Біліп жүр

2020 жылдың тренді – 0 теңгелік визитка

2020 жылы визитканың бар пайдасын көріңіз

Визитка кез келген жарнама сияқты алапат күшке ие. Ол сіз бен біздің жұрт алдындағы бет-әлпетіміз. Имиджіміз. Визиткадағы «мұрныңыз» қисық, «шашыңыз» ойпы-тойпы, «киіміңіз» дақ болса, кім сізді көзге іледі, оқырман? Визиткамен байланысты бар мәселе мұнымен бітпейді. Керісінше басталады.Неге? Визиткамен байланысты сіздің басыңыздан қандай оқиға өтті? Жалпы, үш категорияға жататын адамдар барын білгейсіз: визитканы жасатып көрмегендер, визиткасын бермейтіндер және визитканы ұнататындар.

Ескерту! Материалға арқау болған оқиғалардың барлығы шынайы өмірден алынған.

Жадыраның жанды жері

Жадыра стартапер. Өз кәсібін дамытамын деп жүргеніне жарты жылдан асты. Ол Алматыда өтетін бизнес-форумдардан, семинарлардан қалмайды. Жарты жылда екі рет визитка жасатты. Қазір ол таныс дизайнерге өтініш айтудан ұялатын болды. Ал визиткадағы ақпарат қырсық шалғанда өзгере берді. Онымен қоймай маңызды адам жолыққанда визиткасы таусылып қалатын. Ертең де ол ығайлар мен сығайлар жиналған кешке қатысады. Әңгіме арасында өзін жақсылап таныстыруды мақсат тұтады. Алайда қолындағы визиткаға қарап оның көңілі толмады. Ақпарат өзгергенмен өзі, ойы өзгерген сияқты. Визиткадағы әр дерек, бір ауыз сөз оның жалындаған энергиясын жеткізгенін армандады. Бірақ ертең ол үнсіз ғана визитканы таратпақ. Сосын 6 айдағы үшінші визиткасына тапсырыс береді.

Ермектің күтумен өткен есіл уақыты

Ермек үлкен компанияның белді қызметкері. Аптаның 5 күнін ол іскерлік кездесулермен өткізеді. Визиткасыз 1 күн қалу ол үшін уақытты өлтірумен тең. Сондықтан оған шұғыл визитка жасату керек болды. Алайда бір адамның визиткасына тапсырыс беру компания үшін тиімсіз. Содан болар ол бар қызметкерлердің деректері жиналғанын күтті. Одан соң дизайнерлік өзгеріс енгізілуін асыға тосты. «Осы жолы визиткам қолыма тез түседі» дегені тағы іске аспады. Сарғая күтіп жүргенде маңызды кездесуден бір-ақ шықты. Бармаса болмайды. «Визиткаңызды бере салсаңыз» деген кезде Ермек ыңғайсыз жағдайға қалды.

Мифтің күл-талқанын шығарамыз

Жадыра мен Ермектің оқиғаларынан сіз өзіңізді таныдыңыз ба?

Әлде визитка жасатып көрмеп пе едіңіз?

Әлде бар визитканы бермейсіз бе? Мұны кәсіпкерлер мен пысықайлардың пәрменділігі, ермегі деп қабылдайсыз ба? Ендеше, тыңдаңыз, бұл өтірік. Көптің арасында таралған жалған миф. Визитканың өз қызметін ұсынатын, белгілі бір өнім сататын кез келген адамда болуы заңдылық.

Визитка жасатуға бәріміз тіпті міндеттіміз. Себебі бәріміз әлдекімге әлдебір қызметті ұсынатын адамбыз.

Визитка жасарда 4 сұраққа жауап беріңіз

Визиткаңыз дайын. Алайда ол ертең сізді басқалардан ерекшелендірмеуі мүмкін. Нәтижесінде ақшаға жасатқан дүниеңіз бірнеше минуттан соң умаждалып, қоқыстан бір-ақ шығады.

Визиткаңыздың «тағдырына» алаңдасаңыз, 4 сұраққа жауап беріңіз.

Визиткаңызды кімге ұсынасыз? Сонда ғана сіз оның қандай форматта болуы керектігін түсінесіз.

Қай жерлерде визитканы таратасыз? Қай ақпараттың визиткада жазылғаны маңыздырақ екендігіне көз жеткізесіз.

Мақсатыңыз қандай? Визиткаңыздың форматы белгілі болады. Сонымен қатар қандай мәлімдеме жасайтыныңызды шешесіз.

Техникалық ерекшелері қандай? Визитканың өлшемі, материалы мен пішіні бойынша таңдау жасайсыз.

Визитканың «мұрны», «көзі» һәм «шашы»

Өлшемі

Әр мемлекет әртүрлі пропорцияны ұстанады.

Мемлекет Ені биіктігі
Ресей 90 50
Қытай 90 54
Франция 85 55
Германия 85 55
Жапония 91 55
АҚШ 89 51

Қазақстан болса, визитка бойынша көрші Ресейдің пропорциясын ұстануды жөн санайды.

Материалы мен түсі

Визитка әртүрлі қағаздан жасалынады. Бастысы қолмен ұстағанда ол қымбат дүниедей әсер қалдыруы тиіс. Сондықтан 250 г/ш.м. жұқалау қағазға жасатпаңыз. Түсін фирмалық стильге сәйкес етіп таңдау қажет. Болмаса жай ғана ақ түске тоқтаңыз.

Пішіні

Дөңгелек, тіртөртбұрыш, үшбұрыш не бір шеті бүгілген… Міне, фантазияға байланысты визитканың пішіні осылай өзгере береді. Мұндай визитканы тек арнайы тапсырыспен жасата аласыз. Ол, әрине, ақылы қызмет.

Визитканың бет жағы

Визитканың бет жағында мынандай деректер болуы тиіс: логотип, дескрипшн (сіздің қызметіңіз), аты-жөніңіз, қызметіңіз, байланыс нөміріңіз.

Визитканың арт жағы

Көбісі арт жағын бос қалдырады. Негізі мұнда сіздің коммерциялық ұсынысыңыз, офферіңіз жазылуы тиіс. Мұны оқыған адам сізге хабарласқысы келетіндей сезім туындауы керек.

2020 жылдың тренді

Осы ақпараттың бәрін есте сақтай алдыңыз ба? Визитка жасауға уақытыңыз бен фантазияңызды жұмсауға дайынсыз ба? Екі сұрақтың да жауабы «жоқ» болса, сізге керегі – видеовизитка.

Advecard мобильді қосымшасын жүктеп аласыз. Тегін.

Арнайы үлгіге өз деректеріңізді енгізесіз. Фотоңызды не компания логосын қоясыз.

Айналдырған 2 минуттың ішінде 0 теңгеге визиткаңызды жасап шығасыз. Ешкімнен көмек сұрамайсыз. Қағазды шығындамайсыз. Пішіні, өлшемі, түрі мен түсі туралы бас қатырмайсыз. Кез келген уақытта ескірген ақпаратты жаңамен ауыстыра аласыз. Кез келген мессенджер арқылы визиткаңызды жолдай аласыз. Ол жерге өзіңіз, компанияңыз, өніміңіз жайлы 1,5 минуттық видео қоя аласыз. Сонда сізде толыққанды видеовизитка пайда болады. Ол видеоны еш қиналмай смартфонға-ақ түсіре салуға болады. Видеоның «уау» болуы, әлбетте, креативті қажет етеді. Бірақ белгілі бір ресурстарды талап етпейді.

Advecard жүктерде абай болыңыз

Классикалық қағаз визитка мен видеовизитканың орасан зор айырмашылығы бар. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» дейді. Бұл жағдайда видеовизиткасы бар адамның алдынан шығатын мүмкіндік мол. Себебі клиент бір жапырақ қағазды емес,  дәлелге толы видеоны көре алады. Демек ақпарат оның жадында ұзағырақ сақталады. Ол мазалаған сұрақтарына бірден жауап алуы мүмкін. Бір видеоға қарап ұзақ ойланбастан бір шешімге келуі ғажап емес. Осылайша видеовизитка сіздің және клиентіңіздің уақытын үнемдейді.

2020 жылдың тренді
Видеовизитка @Balbal.kz

Advecard-қа тіркелгендер өзгелердің де визиткаларын көре алады. Оларға назар аударуға септік ете алады. Ол үшін «көруге ұсыну» батырмасын басу шарт. Ең қызығы, алдағы уақытта қажет болатын маңызды визиткаларды «визиткалардың сандығына» сақтап қоя алады. Онымен қоймай видеовизиткадағы кілтсөз бойынша қажет мамандарды іздестіре алады. Керісінше өзіне қажет клиентті таба алады. Ең бастысы, визиткадағы адамға хат жіберуге мүмкіндік бар. Бірақ сіз онымен диалог құрмайсыз. Жай ғана кері байланысқа шығуын өтінесіз.

Advecard жүктерде «Білек сыбана жұмыс істеуге дайынсыз ба?» деген сұраққа бас қатырыңыз. Бұл сізді мазалауы тиіс негізгі сұрақ.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!