Инбаунд маркетинг – пайдалы контент арқылы клиенттің назарын аудару. Терминді алғаш рет «HubSpot» компаниясы енгізген. Бұған дейін барлығы «оутбаунд» маркетингті қолданып келді. Ол бойынша компания спам-хабарламалар жіберу, қоңырау шалу, каталог пен ұсынысхаттар қолданып, жарнама жасау секілді әдіс арқылы тұтынушы тартуға тырысты. Balbal.kz сайты инбаунд маркетингтің негізі мен қолдану аясы жөнінде мақалада дайындады.
Инбаунд маркетингтің негізгі мәні
Басты идея қарапайым: digital-арна мен әлеуметтік желіде қызықты әрі пайдалы контент ұсынасыз. Контентке жауап беру арқылы клиентпен екі ортада байланыс орнайды. Тұтынушыда қалыптасқан жақсы көзқарас сізбен жұмыс істеуге, сіздің тауарыңызды сатып алуға оң әсерін тигізеді.
Digital-маркетинг құралдарының дамуы инбаунд-маркетингтің алуандығына алып келді. Енді сіз мақала, видео, әлеуметтік желідегі жазба, интерактивті контент пен онлайн-курсты маркетинг үшін пайдалана аласыз.
Әлеуметтік желі мен ретаргетинг контенттің таралуын, белгілі уақытта маңызға ие болған мәліметті ұсыну құнын біршама төмендетті. Барлық жарнама алаңдары контентті керекті адам мен қажетті аудиторияға жеткізе алатаны жағдайға жетті
Әрбір клиентпен орнаған байланыстың жаңа ақпарат, сұрақтарына жауап, мәселенің шешімі секілді құндылығы болуы шарт.
Инбауд маркетингтің негізі – тұтынушыны зерттеу. Оны қызықтыратын тақырып пен қажетті контент түрін білу. Мысалы, сіз спорттық киімдер сатасыз делік. Сіздің мақсатыңыз спорт түрлеріне қызығатын оқырмандарды табу, оларды бір ортаға жинау. Күнделікті қызықты ақпараттармен бөлісе отырып, өзіңіздің өніміңізді ұсынасыз. Бұл – инбаунд маркетингтің қарарайым ғана мысалы.
Инбаунд маркетинг қалай жұмыс істейді?
Барлығы тұтынушының бейінін зерттеуден басталады. Сіздің клиентіңіз кім? Оның жасы қаншада? Мақсаты қандай? Не қызықтыруы мүмкін? Қандай мемлекеттер немесе тақырыптарды желіден қарайды?
Келесі қадам клиенттің тауарды сатып алу туралы шешімді қалай қабылдайтынымен байланысты. Оның бір өнімге не қызмет түріне ақша төлеуіне не әсер етеді?
Есіңізде болсын, мұнда тауар жайлы контент емес, клиентті қызықтыратын контент қажет.
Әлеуметтік желідегі жарнама мен пайдалы контент – егіз ұғым. Мұның бағасы да төмен, тиімділігі жоғары, көп уақытты қажет етпейді. Контент арқылы өз аудиторияңызды тапқан соң, келесі кезеңге өтесіз. Бұл кезде жаңа ақпарат және сіздің тауарыңызбен байланысты контентті ұсынасыз. Оның қандай мәселелерді шешетіндігі жөнінде ақпарат беріңіз. Үшінші кезеңде тауарыңызды контент ретінде жаңа қырынан таныстырасыз. Мұнда өзге тұтынушылардың пікірі мен олардың тәжірибесінен алынған мысалдарды да қосуға болады. Соңғы қадам клиентте. Тауарды сатып алуы сіздің маркетингтік әдісіңіздің дұрыстығын көрсетеді.