Фасилитатор – қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтатын, жақсартатын маман. Біреуге үлкен болсын, кіші, қызықты тапсырма берсеңіз, оның лайықты орындалып шығуына үміттенесіз. Суретшіден әдемі портрет күтесіз, тазалаушы компаниядан тазалықты талап етесіз, интерьер дизайнерінен Икеяның каталогіндегідей бөлме ойластырып беруін қалайсыз. Ал кәсіби фасилитаторға қандай үміт арта аласыз?
Фасилиатор міндеті
Фасилитатор – салыстырмалы түрде жаңа мамандық. 1989 жылдан бері жетекші халықаралық фасилитатор қауымдастығы жұмыс істеп келе жатыр. Жас мамандық болғанына қарамастан, бойына оннан астам дағдыларды сіңіріп үлгерді. Солардың ішіндегі ең негізгілері:
Тұтынушыны дұрыс түсіне білу
Кейде тапсырыс беруші қандай мәселені шешкелі жатқандығын тұжырымдап айта алмай жатады. Осындай жағдайда болашақ қатысушылармен диагностикалық сұхбат жүргізген дұрыс. Бұл сұхбатта мына (төмендегі) мәселелер талданады:
- Адамдардың іс-шараға келудегі мотивациясы мәжбүрлі түрде ме әлде өз қалауы ма?
- Қызметкердің компанияның мақсатын, сонымен қатар оның ғаламдық миссиясын түсінуі;
- Қатысушылардың пікірінше компанияның негізгі проблемалары;
- Команда ішіндегі психологиялық ахуал;
- Корпоративті мәдениеттің жалпы деңгейі.
Мұндай диагностика фасилитатор үшін компанияға терең еніп кетуге және болашақта іс-шараның тиімді жоспарын құруға көмектеседі.
Толық іс-шараны әзірлеу
Әрі қарай фасилитатор сценаристің шеберлігіне ие болуы керек. Қанша компания болса, сонша іс-шараларға арналған сценарийлер болады. Бір тренинг фирманың бірнеше бөлімдерінде әр түрлі сценарий бойынша өтуі мүмкін.
Фасилитатор жақсй ойластырылған сценарийден де қате кетуі мүмкін екендігін ұмытпауы керек.
Еш нәрсеге қарамай сессияны өткізу
Енді ең бастысы – бірнеше тапсырмаларды шеше отырып, ойластырылған сценарийді жүзеге асыру:
- Талқылау үдерісіне қатысқандардың барлығын мүмкіндігінше қатыстыру;
- Проблемаларды талқылауды икемді басқару;
- Қатысушылардың сұрақтарына сауатты жауап беру;
- Фасилитация қатысушыларына ынталандыратын сұрақтар қою;
- Жаттығу алдында қатысушыларға нақты және анық нұсқау беру;
- Жаттығулардан кейін пікірталас жүргізу;
- Шешім қабылдау процесіне ынталандыру.
Алайда фасилитатордың сценарийлік жоспары театрдағыдан өзінің ұтқырлығымен ерекшеленеді. Егер ол топтың тығырыққа тірелгенін көрсе, онда тез әрекет ете алады және оның бағытын өзгертеді.
Көрерменнің көңіл күйін басқара алу
Аудиторияны энергиямен қуаттай білу де фасилиатор кәсібіндегі шешуші факторлардың бірі болып табылады. Бір жағдайда сіз әзілдей білуіңіз керек болса, екіншісінде мотивациялық спикер болуыңыз қажет. Шебер қатысушыларды демалдырып, өз идеялары туралы еркін және ашық сөйлесуге мүмкіндік бере алуы керек.
Шығармашылық және еркін ортаны құру – іс-шараның сәтті өтуінің негізгі шарты.
Дау-дамайды өршітпеу
Тіпті егжей-тегжейлі сұхбаттасу кезінде де фасилитатор қызметкерлер арасындағы ішкі қатынастарды нақты түсінуі екіталай. Мүмкін, бір қатысушының ең зиянсыз ескертуі екіншісін ренжітуі мүмкін. Жанжал, ұрыс сатысында қалдыруы да немесе ұжымның көңіл күйі мен жұмысқа деген ынтасын төмендететін масштабқа дейін ұлғаюы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін фасилиатор ұжым агрессияға ұшырамай тұрып-ақ дауды шеше білуі керек. Бұл жерде оған тыңдай білу, сендіре алу, қарсылықтармен жұмыс істеу, сын және дағдарысты шешу тәжірибесі дағдылары көмектеседі.
Нәтижелерімен есеп жазу
Көптеген іскер кеңесшілердің, тренер-коучтердің іс-шара аяқталғаннан кейінгі ілеспе есептері болмайды. Сессия кезіндегі ынта мен ниет қалағанындай нәтижелі болып, алайда қатысушылар демалысқа кете салысымен, сол сәтте естерінен шығып кетуі мүмкін. Нәтижелер туралы есеп жазу кәсіби фасилитатордың тікелей міндеті болып табылады. Есеп формасы клиенттермен талқыланады. Бұл тексеру сессиясы, жеке және топтық коучинг арқылы, сарапшылардың кеңестері мен тренингтер арқылы өтуі мүмкін.
Сонымен қатар жақсы жазылған, нәтижелі есеп беру фасилитаторға компаниямен жұмысты жалғастыруға себеп болады.
Дайындаған: Медина Дүкенбаева