Біліп жүр

Ежелгі Грекия: алғашқы банктер, банк ісі

Ежелгі Грекиядағы банктер

Ежелгі Грекия – батыс өркениетінің негізін қалаған алып мемлекет. Экономиканың негізгі қаруына айналған банк істерінің осы елден бастау алғанын көп адамдар біле бермейді. Тіпті қоғамның індетіне айналған несие алу сияқты қызметтер осы елде пайда болған. Balbal.kz мотивациялық сайты Ежелгі Грекиядағы банк ісі мен оның тарихын ұсынады.

Трапезит дегеніміз кім?

Ежелгі гректер ақшамен жұмыс істеуді Шығыс елдерінен үйренген. Бірақ бұл олардың қаржы тұрғысынан сауатсыз болды дегенді білдірмейді. Негізі ежелгі гректер мен афиндықтар алғаш рет банк деген терминді ойлап тапқан. Олар үшін банк экономиканың негізі болып саналды. Банк қызметкерлерін «трапезиттер» деп атаған. Ол «үстел» деген мағынаны білдіретін, яғни ақшамен жұмыс жасайтындар шоғырланатын орын. Алғашында трапезиттер тек ақша айырбастаумен айналысты. Себебі сол кезеңдері валютаның түрлері көп еді. Олар өз қызметтері үшін клиенттерден комиссия алып отырды: 5-6%, тіпті кейде 10-25%-ға дейін. Уақыт өте келе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен қаржыға байланысты басқа да жұмыстармен айналысты. Мәселен, ақша аудару, депозит ашу, несие беру.

Депозит Грекияда не үшін қолданылды?

Банк ісі дами бастады. Грек ораторы Демосфен бірнеше банкте 3 мың драхмаға дейін жинап, сақтаған. Алайда депозит ол үшін ақша көбейтудің жолы ретінде қолданылмады. Сенімді сақтау мен қазынаны салықтан жасыру үшін пайдаланды.

Бесінші ғасырдың соңынан бастап депозиттер мен несие беру экономиканың басты функциясына айналды. Депозиттер 10%-дан бастап, несиелер жоғары 10 және 33%-мен беріліп отырған.

Ақшалар қалай сақталды?

Қазба жұмыстары кезінде Делос ғибадатхансында  гректердің ақшаларды қалай сақтағаны белгілі болды. Ол шартты түрде «экономика шелегі» деп аталды. Қоймаға төрт қатар шелектерді тізіп орналастырған. Әр жол А әрпінен басталып Ω осы белгіден аяқталған.  Әрі қарай әріптердің екі еселенуі арқылы нөмірленіп отырды: АА, ААА және т.б. Жұмысты жеңілдету үшін сандарды қолдануға болар еді. Бірақ гректерде сандар алфавиттегі әріптермен белгіленді. Әр шелекте сақталатын қаржы мөлшері, клиент есімі және салынған уақыты көрсетілген. А қатарындағы депозиттердің жалпы сомасы 76278 драхманы құрады. Ал резерв мөлшері 100 мың драхмамен анықталатын. Бұл қаржыны қоймаларда сақтау үшін әртүрлі материалдардан жасалған контейнерлер қолданды.

Несие қалай берілді?

Несие бойынша стандартты мөлшерлеме б.з.д 4-ғасырда 18%-ды құраған. Кепілдікке жер мен мал-мүлік қойылып отырды. Жауапкершілікті сезінуі үшін, қарыз уақытылы өтелу үшін екі адамға бір несие берілген. «Теңіз несиесі» ерекше танымалдылыққа ие болды. Себебі аз ақшаны ұзақ уақытқа қарызға береді. Келісім 22,5-30%-ға жасалатын.Теңіз арқылы жылына екі рет саяхатқа аттанып, сауда жасалатын. Табыс 100%-ды құрайтын. Сондықтан су үстінде сауда жасайтындарға несиенің осы түрі ойлап табылды.

Ақша салатын ғибадатханалар «амфиктиондармен» қорғалатын. Олар ғибадатхана жанындағы жерлерді иеленушілер болатын.

Грекиядағы экономиканың қыр-сырын меңгергендер кімдер?

Грекиядағы ең алғашқы «Экономика» еңбегін жазған тарихшы — Ксенофонт. Оның бұл туындысы ғасырлардан ғасырларға жетіп, қаржыгерлер арасында практикада қолданылып келеді. Ал Аристотель (б.з.д. 384–322 ж.ж.) ежелгі сауда мен ақша капиталын белгілеу үшін «хрематистика» анықтамасын ұсынды. Бұл анықтамада несиеге байланысты тереңінен ақпарат беріп, несиені алу мен одан құтылу жолдарын ұсынды, тіпті кеңестер берді. Бірақ гректер оның сөзіне де, ақылына да құлақ аспады.

Грекияның атақты банкирлері кімдер?

Ежелгі Грекияның ең атақты банкирі — Пасион. Тирихи деректерге сүйенсек, оның жеке капиталында 40-60 талант мөлшерінде қаржы жинақталған. Ал Гермиос банкир Эбвулдың жеке хатшысы болып қызмет атқарған. Кейін Афинада білім алып, Эбвул өлген соң, оның ізін жалғастырады. Гермиос Платон және Аристотельмен жақсы қарым-қатынаста болған деседі. Бірақ оның ажалы саясаттан болды. Себебі Гермиос Македония билеушісі Филиптің Персияға жасаған жорығына қолдау көрсеткен.

Грекиядағы дағдарыс қайдан пайда болды?

Ежелгі Грекия да дағдарысты бастан өткерді. Б.з.д 377-371 жылдары бір уақытта бірнеше банктер жабылды. Трапездердің бірі сот процесі кезінде жеңіліс тапқан. Осы жағдадан кейін Аристолох, Созин, Тимодем сияқты атақты банкирлер өз мүліктерін салымшыларға беруге мәжбүр болды.  Гераклид бұл қиындықтан құтылу үшін өзге мемлекетке қашып кеткен. Бірақ мал-мүлкі тәркіленді. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін Милет жаңа қаулы шығарды. Салымшылар қарыз төлеуді, ал банкирлер қарыз беруді тоқтатады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!