Инстаграм жай ғана фотосурет алаңы емес. Талантты фотографтарға жол ашатын көмекші құрал. Balbal.kz сайты инстаграм арқылы танымал болған әлемдік фотографтардың тізімін ұсынады.
@muradosmann
Жас, талантты фотограф Османн Мурад. Инстаграмдағы фотоларының арқасында танымал болды. «Следуй за мной» фотосуретінің тұтас коллекциясын түсіріп шықты. Суреттердегі модель – Османның сүйіктісі.
@alijardine
Инстаграмда фотограф көп. Бірақ фотосуретімен қызықтыра алатындары аз. Али Жардин сол сиқырды біліп қана қоймай, әлемді ертегіге айналдыратын фотограф. Али фотоларды тек айфонмен түсіреді. Соңғы бес жылда Нью-Йорктегі және Сан-Францискодағы көрмелерде өнер көрсетіп, «Mobile Photography Awards» жүлдесіне ие болды.
@misvincent
Фотограф Мелиса Винсенттің жұмысын «National Geographic» және «Time Magazine» әлемдік баспаханалары жоғары бағалайды. Фотосуреттерді өңдеу үшін редакторларды қолданбайды. Мелисаның ерекшелігі – түстерді үйлестіре алуы. Соның арқасында фотосуреттеріне ертегі атмосферасын қалыптастырады.
@brahmino
Саймон Браманте – итальяндық фотограф. Оның айырмашылығы барлық фотосуреттерін аспанмен байланыстырады. Қай жерде және қалай екендігі маңызды емес, оның фотосуреттерінде аспан маңызды рөл атқарады.
@benschuyler
Австралиялық фотограф – Бен Шайлер. Тек фотограф емес, сонымен қатар музыкант. Бен барлық құбылысты суретке түсіреді: табиғат, тамақ, сәулет орындарын және т.б
@sezyilmaz
Сегин Уилмаз – түрік фотографы. Инстаграмынан Париж, Нью-Йорк, Лондон мен Чикаго қалаларын кездестіре аласыз. Фото арқылы мегаполистің атмосферасын жеткізеді.
Дайындаған: Гауһар Бердібек