Біліп жүр

Чек-лист: Жасау және қолдану жолдары

Чек-лист және оны жасау мен қолданудың әдістері

Чек-лист әрбір ұшқышқа таныс нәрсе. Себебі авиация саласында бәріміз білетін «әрекеттер тізімі» пайда болды. Чек-лист – блокнотта, смартфонда, жазу тақтасында құрылған іс-әрекеттер жоспары.  Тізімдегі мақсат немесе әрекет орындалғанда өзіңізге ыңғайлы белгімен белгілеп отырасыз. Назарыңызға чек-листті жасау мен қолданудың жолдарын ұсынамыз.

Чек-листтің пайда болуы

Жоғарыда чек-листтің авиация саласында пайда болғандығын айттық. Өз уақытында ұщқыштарға ұшақты басқару бірнеше қиындықтарды тудырды. Ұшу процессін қауіпсіз ету үшін олар әрбір әрекет пен кішкентай процедураның орындалуын белгілеп отырды. Осылайша әлемге «чек-лист» ұғымы таралды. Қазіргі уақытта маркетологтар чек-листті өз мақсаттарына қолданады.

Чек-лист қалай көмектеседі?

Егер сізге белгілі жетістікке жету үшін белгілі әрекеттерді кезегімен орындау керек болса, чек-листті қолданып көріңіз. Қойын дәптеріңізде, смартфонда жазылған жоспарды күнделікті орындау арқылы өзіңізді жетістікке жетелейсіз.

Кейде әрекет ету реттілікті қажет етпейді. Тек бақылап отырсаңыз жеткілікті. Мысалы, дүкеннен алу керек тауарлар тізімін жаздыңыз делік. Сізге барлығын сатып алу үшін нақты реттілік керек емес. Тізім бір нәрсені ұмытып кетпеуіңізді еске салып отырады.

Сонымен қатар чек-листіңіз мотивацияның құралы да бола алады. Орындалуы керек міндеттеріңізді барынша бөлшектеп тастаңыз. Пайда болған бөліктер сіздің чек-листіңізге айналады. Орындау керек міндет сізге айтарлықтай қиын болып көрінбейді.

Чек-листті пайдалы әдеттерді қалыптастырудың құралы ретінде пайдалануға болады. Дұрыс тамақтанудың немесе физикалық жаттығулардың күнделікті тізімін жасаңыз. Осылайша жетістікке жету жолында өзіңізді бақылауда ұстай аласыз.

Жағдайға байланысты өз чек-листіңізді жасаңыз

  1. Міндетті орындау. Чек-листтің кең таралған түрі. Жоғарыда айтып өткендей, белгілі жетістікке жетуге арналған әрекеттер тізімін жасайсыз.
  2. Шұғыл. Шұғыл жағдай орын алғанда қолданылатын чек-лист. Ұшқыштарда орындалған іс-әрекеттерден бөлек, апатты жағдай орын алған кезде жасалуы керек әрекеттер алгоритмі жазылған чек-лист те болады.
  3. Тәртіп орнату. Жоғарыда айтқан мотивация беретін чек-лист деп отырғанымыз осы.

Жылдам орындалуы керек әрекет. Міндетті жылдам орындау үшін чек-лист дайындауға да болады.

Чек-листтің түрлері

Жаса-Орында (Do-Confirm)

Тәжірибелі мамандарға арналған чек-лист. Олар өз жұмысының сапасына сенімді болады. Әрекеттер тізімі тек еш нәрсенің ұмыт қалмағанын тексеру үшін ғана қажет.

Оқы-Орында (Read-Do)

Өз міндетіне енді кіріскен жандарға арналған. Оларға барлық әрекеттер тізімін оқып шығу қажет. Бұдан кейін қарапайым жұмыстар легін тізім бойынша орындайды. Мысалы, жиһаз құрау.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!