Біліп жүр

EQ: Эмоционалды интеллектті дамытудың жолдары

Трэвис Брэдберридің EQ-ді дамытуға арналған кеңестері

EQ немесе эмоционалды интеллект – менеджердің құпия құралы. Зерттеу нәтижесі бойынша үздік менеджерлердің 90%-ы эмоционалды интеллектке ие. Мұны кез келген адам өз бойында дамыта алады. Назарыңызға «TalentSmart» компаниясының президенті Трэвис Брэдберридің EQ-ді дамытуға арналған кеңестерін ұсынамыз.

EQ дегеніміз не?

ІQ мен EQ адамның ақыл-ойы мен қабілеттерінің деңгейін анықтайды. Адамның тұлға ретінде қалыптасуына және жетістікке жетуіне бұл екі интеллект те әсер етеді. Мысалы, ІQ деңгейі жоғары ғалым жаңа теория ашты дейік. Алайда EQ деңгейі төмен болған соң өзінің эмоциясын басқара алмауы мүмкін.
EQ тұлға өмірінің барлық бөліктеріне енеді. Эмоциясынан бастап, қарым-қабілеттеріне дейін әсер етеді. EQ-ді дамытуға арналған кеңестер:

Ешкімге өзіңіздің эмоцияңызды шектеуге мүмкіндік бермеңіз

Өзіңізді өзгемен салыстыру арқылы әрекеттеріңізге қанағаттанбаған сәттен бастап өз бақытыңыздың иесі болмайсыз. Қандай жетістікке жетсеңіз де өзгенің пікіріне көңіл аудармаңыз.

Кешіріңіз, бірақ ұмытпаңыз

EQ деңгейі жоғары адамдар өзгелерді жылдам кешіреді. Алайда бұл барлығын ұмытып кетті деген сөз емес.

Олардың түсінігіндегі кешіру – болған оқиғаны артта қалдырып, ілгері жылжу.

Кешіру арқылы сіз ол адамға жаңа мүмкіндік бермейсіз. Болған оқиғадан сабақ алып, болашақта осындай жағдайдан өзіңізді сақтай алуыңыз қажет.

Оқи отырыңыз: «IQ, EQ, VQ: Миыңыздың интеллектісі қандай?»

Олар күрес кезінде жеңілмейді

Күрес немесе дау кезінде интеллектуалды адам оқиғаның бар маңызын сезінеді. Жанжал үлкен психологиялық шығын алып келуі мүмкін. Өз эмоцияңызды басқарған сәттен бастап, әр ісіңізді ойланып жасайсыз. Күрестің стратегиясын құрып, жеңімпаз болып шығасыз.

Өткенмен өмір сүрмеу

Бұрынғы сәтсіздіктер сіздің бойыңыздағы сенімділікті жоюы мүмкін. Алайда мұндай сәтсіздіктер әрбір адамның басында болатынын ұмытпаңыз.

Эмоционалды интеллект қателік пен сәтсіздікті өз пайдасына айналдырады. Егер өткенге байланып қалсаңыз ол сіздің бойыңызда сенімсіздікті тудырады.

Өткеніңізді өз болашағыңызға айналдырмаңыз.

Мәселеге тоқтап қалмаңыз

Егер бар назарыңызды мәселеге қойсаңыз, бұның әсерінен сіздің бойыңызда қорқыныш сезімі пайда болады. Ал бұл тиімді жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Сол үшін бар назарыңызды мәселеге емес, оны шешу жолына салыңыз. Осы жағдайда ғана жағдайды толық ұғынасыз.

«Иә» деп айтуды тоқтатыңыз

Сан-Францискодағы Калифорния Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу бойынша, адамға қаншалықты «жоқ» деу қиын болса, соншалықты өзіне ауыртпалық пен депрессияны алып келеді екен.

Керек кезінде бас тарта білу – маңызды қасиет. «Менің қолымнан келмейді», «Сенімді емеспін» секілді фразаларды қолдану өзіңізге пайдалы.

 

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!