Біліп жүр

Бизнес идея табуға болатын сайттар

Бизнес идея іздеуге болатын сайттар тізімі

    Бизнес идея табу – кәсіп ашаман деушілердің басты мәселесі. Сәтті идея жұмыстың жақсы жүруіне әсер етеді немесе бұрыннан бар компанияға жаңа дем береді. Balbal.kz бизнес идея іздеуде қолдануға болатын сайттарды қарастырып көрді.

Openbusiness.ru

Дайын бизнес-жоспар мен идеялар сақталған ірі сайт. Ресейлік бұл порталдан бизнесті жүргізуге көмектесетін нұсқаулар мен қажетті кеңестерді де таба аласыз. Сонымен қатар франшизалар каталогынан өзіңізге қажеттісін таңдауға болады. Кәсіп әлемі және франчайзингтегі соңғы жаңалықтар да жарияланып отырады. Порталдың көмегі арқылы идея негізінде бизнес-жоспар жасай аласыз. Қажетті экономикалық есептер жүргізіп, мамандардан тегін кеңес алуыңызға да болады.

Moneymakerfactory.ru

Манимейкерлер зауыты – кәсіпкерлік жайлы орыс тілді ірі портал. Бұл сайттан сіз сәтті бизнес идеялардың үлгісін табасыз. Әрі порталдың мұрағатында түрлі бизнес-жоспарлар сақтаулы. Сонымен қатар бизнеске қажетті 1 000-нан аса құрылғы түрлері мен 200-ге жуық сенімді тауар жеткізушілерінің атауы ұсынылған.

Порталда Қытай арқылы кәсіп жүргізудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпаратты оқи аласыз. Ал сайтта өтетін форумдар өзіңізді толғандырған сұрақтардың жауабын табуға көмегін тигізеді.

Biznet.ru

Шағын кәсіп жайлы ресейлік ірі форум. Мұнда түрлі талқылаулар өтіп, кәсіпкерлер білгендерімен бөліседі. Сонымен қатар әр сала мамандары өз кеңестерін беріп, кәсіпкерлер сұрағына жауап береді. Мұнда негізінен қызмет көрсету саласының, сауда, шикізат өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жарнама, банк ісінің және франчайзинг мамандары жиналған.

Сайтта бизнеске енді аяқ басқандар мен білікті кәсіпкерлердің форумы бөліп берілген. Сонымен қатар бухгалтерлік форум, заң қызметкерлерінің форумы да мұрағатта сақтаулы.

         Businessmens.ru

Тек бизнес идеяға бағытталған ресейлік сайт. Мұнда ерекшеліктері мен түрлері, тақырыптарына қарай идеялар топтастырылып берілген. Сонымен қатар бастапқы қаржы мөлшерін енгізу арқылы сәйкес келетін кәсіп түрін таба аласыз.

Бизнес идеядан бөлек қажетті мәліметтер жеке блок ретінде ұсынылған. Дайын франшизалар тізімінен қажеттісін таба аласыз. Әрі «Рейтинг» бөліміне кіріп, танымал болған франшиза түрлерін де көруге болады.

Beboss.kz

Танымал ресейлік франшиза каталогының қазақстандық нұсқасы. Мұнда еліміздегі франшизалар топтамасы мен сатылымға шыққан нұсқалар ұсынылған. Тұтынушыға оңай болуы үшін сала бойынша бөліп берілген. Сайттан франшизалардың сипаттамасын оқи отырып, өзіңізге идея ала аласыз. Сонымен қатар франшизалардың барлығы лицензияланған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!