Біліп жүр

Франклин пирамидасы – құндылық, мақсат, жоспар

Франклин өмір бойы осы жоспармен өмір сүрген

Франклин Бенджамин ерекше жұмыс және мақсат қою қабілеттерімен ерекшеленген. Ол америкалық саясаткер, журналист, баспагер және жазушы. АҚШ президенті қызметін атқарған. Ол жиырма жасында барлық өмірін қамтитын жоспар жасаған. Өмірінің соңына дейін осы жоспар негізінде әрекет еткен. Кейінірек бұл жоспар «Франклин пирамидасы» деп аталып кеткен. Бұл пирамиданың негізі бірнеше бөліктен тұрады.

Өмірлік құндылықтар

Бұл – пирамиданың түп негізі. Құндылықтарды анықтау өмірдің негізі бағыттарын белгілейді. Өміріңізді қалай көресіз? Өмірден не алғыңыз келеді? Өзіңізден кейін қандай із қалдырғыңыз келеді? Осы сұрақтардың жауабын ала аласыз.

Мақсат

Құндылықтарды анықтаған соң мақсат-мұраттар белгілі болады. Бірі кәсіпкер, енді бірі жазушы болғысы келуі мүмкін. Мақсаты белгілегенде қабілеттеріңізге назар аударыңыз. Бұл еңбегіңізді екі есе жемісті етеді.

Мақсатқа жету жоспары

Мақсат белгілі. Ендігі алдағы кезең – жоспар дайындау. Мақсатқа жету жолында жоспардың болуы әрекетіңізді жүйелейді. Жоспарыңыз бір, үш, бес немесе ондаған жылдарды қамтуы мүмкін. Жүзеге асыру уақыты нақты болуы маңызды. Жоспар арқылы өміріңіздің негізгі кезеңдерін белгілейсіз.

Ұзақ уақыттық жоспар

Жоспарды дайындау көп уақытты қажет етпейді. Бірақ оның ұзақтығы сіз үшін маңызды. Жоспар сіздің өміріңіздің ұзақ мерзімін қамтығаны жөн. Сонымен қатар жетістік пен уақытты нақтылаңыз.

Қысқа уақыттық жоспар

Қысқа уақыттық жоспар бірнеше апта немесе айды қамтуы мүмкін. Алайда оның маңыздылығы ұзақ уақыттық жоспарға қарағанда жоғары болуы ықтимал.

Күндік жоспар

Күнделікті жоспар күніңіздің сәтті әрі жемісті болуының кепілі. Бұл жоспар арқылы күніңізді толығымен қамтып, маңызды істерді аяқтай аласыз.

Қысқа түсіндірме

  1. Пирамида негізі – құндылықтар. Жоғарыда аталған сұрақтардың жауабын табу өмірдегі орныңызды анықтауға көмектеседі. Әлемдегі адамдардың 1 пайызы ғана осы сұрақтарға шынайы жауап береді екен. Басқалай айтқанда, бұл сіздің қимылыңыздың траекториясы, әрекет векторы.
  2. Құндылықтарға сүйене отырып, адам өз мақсатын айқындайды. Мақсат құндылықтың айналасында болады. Одан асып кете алмайды. Мақсаттың ауқымдылығы тек өзіңізге байланысты.
  3. Жоспар – мақсатты бекітуші құрал. Жоспар арқылы мақсатыңызды өміріңіздің әр кезеңімен байланыстырып, бекітесіз. Бұл өмірлік жолыңызды қалыптастырады.
  4. Бірнеше жылды қамтитын жоспар ұзақ уақыттық жоспар деп аталады. Осы кезеңде мақсаттың орындалу уақытын нақтылайсыз.
  5. Қысқа мерзімді жоспар бірнеше апта мен айды қамтиды. Неғұрлым дұрыс жоспарланған жоспардың тиімділігі жоғары. Оны уақыт өткен сайын сараптап, өзгертіп отырған дұрыс.
  6. Соңғы кезең – күнделікті жоспар. Бұл жоспарды жасаудың әдістері мен түрлері өте көп.

Мамандардың айтуы бойынша мұндай жоспарды жасау қиынға соқпайды. Қиыны – осы жоспар бойынша өмір сүру. Б.Франклин дәл осы әдіске сүйену арқылы жетістікке жеткенін ұмытпағаныңыз жөн.

Дайындаған: Назархан Уән 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!