5 минуттық жиналыс 3 кезеңнен тұрады. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
1-кезең — жаттығу. Ұзақтығы — 2-3 минут.
Жеңіл дене жаттығулары орындалады. Отырып тұру, бір орында секіру, белді айналдыру сияқты.
2-кезең — күннің басты мәселесі. Ұзақтығы — 5 минут.
Жиналысты жүргізуші адам ұжымға бір мәселені айтады. Мысалы, инстаграмды қалай дамытамыз? Әр адам өзінің ойы мен идеясын айтып шығады. Үздік идея, ұсыныс бір апта көлемінде орындалуы қажет.
3-кезең — мәселе/шешім. Ұзақтығы — 3-4 минут.
Тақтаға мәселе/шешім деп жазылады. Жұмыста болған кез келген мәселені жазып шығады. Мәселені жазған адам қасына шешімді де жаза кетеді. Мысалы, факс жұмыс жасамайды. Таза су таусылып қалды. Кабинеттің іші лас т.б мәселер.
4-кезең — ойын. Ұзақтығы — 5 минут.
Кез келген ойын түрін ойнауға болады. Логикалық, адамды сергітетін ойын түрін таңдаған дұрыс. Жиналысты өткізуші адам бүгінгі күнге сәттілік тілеп қорытындылайды.
5 минуттық жиналыс өткізу бойынша нұсқаулық
Жиналысты күнде өткізіңіз;
Жиналысты өткізуші адам әр күн сайын ауысып отырады;
Адамдар жиналыста тұрып тұрады;
Егер мәселе ауқымды тақырыпта болса, оны шешу келесі күнге ауыстырылады;
Айтылған идеялар жай сөз жүзінде қалмауы керек. Орындау қажет;
Жиналыстың ұзақтығы 15 минуттан асып кетпеуі тиіс.
Бастапқыда жиналыстың мағынасын түсінбеуіңіз мүмкін. Бірақ уақыт өте келе пайдасын түсінетін боласыз.
«BI Group» компаниясында жоғары басшыдан бастап қарапайым қызметкерге дейін осы жиналысқа қатысады. Нәтижесінде «BI Group» жетекші компаниялардың біріне айналды.
Дайындаған: Гауһар Бердібек