Біліп жүр
Ғаламдық заңдар және ақша
Ақшаға мен байлық жөнінде ғалымдар айтқан ғалам заңдары жайлы біліңіз
Ғаламдық заңдар – адам мен Ғаламның байланысын зерттеуге бағытталған заңдылықтар. Бұл принциптер герметизм ғылымы негізінде пайда болған. Ғаламдық заңдар бірнеше негізгі бөлімдерден тұрады. Солардың бірі – ақшамен байланыс. Balbal.kz сайты ақша жайлы Ғаламдық заңдарын ұсынады.
Ақша энергиясы
Ақша – қуаттың ақша, монета және өзге де байлықтар арқылы көрініс тапқан бір түрі. Мұндай энергия жағымсыз не жағымды деп бөлінбейді. Энергия – бейтарап. Ал оны өзгертетін біздің сезіміміз бен ойымыз. Демек қуатты қозғалысқа алып келетін біздің өзіміз. Қуатпен байланыс орнату арқылы оған өмір сыйлаймыз.
Ақша энергиясы бізді байытады не кедейлендіре түседі. Барлығы әрекетеміз бен ойымызға байланысты орын алады. Егер ақшаға деген көзқарасыңыз оң болса, ақшаның қуаты сізге бақытты табуға көмектеседі.
Ақша жайлы Ғаламның 5 заңы
Қуат күшейген сайын мүмкіндіктер шегі де кеңейеді
Ғаламның бірінші заңында ақшаға құрметпен қарау керек делінеді. Бақытты сатып алу мүмкін емес. Дегенмен ақшаға сізді бақытты ететін заттарды сатып алуға болады. Материалдық құндылықтар адамға табыс әкеліп, толығымен қамтамасыз етеді. Қажеттісін сатып алып, өзін рухани қанағаттандырады. Сіздің энергетикаңыз күшейген сайын ол тазара түседі. Ал ақшаның қуаты күшейсе, мүмкіндіктер де сізді қоршайды.
Ойды бақылауда ұстау
Ақшаны өзіңізге тартудың бір жолы – ойыңызды бақылауда ұстау. Менталды деңгейде қандай ойлар пайда болса, өміріміз де сондай болмақ. Соныдықтан ойыңыздан кедейлікті шығарып тастаңыз. Барлық жағымсыз нәрселерді жойыңыз.
Энергия сіздің айтқаныңызбен жүреді
Материалдық жетістік жайлы армандаудан ұялмаңыз. Осылайша сіз өміріңізге байлық пен табыстың энергиясын шақырасыз. Мұнда дұрыс армандай алу да маңызды. Неге жетіп, қандай нәрсені иеленгіңіз келетінін елестете алу – бақытты өмірдің кілті.
Ақша үшін магнитке айналыңыз
Табыс энергиясына неғұрлым зейін қойған сайын Ғаламмен екі ортада байланыс күшейеді. Еш уақытта жеткен жетістігіңізде тоқтап қалмаңыз.
Қарыз болу дегенді ұмытыңыз
Бай болып, табысқа жетудің практикалық жолдары жетерлік. Алайда олардың барлығы іске аса бермейді. Ақша әрдайым айналымда болу керек. Ол қолдан қолға өтуі тиіс. Сонда ғана ақша өзінің қуатынан айырылып қалмайды.
Ақша жайлы Ғаламдық заңының ең соңғысы «ақшаны қуана-қуана беріңіз» дегенді білдіреді. Қарызыңызды өтегенде, жолақысын төлегенде «ақша мені тастап кетті» деп ойламаңыз. Қуанышпен берілген ақша ғана өзіңізге қайтып келеді. Бұл – ақша энергиясының заңдылығы.