Біліп жүр

ТЕСТ. Балаңыз спорттың қай түріне жақын?

Сұрақтарға жауап беріп, балаңыздың қабілетін анықтаңыз

Балаңыздың мінезін нақты сипаттайтын қасиетті белгілеңіз:

А. Барлығымен достық қарым-қатынаста, бірақ өзіне аса сенімді емес

Ә. Салмақты, шыдамды, ойлы

Б. Батыл, жайдары, білімқұмар

В. Белсенді, ерке, барлығының өзіне назар аударғанын қалайды

 

Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қандай?

А. Тек өзінің сыныптастарымен жақсы араласады

Ә. Замандастарымен тіл табысуы қиын

Б. Оның бір ғана жақын құрбысы/досы бар

В. Достары көп, көпшіліктің адамы

 

Екеуіңіз үстел теннисін ойнап жатырсыздар, балаңыз ұтылып қалды. Сол кезде…

А. Ол жұбатқаннан кейін ғана қайта ойнауға келіседі

Ә. Оның көңіл күйі түсіп кетеді, ренжиді, жалғастырудан бас тартады

Б. Ол еш қиындықсыз әрі қарай жалғастыра береді

В. Ашуланады, жылайды

 

Серуен кезінде балаңыз не істейді?

А. Өзге балалармен ортақ ойын ойнайды

Ә. Көпшіліксіз өзімен өзі ойнайды

Б. Ағашқа өрмелеп жүреді

В. Соңынан жүгіріп жүруге тура келеді

 

Егер оған тосыннан «Қағып ал!» деп айқайлап, доп лақтырса, оның әрекетін белгілеңіз.

А. Қағып алуы екіталай

Ә. «Бұл не үшін?» деп сұрайды

Б. Қалай болса да, қағып алады

В. Қағып алып, кері лақтырады

 

Балаңыз үй тапсырмасына қалай дайындалады?

А. Ұзақ жиналады, жай орындайды, жиі көмек сұрайды

Ә. Білмеймін, бұл оның өз жауапкершілігінде

Б. Ұқыпты, ертерек аяқтауға тырысады

Г. Тез, бірақ ұқыпсыз, алаңғасарланып жүреді

Нәтижесі

А жауабы көп болса

Сіздің балаңыз ойын кезінде алдыңғы шепте болса да, соңғы орындықта отырса да көңіл күйі көтеріңкі болады. Бойында сенімділік аз болса да, барлығымен тату жүреді. Футбол, баскетбол, хоккей сияқты өзін көрсететін топтық ойындарға баулыңыз.

Ә жауабы көп болса

Перзентіңіз салмақты болғандықтан қарсыласымен жекпе-жекке шыққанды жаны қалайды. Бар жауапкершілікті өзіне алады. Жалғыз жетістікке жететін спорт түрін таңдаңыз. Талантын ашуға шахмат, семсерлесу және карате, самбо, дзюдо көмектеседі.

Б жауабы көп болса

Ұлыңыз бен қызыңыздың мінезі қандай керемет?! Белсенді, барлық оқиғаның нағыз ортасында жүреді, кез келген жағдайға тез икемделеді. Техника мен қимыл-қозғалыс біріккен, ерекше, ақсүйектерге тән спорт түрін таңдасаңыз шатаспайсыз. Мәселен, акробатика, мәнерлеп сырғанау, сондай-ақ гольф пен кёрлингті қосыңыз.

В жауабы көп болса

Шамасы, сіздің отбасыңызда нағыз қуатты бала өсіп келе жатқан сияқты. Оны бір орында отырғыза алмайсыз, қалауы мен мінезі әрдайым өзгеріп отырады. Реакицясы жылдам, екпінін үнемі өзгертіп тұратын әрі ішкі түйсігіне жүгініп ойнайтын спортты таңдаған дұрыс. Мысалы, теннис, сквош. Балаңызды бойын еркін ұстауға үйретіңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!