болыңыз. Жылдам шешім қабылдау, өзгеріске қарай икемделу, нарықты сараптай отырып жаңа стратегия құру сіздің кәсібіңізді тоқыраудан сақтап қалады.

         «Пиксельмен ойлану»

Егер тұтынушы талабына сай болғыңыз келсе, оның өмірі түрлі экрандарға толы екенін де естен шығармаңыз: смартфон, теледидар, мультиплазма, планшет, ноутбук. Сіздің суретіңіз немесе кәсібіңіздің жарнамасы барлық экранда бірдей көрінуі қажет.

Визуализация

«Мәтін тым ұзақ!». Дәл осы сөйлем сіздің жарнамаңыздан тұтынушыларды алшақтатады. Ұзақ сөйлем, мәтін, мақала қаншалықты пайдалы болғанымен, көзге ілінбей жатады. Себебі бұл оқырман мен тұтынушының қызықтырмайды, уақытын алады. Сондықтан инфографика, сурет, видео, түрлі визуалды әрлеуіштерді қолдануды ұмытпаңыз. Ақпаратты ыңғайлы, әдемі, креативті етіп ұсыныңыз.

         Сторителлингтен бренд-адвокацияға дейін

Екі шоколад таяқшасының арасындағы жанжал (Twix), балаларын жетістікке жетелеген аналар (P&G), музыканттар мен байкерлер әңгімесі (Snickers) кеше және бүгін өз тиімділігін дәлелдеді. Алайда уақыт өте мұндай жарнамалық қадамдар да ескіреді. Тұтынушы сіздің брендіңізбен байланысты оқиғаларды өзі айтып беруі тиіс. Бұл болашақтағы жарнама түрі болып табылады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!