Біліп жүр

«Балуан Шолақ» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті

Бүгін Алматыда «Kinopark 8 Moskva» кинотеатрында «Балуан Шолақ» көркем фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Режиссер Нұргелді Садығұловтың тарихи кинолентасы палуан, әнші әрі композитор Балуан Шолаққа арналған.

Іс-шараға туындының сценарий авторы Дулат Исабеков, режиссері Нұргелді Садығұлов, операторы Ренат Қосай, продюсері Сәбит Әбдіхалықов, актерлер Альбина Шардарова, Сафуан Шаймерденов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Солдан оңға қарай: Сафуан Шаймерденов, Альбина Шардарова, Нұргелді Садығұлов, Сәбит Әбдіхалықов

Естеріңізге сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Тоғызбұлақ және Кеген ауылдарында, Павлодар қаласында және Бурабай өңірінде өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан.

Фильм айналымға 2019 жылдың басында шығады деп жоспарлануда.

Картинаның режиссері Нұргелді Садығұлов баспасөз отырысында өзі үшін маңыздысы жас ұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету болғанын айтты. «Фильмнің қалай шыққанын экран көрсетеді. Түсірілім тобымен өте жақсы жұмыс жасадық. Әсіресе актерлерді – Балуан Шолақты сомдаған Еркебұлан Дайыровты, Ақылбайды ойнаған Медғат Өмірәлиевті және Долгоносовтың образын аша білген Александр Багрянцевті атап өткім келеді»,- деді ол.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!