Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыттан бастап әлемнің көптеген елдерімен достық қарым-қатынас орнатты. Мұндай қарым-қатынас негізінде ел азаматтары көптеген мүмкіндіктерге ие болып отыр. Мысалы, саяхат кезінде кей елдер визаны белгілі мерзімге дейін талап етпейді. Сонымен қатар бір елдің визасымен өзге елдерге саяхат жасай аласыз. Balbal.kz Қазақстан азаматтары визасыз саяхаттай алатын елдер тізімін ұсынады.
1 жылға дейін
Грузияда ел азаматтарына 1 жылға дейін визасыз жүріп-тұруға мүмкіндік беріледі.
180 күнге дейін
ҚР Сыртқы істер министрлігі Республика азаматтарына визасыз баруға болатын елдер тізімін дайындап, ел назарына ұсынған. Бұл тізімді министрлік сайтынан және egov.kz порталынан біле аласыз. Минимтрліктің хабарлауы бойынша, қазақстандық туристер мына елдерде 180 күнге дейін визасыз демала алады:
- Армения;
- Сент-Винсент және Гренадины
90 күнге дейін
Қазақстаннан келген туристер төменде көрсетілген 11 мемлекетте 90 күн визасыз демала алады:
- Албания;
- Беларусь;
- Колумбия;
- Коста-Рика;
- Қырғыстан;
- Мальдив аралдары;
- Молдова;
- Моңғолия;
- Ресей;
- Түркия;
- Украина;
30 күнге дейін
Тізімдегі 15 мемлекетте Қазақстан азаматтары 30 күн визасыз қыдыра алады:
- Аргентина;
- Барбадос;
- Бразилия;
- Гонконг;
- Индонезия;
- Оңтүстік Корея;
- Ливан;
- Малайзия;
- Бірікке Араб Әмірлігі;
- Сербия;
- Тәжікстан;
- Өзбекстан;
- Филиппиндер мемлекеті;
- Черногория;
- Эквадор.
Виза алу жеңілдетілген елдер
Егер визаны алып үлгермесеңіз не болмаса виза рәсімдеу кезінде кезекті тұруды қаламасаңыз, бірден әуежайда алуға да болады. Мысалы:
- Бангладеш: 30 күндік визаны әуежайдан 63 еуроға алуға болады;
- Камбоджа: визаны ұшақтан түскен соң 30 күнге аласыз;
- Лаос: виза ұшақтан түскен уақыттан бастап 30 күнге дейін беріледі;
- Непал: елге келген соң 15 күннен 90 күнге дейінгі визаны әуежайдан алуға болады;
- Шри-Ланка: виза 30 күнге беріледі;
- Таиланд: әдетте виза 15 күнге дейін беріледі;
- Шығыс Тимор: 30 күндік визаны 30 долларға ала аласыз.
Мұндай мүмкіндіктерді Африканың бірнеше мемлекеті, мұхат жағасында орналасқан аралдар мен Кариб теңізіндегі елдер қазақстандық туристерге ұсынып отыр.
Бір визамен бірнеше елді аралау
Кейбір елдерді өзге мемлекеттің визасымен аралауға болады. Мысалы, сізде АҚШ визасы болса, сіз Босния және Герцеговина, Белиз, Оман секілді елдерді барып, көре аласыз. Ал Хорватия, Румыния елдерінің визасы арқылы Болгария мен Кипрге саяхат жасауға болады.