Финляндия – Солтүстік Еуропада орналасқан 5,5 миллион халқы бар аумағы кішкентай мемлекет. БҰҰ-ның 2018 жылғы бақыт индексі бойынша «Ең бақытты мемлекет», 2010 жылдан бастап «Әлемдегі ең үздік мемлекет» атауын иеленген. «Fund for Peace» америкалық қоры рейтінгісі бойынша «Әлемдегі ең тұрақты ел» атанса, толеранттылық рейтингісі бойынша алғашқы үштіктің қатарына енеді. Ендеше әлем көзімен мінсіз көрінетін Финлядия мемлекеті туралы көпшілік біле бермейтін қызықты ақпараттармен Balbal.kz мотивациялық сайты бөлісетін болады.
Орманды алқап
Финляндияның шамамен 70% -ын орман құрайды. Орманда финдер үнемі серуендеп, велосипедпен жүреді.
Мың көл елі
Финляндияны «Мың көлі елі» деп те атайды. Олар шамамен 1000 жыл бұрын аяқталған соңғы мұздықтардың нәтижесінде пайда болды. Онда су өте таза, сондықтан ешқандай тазартусыз яки фильтрсыз кранның астынан іше беруге рұқсат. Финляндияда ауыз су тегін, кез-келген мейрамханаларға барсаңыз, сізден сұрамай-ақ, алдыңызға бір стақан су қойып қояды.
Экология жанашырлары
Финляндия қоғамға қол жетімді ресурстарды аз мөлшерде пайдалануға рұқсат беретін айналмалы экономиканы ұстанады. Қалдықтардың 99%-ы қайта өңделеді немесе кейіннен энергия шығаратын пештерге жіберіледі. 10 пластикалық бөтелкенің 9-ы қайта өңдеуге жіберіліп отырады.
Феминизм қалыптасты
Көпшілік біле бермейді, бірақ 1906 жылы Финляндия Ресей империясының құрамына кіреді. Ресейде саяси тұрақсыз уақыт орын алғандықтан, елдегі толқулар одан әрі өршіп кетпесін деп император Николай II 1907 жылы Финляндияда алғашқы парламенттік сайлау ұйымдастыруға келісті. Сонда жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы туралы заң қабылданып, алғашқы парламенттік сайлау өтті. Сайлауда ең алғаш әйел адамдар да дауыс беріп, өз кандидатурасын ұсына алды. Нәтижесінде 19 әйел депутат атанады.
Жәрдемақы
Финляндияда балаға 17 жасқа дейін айына шамамен 100 еуро мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Қосымша төлем отбасында туылған әрбір бала үшін аздап көтеріліп отырады. Бұл ақшаны жұмсауға болады, бірақ көпшілігі баласы есейгенде лайықты соманы беруді қолдайды. Сонымен қата бала туылған кезде ата-анаға мемлекет тарапынан балаларға арналған контейнерлер беріледі. Контейнерде 64 түрлі зат болады. Оның ішінде киім, жөргектер, ойыншықтар, т.б., сондай-ақ жаңа туған нәрестені күту туралы барлық ақпарат беріледі.
Декретке шығатын әкелер
Финляндияда аналарға қарағанда әкелер балаға көп көңіл бөледі. Ер адам баласын бағу үшін 9 апталық демалысқа шығып, жалақысының 70%-ын алуға құқылы болады.
Тегін білім
Финляндияда оқу үшін халықаралық емтихандармен расталған ағылшын немесе фин тілдерін білу қажет. Мемлекеттік мекемелерде, мектептерде және жоғары оқу орындарында білім алу Финляндия азаматтарымен қоса, Еуро Одақ азаматтары үшін де тегін. Бұндағы білім беру жүйесі әлемдегі сапалы білімдердің қатарына жатады.
Полицейлерге деген құрмет
Фин полициясының ерекшелігі – бұл ұйымдасқан біртұтас құрылым. Бұл басқарушы топтардың полицияға ықпал ету әрекеттеріне қарсы тұру үшін жасалды. Байқағандай, бұл фин үкіметінің ең жақсы шешімдерінің бірі болды, өйткені қылмыс деңгейі төмендеп, финдердің полиция қызметкерлеріне деген сенімі 90%-ды құрады.
Интернет қолдану құқығы
2010 жылдан бастап кез-келген азаматтың интернет желісін тегін қолдануға құқылы болды. Яғни өмір сүру, білім алу сияқты мемлекет әр азаматын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге міндет алды. Бұндай заң тек Финляндияда ғана бар.
Ерекше спорт жарыстары
Финдер үшін спорт – өмірдің ажырамас бөлігі. Әлемге әйгілі спорт түрлерінен басқа бұл елде әйелдерді тасу, ұялы телефон лақтыру, маса аулау, қиялдағы гитара ойнау және етік лақтыру сияқты жарыстар ойнатылады.
Аяз ата ауылы
Лапландиядағы Йоулупукки деп аталатын кішкентай ауылда Санта Клаус тұрады деген аңыз шындыққа айналған. Финдік Санта тіпті нақты төлқұжатқа ие. «Туған күні» абзацында «Баяғы өткен заманда», «отбасы жағдайы» тармағында — «үйленген» деп жазылған. Йулупуккидің әйелі — Мори (Аяз әже).
Кофені ішу бойынша екінші орында
Халықаралық кофе қауымдастығының мәліметтері бойынша әр фин жыл сайын 12 келі кофе ішеді. Жұмыстағы немесе мектептегі кофе-брейк (кахвитауко) фин үшін қасиетті нәрсе, оған арнайы уақыт бөлу керек.
Ең дәмді пицца
Финляндияға сапарында Италияның премьер-министрі Сильвио Барлусконни фин асханасын сынға алған. Ол қапталған бұғы етінің дәмсіз екенін айтқан. Үш жылдан соң әлемдік пицца пісіру жарысында финдер пиццаның Отаны – Италияны артқа тастады. Бұғы етінен жасалған финдердің «Берлускони пиццасы» ең дәмді пицца атанады.
«Қап, бәлем!»
1980 жылдары Финляндия «Қап, бәлем!» (Ну,погоди!) кеңестік мультфильмнің теледидар экранында көрсетуге тыйым салды. Себебі қоянның қасқырға жасаған қатыгездіктері балалардың психикасына әсер етеді деп санады.
Дайындаған: Скендирова Қырмызы