Миллионер

Айсана Әшім және The Villаge Kazakhstan сайтының тарихы

Айсана Әшім: Заманға сай медиа саласын құрғым келді

Айсана Әшім – журналист, медиа кәсіпкер. The Villаge Kazakhstan мен Masa media сайттарының негізін салушы. Материал Ozgeris жобасындағы Айсана Әшімнің спичі негізінде дайындалды.

Арманшыл журналист

Оқу мен жазуды жақсы көретінмін. Журналистика мамандығына түскім келді. Бірақ үлкен әпкем осы саланы оқығандықтан анам рұқсатын бермеді. Маркетинг пен қаржы саласына оқуға түстім. Оқуды бітіргеннен кейін мамандығым бойынша жұмыс істедім. Өзімнің қалауым болмағандықтан бұл сала ұнамады. Жұмыстан шығып кеттім. Журналистика саласын түсінуге тырыстым. Кәсіпкермен жұмыс істейтін, заманға сай, пайдалы ақпарат шығаратын медиа саласын құрғым келді.

The Village жұмыс істеу жүйесі

The Village – бұл франшиза. Мұндай сайт Россия, Беларусь, Украинада бар.

Сайтты Қазақстанға енгізу жайлы ұсыныс түсті. Ойлана келе жасап көргім келді. Сәтті жоба болды. Осы кезде бас редактор қызметін атқардым. Сонымен қатар жеке блогымды жүргізетінмін. The Village мақала, жарнама баннерін сайқа шығару арқылы қаражат табады. Басқа компания немесе Village бірігіп жоба жасауға ұсыныс тастайды. Келіссөз жүргізетін адам сату ұршығын (воронкасын), клиентпен қалай сөйлесу керектігін білуі керек.

Алғашқы қиындық

Бастапқыда барлығы жақсы болды. 1 жыл өткеннен кейін қаржы жағынан қиындықтар басталды. Осы себеппен бизнес форумдарға қатыстым. Форумнан кейін сату ісіне басқаша қарайтын болдым. Жоспарым мен мақсатымды жаңа бағытқа бұрдым. Командама да жаңа идеялар ұсындым. Қазір барлығы дұрыс. Қаражат жағынан қиындық жоқ.

Миссияны анықта

Қай салада жұмыс істесеңіз де мақсатыңызды анықтап алыңыз. Бұл дүниені не үшін жасап жатырмын деген сұрақты қойыңыз. Менің мақсатым – дамыған қазақ тілді медиа сайт құру. Мақсатыма жеттім және әлі де соған ұмтыламын. Қазақстанда пайдалы контент ұсынатын сайттар аз. Мысалы, IT саласы бойынша сайт жоқ. Балаларға арналған керек ақпаратты таппайсыз. Ал бұндай мәліметті оқығысы келетіндер қаншама.

Қалағаныңды жаса

Қалай жасаймын? Мүмкін дұрыс болмай қалады-ау? Міне, осындай ой болса, онда сіз ешқашан жасай алмайсыз.  Жоспар құрып, қаражатты есептеп алыңыз. Сонымен қатар кәсіби біліміңіз болғаны абзал. Кәсіпкер немесе компаниямен серіктес болатын кезде де барлық нюансты толық тексеріп, біліп алғаныз дұрыс. Әйтпесе шығынға батқан кәсіпкердің бірі болуыңыз мүмкін.

Мақсатқа жеткізетін көпір

Команданы құрғанда адамның көзіне қараңыз. Көзіне тіке қарап, сөйлесу арқылы ол сізге қажет болатынын немесе болмайтынын анықтай аласыз. Көз жанарында оты бар адам тәжірибелі адамға қарағанда мықтырақ болады. Жаңа идеямен жүретін адамдарды таңдап алыңыз.

Айтылған сөз атылған оқпен тең

Айтқан сөзіңізде тұрыңыз. Егер бір ұсыныс немесе айлық сомасын уәде етсеңіз, орындаңыз. Осы кезде қызметкер сізге толықтай сеніп, өнімді жұмыс істейтін болады.

Жаңа бастама

Жаңа дүние жасап көріңіз. Қазіргі уақытта барлығы мүмкін. Салаңыздағы адамдармен көбірек араласыңыз. Сөйлеуін, іс-әрекетін бақылаңыз, тәжірибе жинақтаңыз.

Айсана Әшім оқуға кеңес беретін 3 кітап

«Камера обскура», Владимир Набоков

Набоковтың кітабын оқу арқылы сол сияқты жазуды армандайсың. Сондықтан Набоков осы тізімде міндетті түрде болуы керек. Ал кітаптың сюжеті өнертанушы Кречмардың отбасылық өмірі жайлы баяндалады.

«Atlas Shrugged», Айн Рэнд

Маған қатты әсер еткен кітаптардың бірі. АҚШ-тың экономикалық дағдарысқа ұшырауы суреттеледі. Халықтың ауыр кезеңнен өтуі баяндалады. Сонымен қатар адал еңбек, шындық, адам құндылықтары жайлы сөз етеді. Автордың еңбектері аз. Бірақ кітаптан кез келген адам өзіне қажетті құнды ақпаратты алады.

«Building a Culture of Freedom and Responsibility», Патти Маккорд

Кәсібі бар немесе бастағалы жатқан адамдарға оқуға кеңес беремін. Қызмет дәрежесіне қарамай кез келген адам компанияны табысқа жеткізе алатындығын сөз етеді. Бұл мені ынталандырды.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!