Біліп жүр

Бизнес-идея: Нәзік жандыларға арналған мүмкіндіктер

Әйелдер мен қыздарға арналған кәсіп түрлері

Бизнес әлемі тек ерлерге ғана арналмаған. Өздеріне ұнайтын іспен айналысу арқылы нәзік жандылар да өз табысын табу үстінде. Мұндай кәсіптер бірнеше белгіге қатар жауап береді. Олар: әдемілік, қарапайымдылық, табысты және жанға жайлылылық. Balbal.kz сайты әйелдер мен қыздарға арналған шағын әрі көп шығынды қажет етпейтін бизнес-идеяларды ұсынады.

Тұз үңгірі

Тұз үңгірі – әйелдерге арналған ең ыңғайлы кәсіп. Себебі мұндай бизнестің мақсатты аудиториясы көбіне әйелдер мен балалар. Ал бұл адамдармен тіл табысу қиынға соқпайды. Екіншіден, қарапайым әрі табысты кәсіп болып табылады. Барлық жұмысты галогенератор жасайды. Үшіншіден, үңгірдің ішін әрлеу шығармашылықты қажет етеді. Сонымен қатар тұз үңгірі шағын қалаларда да табысты бола алады.

Косметика сату

Косметика саласында қандай жаңашылдық болуы мүмкін? Сән әлемінде шағын кәсіпкер өз пайдасын таба алатын нишалар жетерлік. Өйткені косметикалық құралдардың түрі көп: кәсіби және элиталы, табиғи немесе сәндік, бренд немесе қолмен жасалған косметика. Тіпті емдік косметиканың түрлері де кездеседі. Ал оны әлеуметтік желі арқылы, каталог арқылы, сауда үйіндегі шағын дүңгіршекте де сатуға болады.

Маникюр салоны

Кәсіби маникюр орталықтарының жұмысы еш уақытта тоқтамайды. Дағдарыс кезінде алынған сауалнама бойынша әйелдердің тек 1% ғана өз ақшасын үнемдейтінін айтқан. Бұл маникюр салонының әйелдер үшін тиімді кәсіп екенін көрсетеді.

Өз ісіңізді түрлі форматта бастай аласыз: нейл-бар, маникюр кабинеті, маникюр студиясы, маникюрді үйде жасау. Сонымен қатар сән әлемінен арнайы білімнің болуын қажет етпейді. Шеберлерді өз салоныңызға жұмысқа шақыруға болады. Мұндай салон ашу үшін шамамен 800 000-900 000 теңге көлемінде қаражат керек.

Фреш-бар

Жаңа сығылған сусындар шөлді де жақсы қандырады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін жақсы ұсыныс болады. Кәсіптің мұндай түрін ашу үшін көп шығын қажет емес. Ал оның дайындау техникасы өте қарапайым.

Көйлекті жалға беру кәсібі

Көйлекті жалға беру – табысты әрі қыздар арасында танымал қызмет түрі. Қазіргі уақытта мұндай кәсіпті әлеуметтік желі арқылы да дамыта беруге болады. Басқару мен бизнестің құрылымы да аса күрделі емес. Сол себепті бизнес-идея бизнесті енді бастаушылар үшін тиімді. Көйлекке кеткен шығын 4-5 рет жалға берген соң қайтарылады.

Карамельдегі жеміс

Карамельдегі жемісті дайындау мен сату сізге қиындық туғызбайды. Өз қиялыңызға қарай жеміс пен тәттілерді үйлестіре алсаңыз болды. Әдетте карамельдегі алма мен шоколадқа малынған банандар сұранысқа ие. АҚШ-та мұндай тәттілер қалалық жәрмеңкелер мен мейрамдарда жиі сатылады. Жемісті карамельдейтін аппаратты (карамелизатор) 75-80 мың теңгеге сатып алуға болады. Ал көшедегі орынды дайындауға шамамен 300-400 мың теңге керек.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!