Біліп жүрПсихология

Мидың әсері: Кейде әрекет нәтижеге жеткізе алмайды

Мидың кедейлік пен байлыққа әсері қандай?

Мидың кедейлік пен байлыққа әсері қандай? Миыңызда кедергі болса, әрекет сізді нәтижеге жеткізе алмайтынын білесіз бе? Бұл туралы митанушы, “ШТАБ” орталығының методологы Назерке Құлжабай әңгімелеп берді.

Назерке Құлжабай:

мидың жұмысы
Назерке Құлжабайдың жеке мұрағатынан

«Онлайн продюсер 2.0» курсы

Бұл курс онлайн продюсер мамандығын меңгеруге көмектеседі. Курс 6 бөлімнен тұрады. Курстың алғашқы бөлімінде эксперт туралы түсінік, инфоөнім жасау этаптары, онлайн продюсердің жеке брендін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар бірінші бөлімде неге ми ақшаға қарсыласатыны жөнінде айтылады.

Онлайн продюсер үшін инстаграм парақшасын дұрыс жүргізу аса маңызды. Екінші бөлімде осы инстаграмды жүргізу, сторис салуға байланысты сабақтар өтеді. Сондай-ақ команданы ұйымдастырудағы маңыздылықтар туралы айтылады.

Онлайн продюсер жетістікке жету үшін анализ жасай білу керек. Бұл мәселелерді үшінші бөлімде қарастырамыз. Осы бөлімде нарықты зерттеуге арналған “воронканың” қалай жұмыс істейтінін үйретеміз. Өнімді сату, өнім бағасы мен форматын анықтау да осы тарауда қарастырылады.

Ал төртінші бөлім инстаграмдағы сату сценарийіне арналған. Сценарий жазуда “прогрев жасаудың” маңызы зор.

«Прогрев» дегеніміз –  инстаграм парақшаңызда өзіңіздің өмірбаяныңыз бен курс туралы айтып, курстың құндылығын түсіндіріп, соны сату.

Ал курстың бесінші бөлімінде автоворонка мен автовебинар туралы айтылады. Бұл ұғымдарды вебинарды сату кезіндегі құпия туралы түсіндіру деп ұққан жөн.  

Курстың соңғы алтыншы бөлімінде нәтижені бекіту туралы айтылады. Онлайн продюсердің алға қойған мақсаты мен стратегиясын айқындау, сатуға байланысты нақты шешімдер қабылдау – осы тараудың басты тақырыптары. Сондай-ақ сату бөлімін құруды, өнімді қалай сатуды үйретеміз.

Көбісі осындай курстарға сенбейді. «Бұл да алдыңғы курстардың айтқанын қайталай ма? Ерекшелік жоқ па?» деген секілді қорқыныш та болуы да мүмкін. 

Мидың рөлі

Мәселен, курсқа 3 адам қатысты деп алайық. Курс аясында олар бірдей сабақ оқыды. Бірдей тапсырма орындады. Бірдей әрекетке көшті.  Алайда олардың нәтижесі әртүрлі болып шығады. Бұның себебі неде? Себеп мидың жұмысында яғни ойлау жүйесінде. 

Жетістікке жету үшін әрекет керек деп жатамыз. Бірақ әрекет мықты нәтиже болатынына кепілдік бермейді. Осындайда барлық мәселе миымызда жатқанын ұмытпауымыз қажет. Ми қалағанымызға жеткізеді не жетпеуге себеп болады.

«Онлайн продюсер 2.0» курсы және ми

Мәселен, 5 жасар бала ойыншық алғысы келді. Алайда ата-анасы оған «жоқ, болмайды» деп қарсылық танытты. Екінші мәрте бала тағы да ойыншық алғысы келді. Бірақ ата-анасы тағы “жоқ, болмайды” дейді. Сөйтіп, баланың миында “Егер мен бір нәрсені қаласам, бұл ата-анама ұнамайды. Олар маған ұрсады” деген секілді нейрондық байланыстар пайда болады. Бірақ бұл қарапайым оқиғаның баланың болашағына кәдімгідей әсер ететінін көбі біле бермейді. Есейгенде оның алдынан кедергі болып шыға береді.

Мысалы, ол кейін пәтер алғысы келді. Алайда кезіндегі ата-анасының сол қарсылығы оның әрекетін тежей береді. Миымыз автоматты түрде өздігінен шешім қабылдайды.

Психологтардың көбі болашақтағы проблеманың бәрі балалық шақтан дейді. Себебі баланың миы 7 жасқа дейін қалыптасып үлгереді.

Міне, курс барысында осындай жағдайларды айтып, тығырықтан шығу жолдарын үйретеміз.

«Онлайн продюсер 2.0» курсы аясында мидың мүмкіндіктерін тануды үйретеміз. Студенттеріміздің арасында «Эксперт таппай жүрмін» немесе «Команданы құра алмаймын» деген сенімсіздік пайда болса, бұл мәселені шешуге көмектесеміз. Мысалы, студентіміз бала кезінде дәл осындай жағдайды бастан өткерген болуы мүмкін. Нәтижесінде дайын тұрған эксперттен айырылады, команда құратын кезде өз ойынан айнып қала береді Міне, мидың әлемінде біз түсіне бермейтін осындай процестер болып жатады. 

Миды негативті ойлардан тазартайық

Қазіргі таңда біз негативті нәрселерді көп тыңдайтын, көп көретін болдық. Содан кейін мида жаман ойлар туындай бастайды. Ал бірақ біз миды сапалы әрі пайдалы ақпаратпен толықтыруымыз керек.

Мысалы, сізге «бауырсақ» десе, сіз оны елестете бастайсыз. Бәлкім, сілекейіңіз шұбырып, мұрныңызға иісі келуі де ғажап емес. Ал егер сізге «дуриан» деген жемістің түрін айтса, ойыңызға не келеді? Әрине, ештеңе. Себебі сіз осы уақытқа дейін оның дәмін татпағансыз. Сіз бауырсақты жегеннен кейін, көргеннен кейін оны еркін елестете аласыз яғни миыңызда «бауырсақ» деген нейрондық байланыс бар. Ал «дурианді» өміріңізде көрмегендіктен ол туралы ойға еш нәрсе келмейді.

Біз бұл мысал арқылы мида жинақталған барлық ақпарат түрлі сезім мүшелері арқылы қоршаған ортадан келгенін айтқымыз келді. Мида «бауырсақтың» арнайы проекциясы бар. Ал «дуриандікі» жоқ. Осы мысалдан-ақ  мидың қалай жұмыс істейтінін байқауымызға болады. Егер біз өмірімізде жақсы жағдайлардың орын алғанын қаласақ, онда біз үнемі жақсы ақпаратты жинақтауымыз, жақсы нәрсені ойлауымыз керек. Ал қазіргі таңда біздің санамыз негатив ойларға толы. Сол үшін миды негативті ойлардан тазартуымыз керек.

Кедей және бай адам миының айырмашылығы

Негізі адамдарды кедей және бай деп бөлген дұрыс емес. Алайда олардың миының жұмысында біршама айырмашылық болатынын ескергеніміз жөн.

1960-жылдары америкалық нейрофизиолог Пол Маклин адамның миын үш бөлікке бөліп қарастырады: рептильді, лимбикалық, неокортекс.

Рептильді ми инстинктке, лимбикалық ми сезім мен эмоцияға, ал неокортекс ми ой мен анализге жауап береді екен.

Кедей адам рептильді және лимбикалық ми дәрежесінде ғана ойлай алады. Бай адам ең жоғары неокортекс деңгейінде ойлауға мүмкіндігі бар.

Мысалы, табысы мол адам шешім қабылдау барысында инстинкт немесе эмоцияға ерік бермейді. Тек логикалық тұрғыдан дұрыс ойлап, бірнеше бағытты саралай отырып, алға қадам жасайды. Ал табысы аз адам көп жағдайда шешім қабылдау барысында эмоцияға беріліп, қорқа бастайды. Сөйтіп ол әрекет жасауға батылы бармай, үнемі  қорқыныш үстінде жүреді. Содан кейін оның әрекеті де алға баспайды. Ал әрекет болмаса, нәтижеге де орын жоқ.

Митану саласы бойынша ТОП-3 кітап

  • Роджер Сайп «Brain Development» (Развитие мозга) кітабы;
  • Андрей Курпатов «Красная таблетка»  кітабы;
  • Джон Медина «Brain rules» (Правила мозга) кітабы.

Энергия және ми

Кей сәтте ештеңе істемесек те өзімізді шаршаңқы сезінеміз. Ол кезде телефонмен әуре боламыз немесе құр жатамыз. Бұған себеп – бітпеген істердің көптігі. Егер сіз жоспарлаған істерді аяғына дейін орындамасаңыз, миыңыз сол нәрсені ұмытпай, есте сақтап жүреді. Осының кесірінен энергия азайып, шаршай бастайсыз. 

Мәселен, досыңызға хабарласып, онымен келесі аптада кездесу керегін айттыңыз. Осы уақытта ми автоматты түрде бұл сөзіңізді қабылдап, оны жазып алады. Ал бірақ сіз досыңызбен жолыға алмай жүрсіз делік. Бұл тірлік мидың бір бұрышында сақталып, «жолығу керек еді», «кездесу керек еді» деп дабыл қағып тұрады. Сіз ешқандай әрекет жасамасаңыз, бұл ой мида тұрып, шаршата бастайды. Ал егер сіз досыңызға қайта хабарласып, уақытыңыз болмай жүргенін, кездесуді кейінге қалдыратыныңыз жөнінде айтсаңыз, ми бұл туралы ойлауды қойып, энергия құртуды доғарады.

Күнделікті өмірімізде дәл осындай мысалдар жеткілікті. Мәселен, қарыз төлеу, несие жабу, пәтер ақысын төлеу, қоқыс шығару, ыдыс жуу.

Ал энергияны далаға шашпай, үнемі сергек жүру үшін:

– барлық істерді қағазға жазып шығыңыз;

– маңыздылығын жоғалтқан істерге мән бермеңіз;

– жоспарлаған істеріңізді уақытында орындап тастауға тырысыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!