Біліп жүр

Көз туралы қызықты деректер

Көз туралы не білесіз?

Көз оптикалық құрылысы тұрғысынан фотоаппаратқа ұқсас. Біздің көздің құрылысы күрделірек болып келеді. Пішіні 22-25 мм. Көз бірнеше бөліктерден тұрады. 

Көз туралы қызық деректер

Адам көзінің құрылысы акуланың көзіне ұқсас. Осы себептен адамға имплант ретінде акула көзі салынып жатады.

Адам мен ит көзбен көмек сұрайды. Ал ит бұл қасиетін адамға ғана қолданады.

Көзді ашып түшкіру мүмкін емес. Қарақшылар алтын сырға таққан. Себебі құлақты тесу көру қабілетін жақсартады деп сенген. Біздің қарашығымыз жақсы көретін затқа қараған кезде 5 пайызға ұлғаяды.

Вьетнамда тұтқында болған америкалық әскери эфир кезінде Морзе әліпбиін қолданып, көзімен «қинау» сөзін білдірген. Осылайша америкалықтар өзге әскери тұтқындардың жағдайы жайлы хабар ала алған.

Түс пен жарық

Балалар дүние есігін ашқанда түс ажырата алмайды.

Көзіңіз көк болса, жердегі көк көзді ұлттармен ата-бабаңыз бір. Себебі осыдан 10 000 жыл бұрын барлық адамның көзі қоңыр түс болған. Қара теңіз жағасын жайлаған халықта алғаш көк көзді тудырған мутация жүрген.

Көзіміз сұр түстің 500-ге жуық реңін ажырата алады.

Әлемдегі әрбір 12-ші еркек дальтоник болып келеді. Қоңыр көздер негізінен көк түсті. Оларда қоңыр түстің пигменттері басым. Көзімізге ауыр түстер «тыйым салынған» түстер деп аталады. Мысалы, қызғылт-жасыл, сарғылт-көк т.б.

Кейбір адамның көзі екі түрлі болып туылады. Бұл гетерохромия деп аталады. Әлемдегі ең кең таралған көз түсі – қоңыр. Біз тек қызыл, жасыл, көк түстерді көреміз. Қалған түстер олардың қосындысы.

Денеңіз демалғанымен, көзіңіз тәулік бойына қозғалыста болады. Көздің салмағы 7 граммды құрайды. Денеңіздегі бұлшық еттердің ішінде көздің қозғалысына жауап беретін бұлшық еттер ең көп қозғалысқа түседі.

Көзіңіздің мөлшері туған сәттен бастап еш өзгеріске ұшырамайды. Жас судан тұрады деп есептейміз. Көп бөлігін су құрағанымен, негізгі бөлік органикалық емес заттардан тұрады.

Көзіңіздің тек 1/6 бөлігі ғана көрінеді. Өмір бойына біз орта есеппен 24 000 000 түрлі көріністі көреміз. Көз 2 000 000-ға жуық заттардан тұрады.

Көздің жұмылуы

«Көзіңді жұмып үлгермейсің» деп айтудың себебі қас ең жылдам бұлшық еттерге ие. Көзді жұмып ашу 100-150 миллисекундты құрайды. 1 секунд ішінде 5 рет көзіңізді ашып-жұма аласыз. Адамдар компьютерден қағазға қарағанда 25 пайызға баяу оқиды.

Көзіңіздің зақымы тез жазылады. Көз минутына 17 рет, тәулігіне 14 280, жылына 5,2 миллион рет ашып-жұмылады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!