Біліп жүр

Бутстрэппинг – инвестицияны қажет етпейтін бизнес

Бутстрэппинг не екенін біліп алыңыз

Әлем бойынша бутстрэппинг кәсіпкерлер арасында үлкен танымалдылыққа ие. Бүгінгі күні өз кәсібін бутстрэппинг арқылы бастап, сәтті жүргізіп жүрген кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Бутстрэппинг дегеніміз не?

Бутстрэппинг мәні – жаңа компанияны құру немесе дамыту үшін өз қаржыңызды пайдалану. Жас кәсіпкерлердің басым бөлігі инвестордың көмегіне жүгінуді жөн көреді. Инвестиция арқылы кәсіптің табысқа жету ықтималдығы жоғары деп есептейді. Дегенмен бұл әдісті 100%­ тиімді деп санау қателік. Себебі кәсібіңіз шығынға ұшыраған күннің өзінде инвестордың қаржысын қайтаруға міндеттісіз. Apple, AppSumo, Craigslist, Facebook, Hewlett-Packard, MailChimp, Microsoft компаниялары бастапқыда бутстрэппинг әдісін қолданған.

Бутстрэппингтің тиімділігі неде?

Кәсіптен түскен қаржының 100%-ы өзіңізге тиесілі. Бюджетін ұтымды пайдаланатын кәсіпкер инвесторлардың арасында жоғары бағаланады. Бутстрэппинг сізге ойыңызды еркін жүзеге асыруға көмектеседі. Тәуелсіз жұмыс істей аласыз.

Бутстрэппингтің кемшіліктері

Жұмысты тым баяу жүргізсеңіз, кәсіптің қоғамға қажеттілігі төмендеп, шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Ісіңіз алға баспаған жағдайда ұзақ уақыт бойы жинаған қаржыңыз желге ұшады.

Беделді бутстрэппер болғыңыз келсе

Ең алдымен жас бутстрэппер ретінде өз аудиторияңызды зерттеңіз. Көпшілікке қажетті, бәсекеге қабілетті кәсіппен айналысыңыз. Мүмкіндік бар жерде өңіміңізді, қызметіңізді жарнамалағаныңыз дұрыс. Қаржы аз кездегі креативті ойлардың негізінде сапалы  өнім шығады.

Біліміңізді жетілдіріңіз. Бутстрэппинг туралы дәрістерді тыңдап, кітаптарды оқыңыз, кәсібіңізге пайдасын береді.

Бірінші кезекте Годин Сеттің The Bootstrapper’s Bible (Бутстрэппер Інжілі) кітабын оқуға кеңес береміз.

Үнемшіл болыңыз. Бутстрэппер үшін аз ғана қаржының өзі маңызды екенін естен шығармаңыз. Сондықтан қаражатыңызды дұрыс пайдаланыңыз.

Асығыс шешім қабылдамаңыз. Кейде бос уайымның салдарынан кәсіпкер бұрыс шешім қабылдап жатады. Абыржымауға кеңес береміз. Бұрын-соңды болмаған ерекше қызмет көрсету жүйесінде ойлаңыз. Жапониядағы үй жануарымен бірге тамақтануға мүмкіндік беретін зоо-дәмхананы мысалға алайық. Ең алғаш зоо-дәмхана 2004 жылы Осака қаласында пайда болды. Қазіргі таңда танымалдылығы күллі әлемге тараған. Зоо-дәмхана қоғам қажеттілігін анықтай отырып, халықтың сұранысын қанағаттандырды.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!