Біліп жүр

Кітаптар: Сыни және шығармашылық ойлауды қалай дамытуға болады

Сыни ойлауды дамытатын кітаптар тізімі

Кітаптар адамға су, тағам, ауа секілді қажет. Себебі тамақтану арқылы адамдар физикалық тұрғыдан әл жинаса, кітап рухани байытады. Ал шығармашыл адамдар үшін кітаптардың маңызы зор. Сыни ойлау кез келгеніміз үшін керек қабілеттердің бірі екені белгілі. Balbal.kz сыни және шығармашылық ойлауды дамытатын кітаптар тізімін назарыңызға ұсынады.

         Майкл Микалко, «Ойшыл: Шығармашылық ойланудың әдістер анықтамасы» (Thinkertoys:
A handbook of creative-thinking techniques)

Идеялар ауада «қалықтап» жүретіні сөзсіз. Бірақ мұндай идеяларды қалай ұстай аламыз? Сыни ойлау саласының маманы Майкл Микалко өзінің кітабында керемет идея ойлап табудың қыр-сырын айтады.

Жүзге жуық қызықты жаттығулар, жұмбақтар мен бас қатырғыштар бизнесіңізге көмектесетін жаңа идеяны табуға көмектеседі. Ал тарихтағы әлемді өзгерткен жобаларды мысалға келтіре отырып, автор өзі ұсынған әдіс-тәсілдерді пайдалануды үйретеді.

         Остин Клеон, «Суретші секілді ұрла» (Austin Kleon, Steal like an artist)

Данышпан болудың қажеті жоқ. Өзіңізбен-өзіңіз болыңыз. Остин Клеон ұсынған басты идея осы. Жас жазушы әрі суретшінің ойынша, шығармашылық барлығымыздың бойымызда бар. Бұл кітапта автор сыни ойлауға қатысты 10 кеңес береді.

Адамдардың басты керемет кемшілігі – идеалды көшірме жасай алмауында. Өзіміз армандайтын батырлар мен идеалдарды көшіре алмаудың арқасында, біз өз өмірімізге ие боламыз. Біздің эволюция да осыдан құралған.

         Марк Леви «Кездейсоқ данышпан», (Mark Levy, Аccidential genius)

Мәселенің шешімін табу үшін не керек? Дәстүрлі әдістер көмегін тигізбесе ше? Бізге не қажет? Марк Леви осы секілді сұрақтардың жауабын беріп, керемет идея жасаудың тиімді әдісін – фрирайтингті ұсынады.

Автор бұл әдісті бірнеше жыл қолданып көрген. Осы арқылы мақала мен кітаптар жазып, бизнестегі мәселелерді де шешкен. Марк Леви фрирайтингтің негізгі 6 құпиясын айтып, 15 қағидасы жайлы сөз қозғайды. Бұлар сіздің бойыңызда сыни ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

         Майкл Микалко «Креативті сындыру», (Michael Michalko, Cracking Creativity)

Біздің өміріміздегі кей мәселелер ерекше шешімді қажет етеді. Бұл кітабында Майкл Микалко тарихтағы белгілі сыни ойлау мамандарының құпиясы мен стратегиясын зерттеп, оны қарапайым өмірде қолданудың тәсілдерін айтады.

Дмитрий Чернышев «Адамдар қалай ойлайды», (Как люди думают)

Әлем ерекше ойлап, ерекше әрекет ететіндердің арқасында алға жылжиды. Дмитрий Чернышевтің ойынша, әрбір ойлану – шығармашылықпен тең. Алайда адамдар миын толық «жұмыс істеткісі» келмейді.

Бұл кітап ойлау жүйеңізді күшейтіп, миды «толық басқаруға» көмектеседі. Автор өз еңбегінде әр түрлі фактілер мен деректерді, тарихи оқиғалар, жұмбақтар мен бас қатырғыштарды ұсынған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!