Біліп жүр

Пимслер әдісі – шет тілді үйренудің оңтайлы жолы

Пимслер әдісі жайлы білесіз бе?

Пимслер әдісі – кез келген шет тілін жылдам үйренуге мүмкіндік беретін әдіс. Лингвист, дәрігер Пимслердің ойынша тілді үйрену үшін аудиожазбаны тыңдау керек. Ал түсінген ақпаратты қағазға жаза отырып, есіңізде тез сақтай аласыз. Balbal.kz Пимслер әдісі бойынша материал дайындады.

         Дәрігер Пимслер деген кім?

Пол Пимслер мектепті аяқтаған соң психологиялық статистика мамандығы бойынша білім алған. Оқуын аяқтаған ол француз тілі фонетикасы мен фонологиясынан сабақ беріп жүреді. Ұзақ уақыт жұмыс істеп, ұстаз тілді жылдам үйренудің әдісін іздестіре бастайды. Оның зерттеулері негізінде Пимслер әдісі пайда болды. Әдіс ақпаратты меңгеру мен жаттауға бағытталған. Уақыт өте Пимслердің бұл жұмысы тек танымал болып қана қойған жоқ. Тіл үйренушілердің арасында үлкен сұранысқа ие болды.

         Пимслер әдісі дегеніміз не?

Дәрігер Пимслердің аталмыш әдісінің негізгі мәні – аудиожазбаны тыңдау. Естіген сөздерді қағазға жазып, қайталап отыру қажет. Мұндай жағдайда сіз сөздерді жаттамайсыз. Барлығы еркіңізден тыс есіңізде сақталады.

Пимслер әдісі бойынша жасалған сабақтар 30 минуттан ұзақ болмайды. Бұл ақпаратты сапалы әрі жылдам қабылдауға көмектеседі. Әдістің негізгі кезеңдері:

  • Сөздер шет тілде және аудармасымен бірге жазбада айтылып отырады;
  • Диктор айтқан бөліктегі сөздер мен сөйлемді оқушы дауыстап қайталауы тиіс;
  • Оқушы ақпаратты түсінген соң келесі кезеңге өтеді;
  • Сөздерден қарапайым тіркестер мен сөйлемдерді құрайды. Осы арқылы кез келген адам шет тілін жылдам үйренеді;
  • Оқу барысында оқушы бұрын өткен сөздерді қайталай отырып, жаңаларын үйренеді.

Әдістің артықшылықтары

Пимслер әдісі тілді үйрену процессін жеңілдетеді. Сонымен қатар уақыты аз адамдар үшін өте тиімді. Бұл әдіс бойынша жасалған сабақтардың ұзақ болмайтынын айтып өттік. 1 курс 30 минуттық 30 сабақтан ғана құралуы мүмкін. Сондықтан бағасы да қолжетімді болары сөзсіз.

Адам жазбаны тыңдау арқылы өз акцентін де дұрыстай алады. Сөздердің дұрыс айтылуын бірден қабылдап, есте сақтайды.

Пимслер әдісін қолданышулырға қойылатын талаптар

Пол Пимслер ұсынған әдіс негізінде диктор мен оқушы арасында диалог орнайды. Сондықтан жазбаны мұқият тыңдаған жөн. Барлық сұрақтарға жауап беріп, сөздерді жаттау қажет. Ал жалпы курсты аяқтау үшін сіздің 45 сағат уақытыңыз қажет.

Ағылшын тілін Пимслер әдісі бойынша оқитындарға күніне екі рет жаттығуды кеңес етеді. Таңертең және кешкі уақытта бір сабақты қайталап оқыңыз. Тыныш орын тауып, сөздерді дауыстап айтқан дұрыс.

Курс нәтижесінде 1 күнде жүзден астам жаңа сөзді үйренесіз. Күніне 30 минутыңызды арнап, 1 айдан кейін өз ойыңызды еркін жеткізуге мүмкіндік аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!